Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
-3
02:17, 18 апреля 2016

ЗИНАҚОРЛЫҚТЫҢ ЗАРДАБЫ

Күнә дін бойынша үлкен және кіші болып бөлінеді. Аят пен хадис арқылы қатаң түрде тыйым салынған амалдардың үкімі «үлкен күнәлар» (кәбаир) деп аталады. Тыйым салынған үлкен күнәнің бірі - зина. Яғни зина дегеніміз некесі болмаған бөгде әйел затымен ойнас жасау. Сондықтан ислам діні зинаны харам етіп, үйленуді бұйырған. Ардақты Пайғамбарымыз ﴾с.а.у.﴿ бір хадисінде: «Неке қидырып үйленіңдер, перзентті болып көбейіңдер. Әрине, мен сендердің көптіктеріңді қиямет күні басқа үмбеттің алдында мақтаныш етемін», - деуімен үйленудің Пайғамбар сүннеті екендігін аңғартады. Өкінішке орай қазіргі қоғамда осы бір арсыз істің етек алып бара жатқаны белгілі. Сондықтан бүгінгі уағыз зинақорлықтың зардаптары жайында болмақ.

Қасиетті Құранда айтылғандай Пайғамбарымыздың ﴾с.а.у.﴿ хадистері және барлық ислам ғұламалары зина жасауды бірауыздан ең ауыр күнәға жатқызады. Ол ислам дінінде ғана емес, сондай-ақ өзге діндерде де тыйым салынған арсыз істер қатарына жатады. Мейрімі шексіз Жаратушы Алла өзінің сүйікті құлдарын зина жасаудан сақтануды ескертіп, былай деп бұйырады:

 

«Зинаға жақындамаңдар. Ол масқаралық, бұзықтық». Аяттың мағынасына мән берсек, бұл жерде Алла Тағала «зина жасамаңдар» деп тұрған жоқ, «зинаға жақындамаңдар» деу арқылы арсыз үлкен күнәні жасау былай тұрсын оған жақындамауды, тіпті оған апаратын кез келген әрекеттен бойды аулақ ұстауды бұйырып тұр. Ал мына бір аятта: «Әшкере болсын, жасырын болсын жаман қылыққа жуымаңдар»[2],  деп зинаға жетелейтін әрекеттің өзінен алыс тұруымызды бұйырса, зинаның алғашқы қадамы болған, өзге әйелге назар салуға болмайтынын басқа бір аятпен ескертуде:

 

«Ей, Мұхаммед! Мүміндерге айт, бөгде әйелдерге сұқтанып қарамасын, көз сүзбесін, ұятты жерлерін ашпасын. Олардың осылай еткені жақсы. Шынында Алла олардың бар қылықтарын байқап тұрады. Мүмін әйелдерге айт, жат еркекке көз сүзбесін, ұятты жерлерін жапсын...».

Зина жасау адамды үлкен күнәға батыратындықтан арсыз істен аулақ тұрудың өзі сауап және ақыретте тозақ отынан құтылуға себеп болмақ.

Хазіреті Пайғамбарымыз ﴾r﴿ Меккеде өзіне байғат (серт) етуге келген мадиналық иман еткен мұсылмандармен 622 жылы «Екінші Ақаба келісімі» деп аталған кеште олардан былай деп байғат алады: «Аллаға серік қоспау, ұрлық істемеу, зина жасамау, балаларды өлтірмеу, өтірік айтпау, жала жаппау, дұрыс істе бас көтермеу жөнінде маған байғат етіңдер».

Алғашқы мұсылмандар осылайша зина етпейтіндігі жайында ардақты Пайғамбарымызға ﴾с.а.у.﴿ байғат еткен. Әрине бұлай уәде беруді Алла әйелдерге де бұйырған. Бұл жайында Құранда былай дейді: «Ей, Пайғамбар! Мүмін әйелдер саған келіп, Аллаға ешнәрсені теңемеуге, ұрлық істемеуге, зина жасамауға, балаларын өлтірмеуге, басқа біреудің баласын өз байына телімеуге, сен бұйырған жақсы істерден бас тартпауға серт берсе, сен де оларға серт бер ...».

