Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
09:55, 01 апреля 2016

Қазақстан мен Мажарстан арасында бірлескен инвестициялық қор құрылды

Blog post image

Венгрия мемлекеті елімізге инвестиция құйып, ауыл шаруашылығы жобаларын қаржыландырмақ. Осы мақсатта Қазақстан мен Мажарстан елдерінің әрқайсысы 20 млн доллар құйып, бірлескен қор құрды. Бұл қаражат өндіру, қайта өңдеу, логистика мен тамақ өнеркәсібі саласындағы отандық аграрлық компанияларға инвестиция ретінде беріледі. Сондай-ақ қазақстандық және шетелдік кәсіпкерлерден қосымша 100 млн АҚШ долларын тарту көзделіп отыр. Бұл туралы қор кеңесінің бірінші отырысында айтылды. Басқосу нәтижесінде «ҚазАгро» холдингінің төрағасы мен «Эксимбанктің» бас директоры бірлескен келісімге қол қойды. Айта кетейік, былтыр ауыл шаруашылығы саласына құйылған инвестициялардың жалпы көлемі 167 млрд теңгені құрады. Бүгінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы міндеттерге сәйкес, қайта өңдеу саласындағы өнімдерді экспортқа шығару ісіне бірқатар қытайлық компаниялар мен итальяндық трансұлттық корпорациялар атсалысып жатыр. Нұрлыбек Малелов, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы: – Мұндай қор ауыл шаруашылығында бұрын құрылмаған. Бұрын көбіне «ҚазАгро» қаржыны үкіметтен алатын еді. Бұл баламалы түрде нарықтан тартылатын қаржы көзі болып есептеледі. Сондықтан өте тиімді деп есептеймін. Біз Венгриядағы әріптестермен шектеліп қоймай, Қытай және Ұлыбританиямен осыған ұқсас қор құруға дайынбыз. Андраш Барани, Мажарстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі: – Қазақстан Мажарстанның Орталық Азиядағы бірден-бір сенімді серіктесі болып саналады. Осыдан бір жыл бұрын біздің үкімет басшымыз сіздердің елдеріңізге жұмыс сапарын жасаған болатын. Енді міне, бүгін сол кездесуде қол жеткізген келісімнің нақты нәтижесін көріп отырмыз. Бұл жоба екі жақты сауда-экономикалық байланысты одан әрі дамыта түспек.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/sayasat/item/113392-aza-stan-men-mazharstan-arasynda-birlesken-investitsiyaly-or-ryldy

0
392
0