место в рейтинге
  • 280838
  • 218
  • 41
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Әлихан Бөкейхан. Қазақтың тарихы. ІІІ-IV

Тарих кітаптарынан қарап мұны білуге болмайды. Орыстың тарихында топты қазақ деген сөзді жазбайды. «Киргиз» деген бір жаңылыс сөзді малданып, соның менен бүкіл тарихын быдықтырады

ІІІ

Газетаның 3-інші нөмірінде Қазақтың тарихы турасында жаңылыстың екеуін санап едік. Жəне үшінші хате мынау: «Қазақ» деген сөздің мағынасын тарих кітаптарын анық қып айтып бере алмайды. «Қазақ» деген сөз қайдан шығыпты? Тарих кітаптарынан қарап мұны білуге болмайды. Орыстың тарихында топты қазақ деген сөзді жазбайды. «Киргиз» деген бір жаңылыс сөзді малданып, соның менен бүкіл тарихын быдықтырады. Арабша һəм түрікше тарих кітаптарына келсек, онда да анық сөз жоқ, һəр түрлі ұйғарып айтады. Кей біреуі: қазақ – қашақ деген деген сөзден өзгерілген дейді. Жəнібек хан тұсында ханзаданың біреуі хан бола алмайтын болған соң, қасына жас бозбаланы ерітіп елден қашып, азып-тозып жүрген соң сахарада қалып «қашақ» атаныпты-мыс, жүре-жүре «қашақ» сөзі қалып, «қазақ» болыпты-мыс. Осындай жаңылыстар ондық-мұндық ұсақ кітаптардың сөзі емес, нағыз шын, сенімді деген «Мұстафадал ахбар» кітабында да осы сөз бар*. «Мұстафадал ахбар» кітабын жазушы Қазанның Шаһаба ад-Дин Маржани хазіретлері ілімнің деңізі деп білгендігімізден қазақтың асылын, қазақ сөзінің мағынасын біле алмайды деуге болмайды. Бірақ ол жарықтықтың «Қазан халқына» махсус болған тағсібиі (фанатизмі) күшті болғандықтан, ноғай емес халықты жек (манфур) көргендігінен қалай болса, солай жаңылыс жазғандығы жасырын емес. Төртінші хате – қазақ сөзі «хайсах-қайсақ» сөзінен өзгеріпті деген сөздері. «Халисақ» сөзі қалмақшада «гранитса күзетшісі» мағынасында-мыс. Орыс тарихының кей біреуі қазақ сөзі осы «хайсақ» дегеннен алынған деп өтірікті жазады. Осындай өтірікті малданып, орыс жазушыларының көбі қазақты «киргиз-кайсак» деп жазып жүр. Мұның өтірік екендігі сөз ретінде кейін айтылар. Осы күнде қалмақ-қытай қазақты «хайсақ-хасақ» деп сөйлейді екен – онысы тілі келмегеннен. Оның менен қазақ сөзі «хайсақ»-тан өзгерілгендігі білінбейді. Осы күнде «мишер» (мысыр) халқы арабтан алынған «салам» сөзін «Сейалам» деп сөйлейтіні бар. Со секілді, қалмақта «қазақ» сөзін «хайсақ» деп бұзып айтады деуге болады. Бесінші хате – түрік қауымынан бірі кісі далада аң аулап жүргенде бір адасқан қыз тауып алыпты-мыс. Қыз аса көркем сұлу болса керек, еліне алып келгенде халқы көріп сұқтанып: – Шіркін-ай, қыз-ақ екен! – дейді-міс. Сол сөз жүре-жүре «қазақ» қалпына өзгеріліпті-міс. Сол қыздан үш бала тауып, күллі қазақ халқы сол үш баладан тарапты-мыс. Үлкен баладан – Ұлы жүз, ортаншы баладан – Орта жүз, кішіден – Кіші жүз тарайды-мыс.

