место в рейтинге
  • 36918
  • 40
  • 15
Нравится блог?
Подписывайтесь!

ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТАРАЗ

Көне Тараз

Тараз шаһары тарихи оқиғаларға бай. Бұл қала Аулие-атадан бастап, Талас, Наманган, Йени-Тараз, Жамбыл, Мирзоян болып аталды. Киелі топырақта б.э. 1 ғасырында көшпенді халықтар өмір сүрген. Әйгілі ғалым В. Бартольдтің зерттеуіне сүйенсек, Тараздың іргесі б.э.д. қаланған. Сырдария мен Талас өзендерінің маңында б.э.д. 1 ғасырда 600 000-нан астам қаңлы тайпасы қоныстанған. Олар Жетісулық үйсіндермен жауласып, нәтижесінде ғұндармен бірігіп одақ құрған. Бұл оқиғаға Л.Н. Гумилевтің «Б.э.д. 36 жылдағы Таластағы соғыс» дерегі дәлел.  Чжи-Чжи Талас бойында қалып, ұлы кент құрады. Екі жыл бойы соғылған қала мықты бекініс болып шықты. Дуалы екі қабаттан тұрды – сыртқы қабаты ағаш, ішкі қабаты лайдан соғылған. Кейбір деректерде, Талас деп атанған шаһардың соғылуына Марк Крассаның бүлінген армиясынан қалған Римнің легионерлері де жұмыс істеген деп көрсетілген.

Тараз еліміздің тарихында зор маңызға ие болуы ХV ғасырдың орта тұсында Қазақ хандығының іргесі қалану кезеңіне тұспа-тұс келеді. Хижраның 870 жылы, 1465-1466 жылдар Қазақ хандығының құрылған кезі болып қабылданған. Мұхаммед Хайдар Дулат өңір Моғолстан хандығының батыс шеті болғандығын айтып, оны Иса Бұға ханның Жәнібек пен Керей сұлтандарға үлеске берілгендігін айтады. Жаңадан қаланған Қазақ хандығына бұл аймақ  өте қолайлы мекен болды. Өзбек ұлысын билеуші Әбілқайыр хан қаза болып, оның құрамындағы қазақ тайпалары Жәнібек пен Керей басқарған хандыққа біржола өте бастайды. Алғашында жаңа хандық өзбек-қазақ елі деп аталады.

Темір жол қатынасы 1928 жылдың қоңыр күзінде іске қосылды. Бұл өз кезегінде халықтың әлеуметтік ахуалын жақсарта түсті. Түркісібтің салынуы ауданда ауылшаруашылығы мен өнеркәсіптің өріс жаюына маңызды ықпал етті. Аудан тіршілігіне қажет жанармай, ауылшаруашылық техникалары, басқа да тауарлар тасымалданды. Аудан үстінен өткен темір жол торабы 144 шақырымға, ал Қосқұдықтан Бетпақдалаға дейін созылған ішкі темір жолдың ұзындығы 130 шақырымға, аудан ішіндегі көлік жолы – 359 шақырымға жетті.

Орта ғасырда қала Тараз деген атауымен әйгілі болды. Ең бірінші қоныстанған этнос –  Ферғана өзбектері. Тарихи атауы 1997 жылынан бастап қалаға қайтарылды.  Тараз өзінің 2000 жылдық тарихи мерейтойын 2002 жылы атап өтті. Сондай-ақ, көне Тараз Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан қалаларының бірі болған. Әсіресе Қарахан билігінде дами бастаған. ХІХ ғасырда Әулие Ата Қоқан қамалы деп аталды. 60-шы жылдарда Ресей империясының құрамына енген. Кейінірек Кеңес Одағы кезінде Жамбыл облысының орталығы болып, Қазақстан тәуелсіздігін алған соң жайлаулы Жамбыл облысының әкімшілік орталығы, тарихы бай көне шаһар болып өркендеді.

Бүгінгі Тараз

Тарихы мол қала бүгінде Жамбыл облысының орталығы болып табылады. Халық саны – 350 000 адамға жуық. Тараз қаласының халық санының 70% қазақтар. Қалада орыс, корей, өзбек, түрік, татар, неміс, күрд, қырғыз, дүнген, қырғыз, грек, ұйғыр ұлт өкілдері тұрады. Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақ-Дала және Мойынқұм алады. Оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген. Сондай-ақ, мұнда Қарахан, Айша бибі, Бабаджа Хатун, Дәуітбек, Тектұрмас т.б. кесенелері, Мыңбұлақ сквері, Достық үйі, «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығы, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент, Бақылау мұнарасы, т.б. әлем және республикамызға танымал жәдігерлер мен орындар бар.

Айша бибі кесенесі – ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Кесененің іргесі Жамбыл ауданы Айша бибі ауылында орналасқан. Сыртқы көрінісі керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен алуандығы жағынан еліміздегі басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде теңдесі жоқ. Кірпіштердің түрлілігінің өзі кез-келген адамды аң-таң қалдырады. Ескерткіштің тұңғыш қалпы б.у.д. тек батыс қабырғасында сақталған. Безендіруінде бай және әртүрлі геометриялық фигураларымен апталған. Тізбектер терракотамен қапталған жіңішке суреттермен қазақ оюлармен безендірілген.

