Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
21:24, 28 марта 2016

Қазақстанның алғашқы тәуелсіздік жылдарындағы ТМД елдерімен қатынасының ерекшеліктері (1991-1995 жж.)

Blog post image

Достастық шеңберіндегі елдердегі ұлтаралық келісімді сақтау, халық тұрмысын төмендетпеуге деген бірлескен шараларды іске асыру қажеттілікке айналды

КСРО тарағаннан кейін оның құрамында болып келген бұрынғы одақтық дәрежедегі кеңестік социалистік республикалардың көпшілігінің еркіндік тұрғыдағы негіздеген экономикалық одағы – ТМД деген атаумен белгілі болды.

ТМД жаңадан өмірге келген тәуелсіз мемлекеттердің саяси, экономикалық, әлеуметтік және ұлтаралық қатынастарда терең қарама-қайшылықтар орын алып, дағдарысқа ұшыраған, тұрғындарының барлық салаларда барынша күйзеліске ұшыраған жағдайында өмірге келді. Бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегі орталықтан жоспарланып, басқарылған одақ шеңберіндегі өзара тығыз байланыстардың үзілуі, осының негізіндегі орын алған жаңа күрделі жағдайларды бірлесе шешу жаңа достастыққа мүшелікке өткен мемлекеттердің алдына қойылды. Олардың қатарында Еуразия аймағындағы, әлемдегі қалыптасқан саяси, экономикалық жағдайлардағы бұл мемлекеттердің орнын қалыптастыру маңызды қажеттілікке айналды. Соның ішінде:
- жаңа тәуелсіз мемлекеттердің экономикалық, өндірістік, өзара сауда, т.б. салалардағы өзара қимылдары;
- мемлекеттер арасындағы ортақ баға саясатын белгілеу; - келісілген әскери ынтымақтастық, шекараны бірлесе қорғау ісі;
- Достастық елдері арасындағы көші-қон, азаматтық мәселерін тұрғындардың мүдделеріне сай ортақтаса шешу;
- мәдениет, білім,ғылым денсаулық сақтау бағыттарындағы жүйеленген іс-әрекет, т.б. салалардағы келісімділікті жүзеге асыру міндеттері қойылды.
Blog post image
Осылар арқылы бұл қауымдастықты ХХ ғасырдың соңы-ХХІ ғасырдың басындағы әлемге шаруашылықтары реттелген, саяси, әлеуметтік тұрақты, экономикалары нарық талаптарына сай өркендеуге бағыт алған жаңа мемлекеттер бірлестігі ретінде қалыптастыру мақсат етілді. Осылардың ішіндегі маңыздылардың қатарына Достастық шеңберіндегі елдердегі ұлтаралық келісімді сақтау, халық тұрмысын төмендетпеуге деген бірлескен шараларды іске асыру қажеттілікке айналды. ТМД-ның құрылуы және оның құрамындағы мемлекеттердің заман талабына сай атқаратын қызметтерін айқындаудың басында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев бола білді.

Қазақстан жетекшісі ішкі қайшылықтар барынша меңдеген Кеңес Одағы тарамай тұрып-ақ осы көпұлтты мемлекеттегі орын алған нақты жағдайларға тоқтала келе,оларды уақыт талабына сай реттеудің жолдарын ұсынды. Мысалы, 1991 жылдың қазан айындағы Лондонның Корольдік халықаралық қатынастар институтында сөйлеген сөзінде Н.Ә.Назарбаев: «...Қазақстан әрқашан Алматыда қабылданған экономикалық ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды, осы арқылы Тәуелсіз мемлекеттердің Одағы туралы шарттың жобасына арналған жұмыстардың қайтадан басталуында маңызды орын алған жаңа одақтың қажеттігі туралы нақты пікірді ұстанып келеді» [1], – деп көрсетті.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғауға арналған «Бразилия-92» конференциясында жасаған баяндамасында: «Мен әрқашан рубльдік аймақ республикаларының (оған өздерінің валюталары бар республикалардың қосылу мүмкіндігін жаққа шығармай) Экономикалық одақ құруларын жақтаймын. Мұндай одақтың негізіне тауарлардың, капиталдың, жұмыс күші мен қызмет көрсетудің еркін айналысы принцпі негізделуі тиіс. Келісілген қаржылық, ақша-кредиттік, салық, баға, әлеуметтік, көпукладты экономикалық саясат маңызға ие. Келісімдер негізіндегі мемлекеттер арасындағы өзара байланыстың, жекелеген елдер тарапынан бір жақты, басқалардың мүдделерінен тыс шаралар қабылдауға мүмкіндік бермейтін ұлттық, мемлекеттіктен жоғары тұратын үйлестіру институттарын құрудың ортақ принцптерін негіздеу қажет» [2], – дей келе, құрылғаннан бергі мерзімдегі ТМД-ғы атқарылған істерді саралады.

Толығырақ оқу
 
0
980
0