#bctaraz16 қалай өтті? Фоторепортаж.

Medina Ray 2016-3-25 13:57
478
0
0
1

Кезекті Блогқұрылтай биыл Тараз қаласында өтті. Республикалық шараға еліміздің түрлі өңірлерінен жиналған блогерлер, журналистер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Тараз қаласына қоғамдық көлікпен...

Кезекті Блогқұрылтай биыл Тараз қаласында өтті. Республикалық шараға еліміздің түрлі өңірлерінен жиналған блогерлер, журналистер мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Тараз қаласына қоғамдық көлікпен кіріп келе жатқандағы панорама жүректі бірден жаулап алмаса да, жол бойында орналасқан тарихи ескерткіштер көз жанарын ұрлады. Әрі қарай не көреміз екен деп автобекетке жеткенше терезеге телміріп отырдық :)

Айтқандай Facebook те назардан тыс қалмады. Наурыз мерекесіне арналған тілектерді парақтап жатқан сәттен үзінді...

Қонақ үйге орналасып тамақтануға осы шайханаға келдік. Сыртқы көрінісі маған кір деп тұрғанымен, ішінде ине шаншар орын жоқ. Ұсыныс пен шағым айтар болсам, официанттары аз, клиент көп. Мұндай жағдайда персонал санын көбейткен абзалырақ. Тағамдары өте тәтті. Мен әдеттегідей палауға тапсырыс бердім. Шәйлары да дәмді. 5-тен 4 жұлдыз бердім, дегенмен бұл постты ол жердегілер оқымайды-ау) 

Әрі қарай "Тараз - Аренасына" қарай жол тарттық. Міне тап осы жерде көптен күткен Республикалық "Блогқұрылтай-2016: Тараз" шарасының ашылу салтанаты өтті. Соңынан шахмат, жүзу, волейбол, кіші футбол ойындарынан блогшылар арасында спорттық ойындар өтті.

Спорттық шаралар бітіп, кешкі асқа жөнелдік. 

Барлығынан бұрын асаба кісіге риза болдық. Алдымен көзге өзі емес, көкірегінде ілінген сан түрлі медальдар көрінеді. Асаба көкем ардагер ма деп қалдым...

Таразда талант көп. Солардың бірі мына жас бала. Күллі қыздар коллективінің жүрегін жаралады :)

Осындай селфилер де болды... Айтқандай, кезекте екінші тұрған сурет ҮЗДІК СЕЛФИ байқауынан жүлделі орын алды. 

Таң ата салып Назарбаев зияткерлік мектебіне ағылдық. Сол жағыңда қазақи нақыштағы ыдыс-аяқ, түрлі заттар көрмесі, оң жақта киіз үй тігілген, ортасында барша жиналып Маралбек аға бастаған "Домбыра пати" өтіп жатты. 

Құрылтайдың ресми ашылу салтанатынан үзінді

Кейін бірден сессияларға көштік. 

Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиев мырза шынымен де келді. Блогшылар өз мүмкіндіктерін қалт жібермей, көкейінде жүрген сауалдарына жауап алды.

Блогқұрылтайдың жабылуы. Кешкі асқа бара жатқандағы автобұс ішіндегі көрініс) Шынар-ааау деп шақырсам, шықпай үйіңнен...

Мерекелік ас...

Тараздықтар. Ұйымдастырушылар. Жандары жайсаң адамдар.

Түн түндігін түргенде... 

"Тым" кешкі серуеннен кейін демалдық. Автобұстағы блогшылармен топтасып Мафия ойынын ойнадық. 

Блогтур. Өңірдің тарихи-мәдени жәдігерлерімен, жуырда бой көтерген нысандармен  танысуға арналған "Шежірелі Әулие-ата мекенім" атты экскурсия. 

Кесене маңындағы бұлақтан шөл қандырдық...

Бюсттің жауынгерлермен селфиі :)

Тараздың тазалығын сақтап жүрген көңілді жандар)

Жалғас Ертайдың жесттік аргументтері)

Өкінішке орай қайтатын сәтте жетті. 

Санданың әнімен айтқанда, "қош бооол, жаным" Тараз) Келер жылғы блогқұрылтайда кездескенше!

Мадина Реброва

Оцените пост

1

Комментарии

Чтобы написать комментарий нужно войти в систему