Бабаджа хатун ескерткіші – Х-ХІ ғасырлардан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Тараздан 18 км қашықтықта Айша бибі кесенесінің жанында орналасқан. Текше тәрізді тік бұрышты, қызыл кірпіштен тұрғызылған ескерткіштің ауданы 6,8х6,8 м, биіктігі 5 м-ден астам; қабырғаларына қаланған кірпіштерінің көлемі 24х24х5 см. Қасбеті мен 2 қапталы бір-біріне ұқсас, мәнерлеп қаланған кірпіштен күн тәрізді өрнектер жасалған. Жоғары жағы аркалы, ішке кірер есік шығыс жақ қабырғасында. Қабырғалардан сегізқырлы барабанға ауысатын тромпбелдеу жасалған. Оның үстінен ішкі еңсенің 16 қырлы күмбезі басталады. Ал сыртқы күмбезі биіктігі 86 см қырлы призманың үстіне орнатылған. Детальдар үйлесімді пайдаланылған. Бабаджа хатун кесенесі сыртқы пішімінің жинақылығымен, құрылысының беріктігімен ерекшеленеді.

Қарахан кесенесі – ХІ ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде орналасқан. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Махмұд Бұғра Қарахан қабірінің басына орнатылған. Күмбезі ғана құлаған кесененің төрт қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы 19 ғасырдың 90-жылдарына шейін сақталған. 1905 жылы оның құлаған бөлігі түгелдей бұзып алынып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салынған.  Кейінгі салынған кесене алғашқысына ұқсамайды. Артқы жағында екі мұнарасы бар. Қас беті оңтүстікке қараған, ал оның ішіндегі қабір оңтүстіктен солтүстікке қаратылған. Кірер есігі аркалы қуыспен безендірілген. Қабырғаларының ішкі жағы кесененің бұрынғы өз кірпіштерімен қаланып, сыртқы жағын қалауға жаңа кірпіш пайдаланылған.

Мыңбұлақ сквері – мәдени-тарихи орталық. Қазір сәулеті мен сәні жарасқан сквер көз тартарлықтай  нұрланып тұр. Архитекторлар демалыс орнының жобасын Қытай тарихшысы  Сюань Цзаньнің VІІ ғасырда келтірген деректеріне сай жасаған. Яғни, Меркі қаласының маңындағы «Мыңбұлақ» жайлауындағы таудан сылдырай аққан бұлақтар мен жердің бетін кілемдей жапқан көк шалғынның кескінін кескіндеген. Осындай ерекше композицияға көмкерілген нысанды қазір жоғарыдан тамашаласаң таңдай қақпай қоймайсың.  Бұдан бөлек,  демалыс орнының қақ ортасында қазақ даласының кеңдігі мен табиғатының сұлулығын сомдап тұрған субұрқақ атқылап тұр. «Мыңбұлақ» скверінің жобалық құны 98 млн. теңгені құраған. Сондай-ақ, кешен аумағындағы «Домбыра» мүсіндік кешен саябаққа көрік беріп  қана қоймай, ұлттық рухымызды асқақтатып тұр. Дәл сондай  «Қарауыл мұнарасы» да ежелгі Тараздың өмірінен сыр шертуде.  Бұл нысанның биігінен көне Тараздың келбетті жерлерін толықтай тамашалауға болады.

Ежелгі Тараз қаласы – І-ХІХ ғғ.  қазіргі Тараздың орталық базары аумағында орналасқан. Қалашық маңайын қала үйлері алып жатыр. ХХ ғ-дың бас кезінде ұзын қабырғалар төңірегінде отыздан астам төмпешіктер-қорғандар, қоныстар, некропольдер қалдығы болған. Қазіргі кезде олардың бәрі тегістеліп, үйлер салынған. Сүлейманов көшесінің батыс бөлігіндегі төрткүл және телеорталық ауданындағы қоныс,  қаланың солтүстік шетіндегі ұзын дуалдардың жекелеген бөліктері сақталынып қалған. Сонымен қатар, мұнда «Қазақ хандығының 550 жылдығы» монументі де орналасқан. 30 метрлік ескерткіш қаланың батыс бөлігінде «Тараз-Арена» Спорт сарайына қарама-қарсы бетте тұр.

Medina Ray medinarebrova
26 марта 2016, 0:09
1567

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2988
  • 34
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Если вам нет 35 лет и у вас нет своего жилья, то есть интересная гос.программа. Нишевая программа - молодые семьи Алматы до 35 лет, семья - это как минимум 2 супруга без детей.
DanaJarlygapova
19 окт. 2017 / 16:21
Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

История из моей жизни. Я вспоминаю эти отношения и сама не могу понять - как так произошло? А дело в том, что вы и сами не заметите. Это наступает плавно и динамично.
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 14:17
Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Борьба с оборотнями в погонах идёт не один год, но без особого эффекта. Это даёт повод подробнее поговорить о нашей полиции и её проблемах. Как относятся к полицейским казахстанцы?
voiceQZ
20 окт. 2017 / 18:42
  • 2340
  • 40
«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

Аким Шымкента Габидулла Абдрахимов нашёл решение накопившихся проблем городского транспорта. Все ключевые работники акимата некоторое время будут сами ездить на автобусах.
openqazaqstan
18 окт. 2017 / 10:53
  • 1864
  • 35
Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Я проработала во многих компаниях и повстречала очень много разных интересных людей. Исходя из моих наблюдений, могу описать несколько категорий работников. Может, речь пойдет о ком-то из вас…
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 17:51
  • 1835
  • 17
Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

"Яндекс.Лицей" зашел в казахстанские школы. План - учить бесплатно программированию, формировать себе кадры и выйти на мощность 10 тысяч школьников в год.
Zhumanova
18 окт. 2017 / 8:36
  • 1693
  • 16