Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
1
07:38, 14 марта 2016

Ультрамахаббат

Blog post image

Босқындар хаты

Нора Бен Хорхенің өтініші:

- Мен батыс африкадағы Кот-д Ивуардан бұл хатты сізге жасырын түрде және үлкен үмітпен жазып отырмын. Менің шашым қара, көзім қоңыр, бойым... мен үшін адамның терісінің түсі мен нәсілі, діні, ұлты ешқандай мағына бермейтіндігіне сізді сендіргім келеді. Мен тек адамның жеке болмысын ғана бағалаймын. Мен қазір «Босқындар лагеріндемін», менің осы жерден азат болуыма, басқа топыраққа жетуіме сіздің көмегіңіз қажет. Құрметті досым, мен сізден тез арада және қуанышты жауап күтемін.

Оның жауабы:

- Құрметті Нора Бен Хорхе мен сіздің жағдайыңызды жақсы түсіндім. Мен сізге ешқандай көмек бере алмайтындығым үшін кешірім сұрай отырып, тек бір ғана өтініш айтқым келеді. Сіз қандай жағдай болмасын өз топырағыңыздан безуге бармауыңыз керек еді. Мейлі лагерге айналсын, тозаққа айналсын бәрібір ол сізді жаратқан топырақ.

Қара түнектегі диалог

Ол Нора Бен Хорхенің хаты туралы ұмытуға тырысты. Қызбен сөйлесіп отыр.

Ол: Мен сені мәңгі жақсы көремін.

Қыз: Мәңгі? Қатты кеттің ғой.

Ол: Бұл рас.

Қыз: Қалай? Бұл жер тастай қараңғы сен мені көріп тұрған жоқсың ғой.

Ол: Сен қызсың, ал мен жігіт, енді бұл екі арада тек мәңгілік махаббат ғана бар ғой.

Қыз: Жарайды, бірақ сен өмір бойы тек мені ғана жақсы көріп өтемін деп ойлайсың ба?

Ол: Ия.

Қыз: Қандай опасыз, қатігез едің!

Ол: Қалай?

Қыз: Айналаңда қаншама көрікті қыздар бар, табиғат адамдарды сондай сұлу етіп жаратқан. Сол сұлулықтың бәрін сүйе білу керек. Ал сен айтқандай өмір бойы тек бір адамды ғана бағалып, бір адамды ғана көріп, бір адамға ғана махаббатыңды арнап өту деген бұл нағыз табиғатқа деген сатқындық ғой.

Ол: Менің жүрегім басқаны қаламасашы?

Қыз: Онда сен ақымақсың!

Ол: Мен сені жақсы көргенім үшін ақымақпын ба сонда?

Қыз: Ия, сен мені ешқашан көрген емессің!

Ол: Біз күннің ішіндегі қара түнекте отырмыз. Сондықтан мен сені көре алмаймын ғой. Бұл жер тас қараңғы.

Қыз: Бірақ галактикадағы барлық жаратылыстарды, жұлдыздар мен ғаламшарларды анық көріп отырмыз.

Ол: Мен кеше түсімде Коллайдер лабораториясында жүрмін.

Қыз: Жер астындағы ма?

Ол: Ия. Лабораториядан мен бір кітапты тауып алдым да оқыдым. Алғашқы бетінен мен өзім іздеп жүрген сұрақтың жауабын көрдім. Қалай ояндым, солай бәрі есімен шығып кетті. Мен ол сөйлемді рахаттана қайталып оқығаным анық көз алдымда, бірақ мәтін есімде жоқ. Бір сөзі де ойыма оралар емес.

Қыз: Ол қандай сұрақ?

Ол: Әлемдік тартылыс күші туралы. Сен сол заңға сенесің бе?

Қыз: Ия, әрине, бұл заң болмаса біз қалықтап кетер едік баяғыда.

Ол: Жоқ, анау көз алдыңдағы галактикадағы бар жаратылыстар бір- бірмен ерекше дәлдікпен байланысып тұр, және жер бетіндегі бүкіл тіршілікте солай. Бұл тартылыс күшінің формуласына сыяды дегенге мен ешқашан келіспеймін.

Қыз: Оны өзің білесің. Мені кешкі асқа шақырып жатыр, кеттім. Кездескенше!

Ол: Жақсы!

Доп ойыны

Ол компьютер экраннан басын алып жерге шықты. Жерге аяғы тигенде тағы Ньютон есіне түсіп кетті. Шалдың қулығын ойлаған сайын әлі күнге дейін сол ақымақ заңмен өмір сүріп келе жатқан адамдарға жаны ашыпта кетеді. Бірақ түсіндегі кітап оған жауап бергені анық. Және өзінің дәл сол жауапты оқығанына да сенеді. Алайда қанша ойласа да мәтінді ойына оралта алар емес. Үстел үстінде жатқан Zetatalk сайтынан алынған материялдарға қарап отырды. Кеудесінен шыққан бір күш оның қолдарын қағаздарды бүктеп -бүктеп қоқыс жәшігіне қарай лақтыруға итерді. Телефоны шыр ете түсті. Ол бүкіл ойларын сыдырып тастап, тұтқаны көтерді. Оны бауырлары сыртқа шығып кетуге шақырды. Бұл өз араларында маңызды жұмыс деп аталады. Ол сырт киімін іле салып, добын құшақтап таза ауаға сүңгіп кетті. Далада кеш батып қараңғы түсе бастаған. Футбол алаңы оның үйінен кейін үшінші көшедегі бұрылыста оңаша орналасқан. Басын қалпақшасымен жауып алып, добын әрі -бері айналдырып келе жатты. Жол бойы адамдарды көре берді. Оларды байланыстырып тұрған күш туралы сұрақтармен тағы қақтығысты. Адамдар негізінде бір -біріне ешкімде емес болатын. Ол енді өзінің қайда бара жатқаны туралы ойлай бастады, бауырлары туралы да. Олар оны күтіп тұрды. Ол жетті. Ол телефондағы дауыстан ақ бүгін түнде не болатынын сезіп келе жатқан. Ол өзін бұл алаңда не күтіп тұрғанан да біліп тұрды. Бір бауыры оның қолындағы допты жұлып алып, қайтадан кеудесіне қарай қатты лақтырып жатып амандасты. Біреуі оның бас киімін шешті. Біреуі оның ішінен қатты жұдырықпен бір ұрып амандасып жатты. Ол бауырларының амандасу әрекетін қабыл алды. Себебі оған өзіне бұл алаңға келмеуге де болмайтынан және бауырларының амандасуын қабыл алмауға да болмайтынын ерте түсінген еді. Ол тепкінің астында қалды. Ол бауырларын жақсы көретін, бірақ оларда сезім жоқ еді, көзде, құлақта. Ол тіліне қышқыл дәмі сезілген өз қанын жұтып жатып түсіндегі кітап туралы тағы ойлады. Оның көз алдында бір ғана сөйлем жазылып тұрды. «Күллі тіршілік бір- біріне ультрамахаббат күшмен байланып тұр, бұл байланыс үзілген күні аласапыран басталады». Бауырлар кетті. Ол жалғыз жатты. Бойындағы бар күш- қуатын жинап орынан тұруға тырысты. Бірақ қимылдай алар емес. Көз алдында жазылған жауаптың оны итергені анық, ол орынан тұрды. Жердегі допты аяғымен қатты екпінмен тепті. Доп көкке қарай бағыт алды да, ғайып болды. Жерге түспеді. Ол әлі кетіп қайта құлады. Жер оны өзіне тартты.

1
514
0