место в рейтинге
  • 280838
  • 218
  • 41
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қазақстандағы ашаршылық зұлматына байланысты қазақтардың Батыс Сібірге босқыншылығы

Кейбір жергілікті тұрғындар, шовинистік пиғылдағылар «қазақтар орыс балаларының етін жейді» деген әңгімелер таратуына байланысты жергілікті тұрғындардың қазақтарды өлтірген оқиғалары да орын алды

Қазақстанда жүргізілген «бай-құлақтармен» күресу, зорлап отырықшылдандыру мен ұжымдастыру саясаты бойынша барлық малды ортақтандыру арқылы етке өткізу науқанының нәтижесінде мал басы күрт азайып, оның аяғы бұрын-соңды болмаған ашаршылыққа соқтырды. Бұл ашаршылықтың ауқымы 1918-1919 және 1921-1922 жылдары болған сұрапыл ашаршылықтан да зор болды. 1931-1933 жылдары болған кезекті ашаршылық кемінде төрт миллион адамның өмірін қиды, олардың басым көпшілігі Қазақстанның аумағында қырғынға ұшырады; олар отырған қараша үйлері мен қыстауларында, бір үзім нан іздеп кезіп жүріп өлді, қалаларға жеткендері көшелерде ішектері бұралып өлді, жете алмағандары орыс шаруаларының қыстақтары мен деревняларының, рудниктер мен зауыттардың аймағында жер жастанды. Бір кездерде даланың өркөкірек, еркін де намысқой батыр ұл-қыздары Мәскеу ұйымдастырған жасанды сұрапыл зұлматты басынан өткерді. Голощекин мен Орталықтың Қазақстанға жасаған осы қылмыстық саясатының түпкі мәні – бұл ашаршылықтың Дешті Қыпшақ жерінде қолдан жасалуында болатын. Оны айтасыз, олар мұнан да сорақы қылмысқа барды: Олар қырылып жатқан қазақтарды құтқаруға ешбір тиімді шара іздеген жоқ, істегісі де келмеді. Қырылып жатқан қазақты ашаршылықпен жеке өзін қалдырды, қазақтар аштықпен өздері ғана күресуге мәжбүр болды. Ұлы көшпенділердің ұрпағының алдында екі ғана жол қалды – отырған жерлерінде өлу немесе басқа жерлерге ауа көшіп босқынға айналу. Онда да малсыз, дүние-мүлікті қалдырып босқын болу «таңдауы» алдында тұрды. Себебі малының барлығы тартып алынды, қалғандарын өздері сойып алуға мәжбүр болған еді. Үй-мүлкін алып көшуге жағдай көтермеді. Осындай жағдай басына түскен аш қазақтар 1931 жылдың күзінен бастап лек-легімен Қазақстанның Ресеймен шекаралас облыстарына жаппай үдере ауа бастады. Аш қазақтардың жаппай босқынға айналып көше бастауы, бір жағынан олардың зорлықпен ұжымдастыруға білдірген ұжымдық наразылығы болса, екінші жағынан алғанда аштықтан аман қалудың бірден-бір дұрыс жолы еді. Қазіргі зерттеушілердің есептері бойынша осы жылдары республика аймағын 1 миллионға жуық отандастарымыз ауып кеткен. Сол кездегі Павлодар округінің Ертіс ауданының қазақтарының Омбының Русскополян ауданына ауған босқыншылығын көрген сол облыстың Қаратал ауылының тумасы Асылбекова Зылиха Сартымбекқызы былай суреттейді: «1932 жылдың қысында болған сұмдық оқиғалардың куәсі болдым. Аулымыздың қасынан Омбы жаққа өтіп бара жатқан аш қазақтардың шұбырынын көрдім. Сол жылы сұмдық қатты қыс болды, сақылдаған аяз бен боран толастамай соғып тұрды. Боран толастаған соң ауыл адамдары жолға шығып қарайып жатқан қазақтардың өлігін жинап жерлейтін еді. Өліктердің көптігі сонша оларды тезірек көмуге тырысатын, себебі аш қасқырлар өліктерді жеп қоятын. Бір айта кетерлік жай – адамдар өлер алдында үстіндегі киімдерін шешіп тастап құлайды екен. Денелері тез ісіп кетеді екен. Көп жағдайда аналарына ере алмаған жас балалар көп өлген. Ере алмай қалжыраған балаларына қарайлауға аналардың күші де, мүмкіндігі де болмаған».