Зина жасау мүміннің рухани жан дүниесін құрдымға жетелейтін арсыз іс. Адам зина жасаған сәтінде мүмін ретінде зина етпейді және шынайы мұсылман мұндай әрекетке бармайтыны жайында хадисте былай дейді: «Зина жасаған кісі зина жасаған кезде мүмін ретінде зина етпейді».

«Зина жасаған мүмін (шынайы) мүмін болған халде зина етпейді. Ұрлық жасаған да (шынайы) мүмін ретінде ұрлық жасамайды. Ішімдік ішкен де (шынайы) мүмін ретінде ішпейді».

«Бір құл зина еткен кезде иманы одан шығып, бұлт секілді басының үстінде тұрады. Зина жасап болған соң, иманы қайта өзіне қайтады».

 

Зинаның ақыреттік азабы

Шариғатта зина жасаған кісі Құран тілімен айтқанда «зинақор» деп аталады. Енді зина етушінің ақыреттік жағдайы да жақсы болмайтынын ұмытпауымыз керек. Алланың харам еткен амалын жасаған пенде оның жазасын алары сөзсіз. Сондықтан ислам бізге некелесіп, Алланың құзырында адал некемен отбасы құруымызды бұйыруда.

Ардақты Пайғамбарымыз ﴾с.а.у.﴿ зинаның бұ дүниелік және о дүниелік зардабы жайында былай деп ескерткен: «Ей, адамдар! Зинадан сақтаныңдар. Өйткені зинаның алты үлкен зияны бар. Оның үшеуі осы өмірде, үшеуі ақыретте. Осы дүниедегі көретіні: жүздің ажары мен нұрын кетіреді, кедейлікке ұшыратады, өмірін қысқартады. Ақыретте көретіні: Алланың ашуына себеп болады, сұрағы қатты болады, тозақ азабына тартылады».

Сол секілді зинақордың ақыреттегі азабы тозақ оты екендігі мына бір хадисте де айтылады: «Зина етушінің жүзі тозақта жанатын болады».

 

Зинадан сақтанудың жолы

Дініміз зинақорлық індеттің алдын алу үшін мұсылман баласына үйленуді бұйырады. Яғни ақ некемен отбасын құруға әмір етеді. Адал жолмен отбасы құрып, перзент сүйіп, шаңырақ көтеру арқылы мұсылман адам ар-намысын сақтай алады. Әрине жасы келген азамат әлеуметтік жағдайға байланысты уақтысында отбасы құра алмаса, арын таза ұстап жүруі тиіс. Сол секілді күнәға ұрынбауы үшін ораза ұстап, нәпсісін тежеп жүруі бұйырылған. Бұған қатысты Құранда:

 

«Үйлене алмағандар Алла Өз кеңшілігімен байытқанға дейін, (күнәлі істерден) өздерін таза ұстасын...», десе Пайғамбарымыз ﴾с.а.у.﴿: «Уа, жастар! Араларыңыздан үйленуге жағдайлары барларыңыз үйленсін. Үйлену - көзді харамнан, бойды күнәдан сақтайды. Үйленуге жағдайы келмегендер ораза ұстасын. Себебі, ораза ол үшін қалқан»[18],- деп өсиет еткен.

Пайғамбарымыз ﴾с.а.у.﴿ арсыз іске бармауды өсиет ете отырып, зинаға жетелейтін әрекеттерді тыя білген мұсылманға жұмақты сүйіншілеген. Тіпті Оның ﴾с.а.у.﴿ айтқан сөздеріне сәйкес өзін ұстай білген мұсылманның жұмаққа кіретініне кепілдік беруде. Олай болса, ардақты Пайғамбарымыздың ﴾с.а.у.﴿ кепілдік берген өсиетіне аса мән беріп, жұмаққа жетелейтін амалды орындауға талпынайық. Ол жайында мына хадисте былай дейді:

 

«Маған мына екі нәрседе: екі жақ арасындағы тіліне және екі аяқтың арасына (әуретіне) жамандық жасамауға кепілдік берсеңдер, мен сендерге жәннатқа баратындарыңа кепілдік етемін»[19].