Мінеки, осындай шіп-шикі өтірік сөздер тарих кітаптарында толып жатыр. Тарихтың шын-өтірігін айыруға шамасы келмеген шала моллалар «кітапта жазған сөз» деп осындай сөздерді көптің ортасында оқып, біреуден біреу есітіп, осы өтіріктерге жұрттың əбден құлағы қанбады. Қазақтың асылы қайдан шыққан? – деп сұрасаң, тəп-тəуір адам да осы өтірікті айтып қоя береді. Мұнан төрт жыл бұрын қазақ шəкірттерімен кеңесіп қазақтың тарихын жазбақ болып едік. Шəкірттердің əрқайсының елі(нде) шежіреге жетік адамдар бар. Тарихқа керекті сөздерді (материалды. Түрік баласы) жазып əкелеміз деп кетісті. Мінеки, шəкірттердің жазып əкелген шежіресі: «Қырым жұртында қырық сан ноғай болғанда, бір ханның баласы анасынан шала туыпты; «тілеп алған балам шала туып, жұртымды шала қылады екен» деп, ханым баланы Дешті қапшақта көшіп-қонып жүрген он сан ноғай ішіне тастатыпты. Бала өсіп ер жеткен соң, əйдік өнерпаз болыпты. Бір күні хан өзінен туған бала сөйтіп өнерпаз болыпты дегенді есітіп, Үйсін батырдың қасына жүз жігіт қосып іздеуге жіберіпті. Бұлар баланы тапса да Сыр-Дария менен Арқаны қимай тұрып қалыпты. Үш жылдан соң Болат мырза жүз жігіт бен келіп о да тұрыпты. Жəне үш жылдан соң Алшын мырза жүз жігітті ерітіп келіп, о да тұрып қалыпты. Сол үш жүз жігіт манағы шала туған баланы алаша төсекте хан көтеріп «Алаш» деп ұран қойыпты. Үйсін, Болат, һəм Алшын мырзадан тұқым қалып, өзге жігіттер жауда өліп, олардан тұқым қалмайды». Қазақтың үш жүз болғанының, Алаш атанғанның мəнісі осы-мыс. Мінеки, ел арасындағы «шежіре» осы. Мұнан басқа жəне естуге құлақ иба қылатын өтірік шежірелер толып жатыр.

Толығырақ оқу

25 марта 2016, 9:36
323

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

Министерство труда и соцзащиты провело через парламент очередной крайне неоднозначный закон, который может вызвать всплеск недовольства в стране.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 11:17
  • 22303
  • 19
«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

Заранее отпишусь, данный пост не является попыткой оскорбить собственную нацию) Как говорится о вкусах не спорят, каждому свое.
Bonittta
16 нояб. 2017 / 14:28
  • 11359
  • 337
Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Подтверждаются худшие предположения, циркулирующие в соцсетях. Периодические исчезновения детей в разных регионах Казахстана объясняются не только семейными проблемами и «синими китами».
openqazaqstan
16 нояб. 2017 / 15:46
  • 5490
  • 54
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
вчера / 11:00
  • 4867
  • 38
«Думай как британец»: 8 вещей, которым я научилась в Великобритании

«Думай как британец»: 8 вещей, которым я научилась в Великобритании

Как два года в Великобритании изменили мою жизнь. Несколько простых вещей, которые могли бы сделать нашу жизнь лучше.
goribaldi
13 нояб. 2017 / 16:51
  • 3950
  • 28
Мой личный рейтинг женщин: от пуританки до содержанки

Мой личный рейтинг женщин: от пуританки до содержанки

Сегодня предлагаю вашему вниманию мой личный рейтинг женщин. А вот я хочу быть домохозяйкой, правда, не пахать дома, а хозяйничать.
Mysli_v_Sluh
13 нояб. 2017 / 15:00
Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Отдельные инициативы некоторых российских чиновников вызывают в Казнете приступы просто-таки гомерического ржача. Женщин в регионе – пруд пруди, а вот мужчин, с которыми они могли бы создать семьи, не хватает.
openqazaqstan
14 нояб. 2017 / 15:55
  • 2485
  • 18
Поездка на заработки в Южную Корею: пройти таможню и не стать персоной нон грата

Поездка на заработки в Южную Корею: пройти таможню и не стать персоной нон грата

Между нашими странами действует безвизовый туристический режим до 30 дней. Но на таможне не "туристов" разворачивают назад с пожизненным запретом во въезд в их страну. Однако пройти паспортный контроль вполне возможно.
Krykbayeva
12 нояб. 2017 / 14:38
  • 2722
  • 46
Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Сегодня в прессу просочились детали скандальной сделки ЕНПФ с «мусорными» облигациями ТОО «Бузгул Аурум», о которой уже подробно рассказывалось в начале года.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 16:13
  • 2985
  • 21