Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
10:42, 09 апреля 2016

МЕН ТАМАШАЛАҒАН ТАРАЗ

Қарт қалаға 2000 жыл толғанымен қойнауына тыққан құпиясы әлі де мол. Қатпарлы тарихта алтынмен зерленген даланы, ғасырлар жасырған күмбездерді кезуді отандастар түгілі шет жатқан елдер де аңсайды. Иә, әңгіме – Тараз жайлы.

МЕРУЕРТ САЙЛАУХАН – ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Туған жердің топырағы ыстық екені рас, мен үшін қаланың барлық жері ерекше, құмы да, тасы да, тауы да. Қалаға келген қонақтар «Көне Тараз», ТАРАЗ-АРЕНА, соған қарама-қарсы орналасқан Керей мен Жәнібек ескерткіші, Айша бибі, Қарахан мазарларын тамашалайды. Басқа мемлекеттерден археологтар көп келеді.

Blog post imageBlog post image

Бүгінде Тараз сан тарапта қарқынды дамуда. Қаланың ғылым, ауыл шаруашылығы, денсаулық, кәсіпорын, мәдениет т.б. салалары жыл санап жоғары көрсеткіш көрсетуде. Орта және жас буын қаланың мерейін асқақтуға аянбай ат салысып жүр. Шаһарда 14-29 жас аралығындағы жастар – 24,1 пайыз құрайды. Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, рухани азықтанған киелі топырақ ұрпақтары сенімді дауыспен «Біз Тараз тумасымыз!» деп мақтан етеді.

МЕРУЕРТ САЙЛАУХАН – ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Тараз жастары – рухани бай. Біз өзімзіді тарихи топырақпен нәрлендіреміз. Мақтан тұтамыз. Жақында Мұхаммеджан Тазабеков ағамызбен кездесу өтті. Ол кездесуге Қалалық мәдениет үйінде 300ден аса адам боп жиналдық. Барлығымыз Мұхаммеджан ағамыздың 3 сағаттық әңгімесін толық тыңдадық. Рухани азыққа құмарлығымыз шексіз...

Бүгінде үшбұ кентте «Біріккен еріктілер мектебі», «Жүректен жүрекке», «Белсенді жастар» т.б. ұйымдар қызмет көрсетуде. Тұрғындар қоғамдық жұмыстарды жұдырықтай жұмылып жасауға әбден әдеттенген. Сондықтан да кез-келген үлкен мейлі кіші іс-шаралар Тараздықтадың жүйріктілігімен аяқталады.

Blog post image

Blog post image

МЕРУЕРТ САЙЛАУХАН – ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Бізде қалалық ұйымдар көп. Мысалы, «Еріктілер мектебі», онда барлығы бір бірін танып келген, ешкім ешкімді қинап, сүйреп әкелмеген. Барлық салаға көңіл бөлінеді. Өнер жағы да ақсаңдап тұр деп айта алмаймыз. Өнерлі бала жетерлі. Бізде кішкентай баладан үлкен қызметкер, қарапайым тұрғындарға дейін бірге жұмылып қандай да бір шараға қатысады. Мұның өзі біздің ерекшелігіміз...

Blog post image

Мешіт табалдырығын тоздырып жүрген жастар күн асып толығуда. Рухани кемелдену жолында жүріп те, тілеуін тілеп те үлгереді. Әр жетінің қасиетті жұма күнінде ерлер қауымы мешітке топталып, бикештер арнайы медреселерге жиналады.

МЕРУЕРТ САЙЛАУХАН – ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Бізде орталық мешіт бар. Ол күні-түні қалаға әсем де рухани нұр шашып тұрады. Сонымен қатар, Қазақ ханыдығына арналып ашылған мешіт те бар. Жұма намазы уақытында осы мешіттерге жиналамыз. Қуантар жайт, жұмаға келер жастар көп, мешіттің сыртындағы баспалдағына дейін үйіліп намаз оқиды.

Аталмыш өңірдің танымал тұлғалары мен асылдарын он саусақпен санап бітпейсің. Мейрамбек Беспаев, Тоқтар Серіков, Ернар Айдар сынды қалың бұқараның сүйіктілеріне айналып үлгерген танымал әншілер осы қасиетті топырақтан нәр алған. Олимпиада чемпиондары: Е. Ыбрайымов, И. Байрамуков, Б. Артаев. Ұлы композиторлар мен мәдениет қайраткерлері: Д. Бықыбаев, М. Озбеков,А. Қоразбаев, т.б. Қазақстан Республикасының сенат депутаты – Болат Жылқышиев. Сондай-ақ, Т. Жаманқұлов, К. Нүсіп, А. Сатыбалды, Б. Ыстыбаев, Ж. Таңатаров, С. Қожеке т.б. елге танылған ғылым және өнер салаларының майталмандары баршылық.

Бұқаралық ақпарат құралдарының деңгейі де саннан сапаға ауысып жатыр. Жуырда іске қосылған 77-телеарнасы қысқа мерзім ішінде халықтың сүйікті арнасына айналып та үлгерген. Дегенмен, бірінші орын Қазақстан-Тараз телеарнасының қоржынында.

МЕРУЕРТ САЙЛАУХАН – ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Бізде Қазақстан-Тараз телеарнасы 1-орында. Бізде жақында 77-телеарнасы ашылды. Бұл тұрғындар үшін үлкен жаңалық болды, бәріміз қуандық, студенттер стажировкаға барып, өндірістік-тәжірибеден өтіп жүр. Журналистика саласы негізі ең қызықты сала. Біздегі баспа, телеарналар қабілеті бар студенттерді кері қайтармай, тәжірибелерімен бөліседі. Телеарналар халықтың көңілінен шығып жатыр. Бұл да қуантатын жайт.

Шаһардың сәулеттік-жоспарлау объектілері қиылған магистральдарда тұтастырылған. Ғимараттарына қарағанда тұрғын үйлерінің өлшемі жіңішке. Жол бойына төселген тротуарлардың молдығы, шошақ пішінді қыш құбырлардан тұратын сумен жабдықталған жүйесі Тараз архитектурасының өте биік деңгейге жеткенін дәлелдейді. Үлкен кешендер күн санап артуда.

МЕРУЕРТ САЙЛАУХАН – ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Бізде ескерткіштер, ғимараттар көп. Мысалы, Археологиялық саябақ Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап ашылған. Әр өңір бір сыйлықтан объект салып берді. Таразда да  бәйтерек бар :), ол – Лотос үлгісінде жаслған биік мұнара. Саябақ орнында бұрын орталық базар болған. 2011 жылдан бастап басқа орынға көшіріп, Қазақ хандығына арналған  монументтерді салу жұмыстарын бастады.

Blog post image

Сарайлары сән-салтанат құрайтын Тараз қашан да тарихи маңыздылығы мол орта болып қала бермек.

МЕРУЕРТ САЙЛАУХАН – ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Шайырлар мекен еткен Тараз, ол көне Тараз, оның 2000 жылдық тарихы бар. Елбасымыз айтқандай, Қазақ халқының тарихы – ол аттың тұяғымен жазылған. Яғни аттың тұяғы, терісі сіңген нағыз киелі мекен ол менің Таразым.

Тасын түртсең көне ғибрат таралатын бұл өлкенің ғұмыры ғасырлар бойы жасай бермек.

Әңгімелескен Тараз қаласының тұрғыны – Сайлаухан Меруерт Тұрсынханқызы.Blog post image

Мадина Реброва

0
2174
0