Күйеуін сыйлап, арын сақтап, бес уақыт намазын оқып жүрген әйелдер үшін де Пайғамбарымыз ﴾с.а.у.﴿ былай деп сүйіншілейді: «Әйел бес уақыт намазын оқып, рамазан оразасын ұстап, арын сақтап, күйеуіне құрмет көрсетсе, қай есіктен қаласа жәннатқа кіретін болады»[20].

Мұсылманның арманы - жұмақ. Олай болса, жұмаққа баратын жол оңай болмасы анық. Алладан қорқып, арын сақтаған жандар ақыретте аршының көлеңкесінде болатын 7 сынып адамның бірі болатынын ұмытпайық. Сол 7 сынып адам жайында Пайғамбарымыз ﴾с.а.у.﴿ былай дейді: «Жеті сынып адам бар. Алла оларды аршының көлеңкесінен басқа көлеңке болмаған күнде соның көлеңкесіне қояды. Олар: 1. әділ патша; 2. Аллаға ғибадат етумен өскен жас адам; 3. жүрегі мешітке байланған адам; 4. Алла үшін бір- бірін жақсы көрген, бір жерге жиналған, бір-бірінен айрылған екі адам; 5. Мансабы жоғары әйел өзін шақырғанда «Мен Алладан қорқамын» деген адам; 6. Сол қолының бергенін оң қолы білмейтіндей жасырын садақа берген адам; 7. Жалғыз қалғанда Алланы зікір етіп көзіне жас алған адам»[21].

Иә, хадисте айтылғандай «Мансабы жоғары әйел өзін шақырғанда «Мен Алладан қорқамын» деген адамның» бірі ретінде Құрандағы Жүсіп ﴾а.с.﴿ пайғамбарды мысалға келтіруге болады. Жүсіп ﴾а.с.﴿ пайғамбар мен Зылиқаның арасындағы оқиға бізге ғибрат болуы тиіс.

Исламның алғашқы жылдарында иманға келгенімен, кейбір мұсылмандар әлі де болса, қараңғылық дәуірінде бойына сіңіп қалған жаман әдеттерден арыла алмай жүрген. Сондай жаман әдеттің бірі зина еді. Зина жасауға қатысты бір жігіттің басынан өткен мына бір оқиға әрдайым айтылса да, өміршеңдігін жоғалтпайтын ғибраты мол оқиға деп білеміз.

Бірде Жуләйбиб есімді жас жігіт Алла Елшісіне ﴾с.а.у.﴿ келіп:

- Ей, Алланың Елшісі! Маған зина жасау үшін рұқсат берсеңіз, енді шыдай алар емеспін, - дейді. Пайғамбарымыздың ﴾с.а.у.﴿ жанында отырғандар жігіттің жиіркенішті өтінішін естіген сәтте оған бірден өре түрегеліп, кейбіреулері аузын жаптыру үшін дүрсе қоя берді. Сонда Пайғамбарымыз ﴾с.а.у.﴿ олардың қарсылығына рұқсат бермей, әлгі жігітті тыңдап, содан кейін оны тізесінің жанына отырғызып, былай деп сұрады:

- Осындай нәрсенің сенің анаңа жасалғанын қалар ма едің? Жігіт:

- Жоқ, ей, Алланың Елшісі! Әрине қаламаймын! – деді. Пайғамбарымыз (с.а.у.):

- Ешқандай адам анасына мұндай жиіркенішті қылықты қаламайды. Егер сенің  қызың болса, оған осындай әрекет жасағанын қалар ма едің? – дейді. Жігіт:

- Жаным Саған құрбан болсын, ей, Алланың Елшісі! Еш қаламас едім! – деді. Пайғамбарымыз ﴾с.а.у.﴿:

- Ешбір адам қызына мұндай нәрсені қаламас еді. Әпкеңе осындай нәрсе жасалғанын қалар ма едің? – деп сұрайды. Жігіт:

- Жоқ, ей, Алланың Елшісі! – деді. Пайғамбарымыз ﴾с.а.у.﴿:

- Біреудің сенің қарындасыңмен зина жасағанын қалайсың ба? – деп сұрады. Сонда жігіт:

- Жо-жоқ қаламаймын, - деп жауап қатты. Пайғамбарымыз ﴾с.а.у.﴿:

- Ешкім де әпкесімен, қарындасымен зина жасағанын қаламайды, - деді.

