Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:21, 08 апреля 2016

Парсы әдебиетінің көрнекті өкілі Фирдоусидің «Шахнаме» дастанына арналған семинар өтті

Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің қолдау нәтижесінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің шақыруымен Кембридж университетінің профессорлары Астана қаласына арнайы іс-сапармен келді.

Семинарда «Шахнаме» Кембридж орталығының парсы зертеулері бойынша жетекшісі Фируза Мелвилл және Кембридж университетінің профессоры, тарихшы Чарльз Петер «Шахнаме» дастанына арналған дәріс оқыды.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Кембридждің бірлескен конференциялары, кітап көрмелері, ғылыми жобалар, дөңгелек үстелдер, дәрістік курстар мен кітап шығару саласындағы өзара қызметтік мәселелері де кең талқыға салынды.

Бұған қоса, ұлттық кітапханадағы сирек басылымдар және қолжазбалар топтамасымен танысты. Кітапханада VI-XX ғғ. жарық көрген тарихи маңызға ие 13000 сирек жазбалар қоры бар. «Кітап – тарих, кітап – қазына» тақырыбындағы көрмеде араб, шағатай, түрік, татар тілдеріндегі Құран, тәпсір топтамалары мен Құранды зерттеуге арналған басылымдар ұсынылды.

Екі жақты ынтымақтасу мақсатында аталмыш семинардың жалғасы ретінде Халықаралық Түркі академиясы мен Назарбаев университетіне баруды жоспарлап отыр.Blog post imageBlog post image

 
0
443
0