Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
08:08, 29 марта 2016

Журналистка Клара Ермагамбетова об освещении в СМИ тем, связанных с ЛГБТ-сообществом

МНЕНИЕ // Ермагамбетова Клара, www.zhas.kz порталының журналисті, блогер #humanrights@misk_kz /// #равныеправаА19кз#equalityA19kz

Blog post image

- Сіздің ойыңызша, Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында ЛГБТ-қауымдастық тақырыбы талқыланады ма?

Құрманғазы –Пушкин көшелердің қиылысында болған жағдай гейлермен лесбиянкалардың тақырыбын өте жақсы көтерді. Сол уақытта қоғам қатты шулады, бірақ одан кейін адамның назары басқа тақырыпқа ауысып кетті да, ЛГБТ қауымының тақырыбы жабылып қалды. Дәл қазір бұл тақырыпты керемет көтеретін адамдар жоқ, әлеуметтік желілер туралы айтсақ. Өйткені гейлер, лесбиянкалар туралы айту өте ұят нәрсе. Әсіресе біздің ұлтымыздың менталитетімізге, стереотипті көзқарасымызға сәйкес келмейтін көптеген нәрселер бізде айтылмайды. Ұятсыз нәрселер бізде айтылмау керек, тарамау керек. Көп жаман нәрсені айта берсен, ол жаман нәрсе қалыпты жағдайға айналып кетеді. Яғни, сен оны жаман нәрсе деп қабылдамайсын – көз үйренеді, көңіл үйреніп кетеді. Сондықтан да гейлер туралы көп айта беретін болсақ, біздің санамыз уланып, олар кәдімгі қарапайым адамдар сияқты болып қалады. Бұл жалпы дін жағынан, табиғи жағынан алып қарасақ, өте қорқынышты нәрсе. Қорқынышты болғаннан бұрын миға қонымсыз дүние. Әсіресе дұрыс тәрбие алған, жақсы жанұядан шыққан адамға сұрқия дүние. Сондықтан бұл тақырып жиі талқыланбайды, жалпы көп көтерінбеген болғаны дұрыс менің ойымша. Иә, гейлер де, лесбиянкалар бар, бірақ ол психологилияқ ауру. Олар өздері тілеп алған ауру, себебі сондай адамдар әбден бүкіл нәрсеге тойып, әбден бәрін көріп, шегетінін шегіп, ішетінін ішіп, одан кейін өзінің жынысындағы адамға ауысып келген адамдар. Уақыты көп, әбден бұзылған адамдар ғана осындай жамандыққа барады деп ойлаймын.

- Егер сіз осындай материал кездестірген болсаңыз, олар қандай үндестілікте болды?

Әрине кездестірген материалдардың барлығы жағымсыз түрде болды. Өйткені көтеріліп отырған тақырыптың өзі жағымсыз. Бұны таратпау керек, бұны біз қолдамау керекпіз деп жазылды. Себебі, айтып отырғандай, көзқарасымызға сай емес. Жалпы ұрандататын түрде кездестіргенмін. Ал зерттеп, бұл қайдан болады, неліктен болады деп, ақпарат ретінде берілген материалды кездестірген жоқпын әлі. Барлығы да бір жақты – «Ұят!», «Құдай сақтасын!». Оқысан, оны міндетті түрде көз алдына елестетесін. Сондықтан ондайды оқудан да алыс болу керек. Бірақ, алыс боламын деп білмеу емес, білу керек. Және адам өзінің арқауын сақтау қажет. Ақпарат көп, ең бастысы жастарда өз позициясы болу керек. Ол оның тәрбиесі, ол оның ұлттық құндылығы. Тәрбиемен жүрген адам позициясын, арқауын ұстап, жаңағы ақпаратқа анализ жасау керек. Керек дүние ма бұл, керек емес пе?

- ЛГБТ-қауымдастық тақырыбын талқылау орысша БАҚ және қазақша БАҚ-тарда айырмашылығы бар ма?

Мен өзімді толерантты адам деп санаймын, дей тұра, біздің санамызда бұрыннан қалыптасқан түйгеніміз бар - орыстар енді кішкене Еуропаға жақын ел ғой. Олар сәл ашық. Қазақ халқы үшін осындай ойлардың, әңгімелердің барлығы да сәл шат. Өйткені бізді кішкентай кезімізден «ұят болады» деп өсіреді ғой. Кейбір нәрселерді айтудың өзі ұят. Сондықтан да қазақтар бұндай материалдарды берген кезінде сол бір рамкамен береді-ау деймін. Бізде ондай сөз де жоқ екен, «гей» деген, «лесбиянка» деген сөз де жоқ. Кейбір нәрселерді толықтай жеткізуге мүмкіндігіміз бар, бірақ ондай нәрселерді көбінесе орыс тілінде оқимыз.

- Қазақ тіліндегі БАҚ-тарда осы тақырып қалай айтылған?

Қазақтарда ондай түсінік те болмаған. Бұл материалдарды мен қазақ тіліндегі БАҚ-тарда оқысам, бір жағынан көңілім толмайды, екінші жағынан қазақ тілін мен осындай сөздерден бастағым келмейді. Ондай сөздердің мен қосылғанын қаламаймын. Оқысам, басқа тілдерде оқимын, өйткені ЛГБТ-қауымдастығы бар екені біз жасырғанымен бұл факт, бірақ қазақ тілінде, менің субъективті ойымша, осындай материалдар көп болмау керек.

- Сіздің ойыңызша, осы тақырыпты қоғамда, жастармен талқылау керек пе?

Жастардың арасына бұндай тақырыпты көтерудің қажеті жоқ. Біріншіден, жастардың өзі біледі, кино қарап жүр, бүкіл ақпаратқа қол жетімді, жабық ақпарат жоқ. Жастарға не істеу керек? Гей болмау керек деген сөздерді емес, жігітпен қыздың арасындағы махабат қандай болу керек, әкесі ананы қалай құрметтеу керек, анамыз әкемізге қандай құрмет көрсету керек туралы айту қажет. Жанұя болу, бала өсіру – одан артық құндылық жоқ. Міне, осыны насихаттай отырып, адамдарды ұшықтырмауға болады.

 
0
1245
0