Пайғамбарымыз ﴾с.а.у.﴿ қолын әлгі жігіттің жүрек тұсына қойып: «Аллаһым, мұның күнәсін кешір, жүрегін жамандықтардан тазарт, намысын қорға!» - деп дұға етеді. Міне, осылайша, жігітке ашуланбай, оның өрекпіген көңілін басып, зинақорлықтың жиіркенішті екенін осындай мысалдармен түсіндіріп, әкелік мейірім танытып, жанын жегі құрттай жеген әлгі күнәдан құтылуы үшін дұға етеді. Осы оқиғадан кейін ол жігіт иманын қорғап өтеді.

 

Дегенмен ол жігіт мұсылмандар арасында осындай жаман қылығымен танылғандықтан алғашқыда ешкім оған қызын жұбайлыққа бергісі келмеген. Алайда Пайғамбарымыз ﴾с.а.у.﴿ араға түсіп, үйлендіреді. Үйленген соң көп уақыт өтпей жорыққа шығып, соғыста шәһид болады. Соғыс біткен соң шәһид болғандарды жерлеу және сауларды түгендеуге көшеді. Пайғамбарымыз ﴾с.а.у.﴿: «Арамызда бәрі түгел ме?» - дейді. Сонда сахабалары: «Иә, бәріміз түгелміз», - деп үн қатады. Пайғмбарымыз ﴾с.а.у.﴿: «Жоқ, менің жоғым бар», - деп Жуләйбибтің басына барып: «Жуләйбиб менен, мен де Жуләйбибтенмін»[22], - дейді.

Иә, көріп отырғанымыздай бәріміздің анамыз, әпке, қарындасымыз, қызымыз бар. Олай болса, өзімізге қаламағанды өзгеге де қаламайық, ағайын!

 

Біз Алладан қорқуымыз керек. Шынайы Алладан қорыққан мұсылман ғана мұндай арсыз күнәні жасамайды. Осы мәселеге қатысты мына бір ғибратты оқиғаны айтып өткен орынды болар.

Хазіреті Омардың ﴾р.а.﴿ кезінде бір жас жігіт бес уақыт намазын мешітте оқып, құлшылығына ыждаһаттылық танытады екен. Алланың әмірлерін орындап, тақуалығымен танылатын. Хазреті Омар ﴾р.а.﴿ намазға келетін өз жамағатын жақсы білгендіктен, бір күні әлгі жігітті мешіттен көре алмайды. Бұл Хазреті Омардың ﴾р.а.﴿ назарын аудартады. Намаздан кейін жамағатқа: «Пәленше деген жігітке не болды екен, бір-екі күн болды, оны мешіттен көрмедім», – деп сұрағанда, ешкім тіс жарып, тіл қатпайды. Бәрі жүздерін төмен салып, Хазреті Омардың ﴾р.а.﴿ бетіне тура қарауға ешкімнің жүрегі дауаламайды. Хазреті Омар ﴾р.а.﴿ сұрағын қайталаған кезде барып, жамағаттан біреуі: «Әй, мүміндердің әміршісі! Ол жігітті (айтуға ауыз бармайтын) жолда өліп жатқан жерінен тауып алдық. Сіздің көңіліңізге қаяу түсірмес үшін дереу жаназасын шығарып, жер қойнына тапсырдық», – дейді.

Алла Хазреті Омарға ﴾р.а.﴿ сол сәтте жігіттің басынан өткен жағдайдың қалай өрбігендігін білдіріледі. Ал жігіттің басынан өткен жайттың барысы төмендегіше өрбіген еді. Жігіттің мешітке қатынайтын көше бойында бір әйел оны ұнатып, оған сырттай күйіп-жанып ғашық болып қалады. Айтса айтқандай, жігіт сымбатты, әрі бойдақ еді.  Әйел оны өзіне қарату үшін барлық айла-амалын қолданады. Әр жолыққан сайын жігіт оның ұсынысынан бас тартып, күнәлі істен қашады. Дегенмен, әр пенденің осал тұсы болады. Оның осал тұсын тапқан әйел өнерін салып өзіне шақырады. Жігіт оның үйіне қарай бет алады. Бір-екі қадам басқаннан кейін тілінің ұшына бір аят оралады. Жігіт еріксіз аузына түскен аятты күбірлеп оқи бастайды. Алғашқыда аяттың мағынасына мән бермейді. Бірте-бірте аяттың мағынасын түсінеді. «Тақуаларға шайтан тарапынан бір сыбыс тисе, олар Аллаты еске алады да қырағылық істейді»[23].

Осынау аяттың мағынасына бойлаған сайын тұла бойы қалшылдап, қара терге малшынады. Жігіт есін жиып, істемек болған ісі үшін Раббысынан жердің жарығына кірердей ұялып, қалайша күнәлі іске дәті барғандығына өзі түсінбей дал болады. Жігіт қорқыныштан аузына түскен аяттың мағынасына бойлаған сайын жүрегінің соғысы жиілеп, тұрған жерінде жарық дүниемен қош айтысқан екен.

Хазреті Омар ﴾р.а.﴿ жігіттің қалай жан тапсырғанын білгеннен кейін оның қабіріне барып, жігіттің жатқан жеріне үңіліп: «Я, фәтә! Уәлимән хофа мақома Роббиһи жәннәтаан» (Әй, жігіт! Раббысынан қорыққандар үшін екі жәннәт бар) деп айқайлайды. Сол кезде былай деген дауыс естіледі: «Әй, мүміндердің әміршісі! Алла маған сенің айтқаныңның екі есесін берді».

 

Зина жасаған адамды Алла кешіре ме?

Алланың мейірімі шексіз және жасалған күнә үшін тәубе етушінің тәубесін қабыл етеді. Алла адамды күнә істемейтіндей етіп жаратпады, яғни күнә істемейтін періште секілді емеспіз. Біздің нәпсіміз бар, күнә істеуге жақын тұрамыз және жасап та қоямыз. Ардақты Пайғамбарымыз ﴾с.а.у.﴿ бір хадисінде: «Адам баласының бәрі қателік жасайды, бірақ солардың ішінде ең жақсылары қателігі үшін Алладан кешірім сұрап, тәубе еткендері», - деген. Екінші бір хадисінде: «Егер сендер күнә істемесеңдер, Алла сендерді жоқ етіп, күнә істейтін қауымды жаратады», - деген. Олай болса, жасаған қателігіміз үшін Алладан кешірім сұрап, қайталамау шартымен тәубе етейік. Тәубе есігі жан алқымға келгенге дейін ашық. Жан алқымға келгенде тәубе қабыл болмайтынын ұмытпайық. Ал шынайы түрде, қайталамау шартымен тәубе етсек, Алла күнәмізді кешіретініне шүбәңіз болмасын. Себебі Пайғамбарымыз ﴾с.а.у.﴿ былай деп сүйіншілейді: «Тәубе еткен адам еш күнә жасамаған адам секілді болады».

Зина - үлкен күнәнің бірі. Алайда зинаның күнә екендігін қабыл етпеген, терістеген жан Алла сақтасын діннен шығып кетеді.

Зинаның қоғамға тигізер зардабы

Зинақорлық жайылған сәтте қоғам мынандай зардаптарға душар болатынын Пайғамбарымыз ﴾с.а.у.﴿ айтып кеткен:

«Жаман әйелдер көбейіп, қоғамда зина етек алса, халық бұрын соңды көрмеген жұқпалы ауруларға ұшырайды».

«Зина кедейлікке ұшыратады».

«Зина етпеңдер, әйелдеріңнің тартымдылығы мен сүйіспеншілігі азайып, әйел мен күйеудің арасы суыйтын болады».

«Бір жерде зина мен өсім көбейсе, ол жердің халқы апатқа ұшырайтын болады»[30].

Зинаның қоғамға тигізер зардабы көп десек артық айтқандық болмас. Сол зардаптар қоғамның құрдымға кетуіне, ұлт ретінде жойылып кетуіне себеп болары сөзсіз.

Мақала http://aqmeshit.kz/ сайтынан алынған.

 
-3
2979
0