Бір үзім нан іздеген Солтүстік және Қазақстанның теріскей шығысының, Орталық Қазақстанның қазақтарының басым көпшілігі Батыс Сібірді бетке алып, Ертістің бойын жағалап пароходпен, темір жолмен, жаяу шұбырды. Жаяу жүргендердің көпшілігі жолда өлді, атап айтқанда Сібірдің шекара аймағында өліктері қалды. Осы жағдайды Батыс Сібір бойынша ОГПУ-ң өкілетті өкілі өзінің «Қазақстандық қазақтардың Батыс Сібір өлкесіне қашып келуі туралы» деген 1932 жылдың 23 ақпанындағы арнайы ақпаратында былай баяндапты: «1931 жылдың күзінен бастап Қазақстаннан қашқан қазақтар көрші орналасқан Батыс Сібір өлкесінің аймақтарына үдере көше бастады. Соңғы кезде бұл жағдай жаппай сипат ала бастады… қашқан қазақтардың қолдарында ешқандай дүние-мүліктері жоқ, еш жерде жұмыс істемейді, басым көпшілігі аш. Қайыршылық жаппай етек жайған, өлген жануарлардың етін жеу көп тараған.. Аштықтан өліп жатқан жағдайлар кездеседі». Ресми ақпаратта Батыс Сібірге немесе «Запсибкрайға» көшіп келген қазақтардың саны 50 мың шамасында деп көрсетіледі. Бірақ, біздің пайымдауымызша шын мәнінде бұл дерек кемінде 250 мың деп ойлаймыз. Не себептен ауып келген қазақтардың саны азайтылып көрсетіледі?
Біріншіден, 1933 жылға дейін, жергілікті билік орындарының қолдарында ауып келген босқын қазақтарды Қазақстанға қайтарып жіберу жайлы нақты нұсқаулары болатын. Себебі олар әрбір ауып келген босқын аш қазақты өздерінің тап жауы деп санады. Сол себептен де ауып келген босқындарды қабылдауға мәжбүр болған билік орындары, ақпарат берушілер қазақтардың санын азайтып көрсетуге тырысты. Бұл сөздерімізге Батыс Сібір өлкесінің Волчихин ауданының атқару комитетінің 1931 жылдың 26 мамырындағы директивасы дәлел бола алады: «Атқару комитеті үш күн мерзім ішінде Қазақ өлкесінен келгендеріне екі жыл болғандарды, біздің ауылсоветтің аймағында тұратын барлық ауқатты құлақтарды, олардың сыбайластарын анықтап оларды Михайлов ауылсоветі арқылы Қазақ өлкесіне, бұрынғы мекен жайларына көшіріп жіберуді ұсынады». Бұл директивада сонымен бірге оларды колхозға қабылдауға тыйым салу жөнінде нұсқау берілген. Батыс Сібір өлкесіне ешқандай малсыз, дүние-мүліксіз аштан өлмеу мақсатында жаяу шұбырғандарды қалайша құлақтар мен ауқаттылар қатарына қосуға болады?
Екіншіден, ауып келген босқын қазақтардың көпшілігінің қолында еш құжаттары жоқ болатын. Сол себептен де Қазақстаннан келгендердің санын анықтауға мүмкіндік болмаған. Төлқұжаттар кейінірек пайда болды.
Үшіншіден, босқындар тез жиналып, тез көшіп кетуге дайын тұрды. Пәлен жерде тамақ бар немесе жұмыс бар деп естісе сол заматта көшіп кете берген.
Төртіншіден, қазақтардың жаппай қырылып қалу жағдайлары көп болған. «Сібір өлкесінің» көптеген жол бойларында, әсіресе қыс мезгілінде аштық пен суықтан өлген қазақтар жаппай орын алды.

Толығырақ оқу...
29 февраля 2016, 9:34
367

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

Министерство труда и соцзащиты провело через парламент очередной крайне неоднозначный закон, который может вызвать всплеск недовольства в стране.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 11:17
  • 22303
  • 19
«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

Заранее отпишусь, данный пост не является попыткой оскорбить собственную нацию) Как говорится о вкусах не спорят, каждому свое.
Bonittta
16 нояб. 2017 / 14:28
  • 11359
  • 337
Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Подтверждаются худшие предположения, циркулирующие в соцсетях. Периодические исчезновения детей в разных регионах Казахстана объясняются не только семейными проблемами и «синими китами».
openqazaqstan
16 нояб. 2017 / 15:46
  • 5490
  • 54
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
вчера / 11:00
  • 4867
  • 38
«Думай как британец»: 8 вещей, которым я научилась в Великобритании

«Думай как британец»: 8 вещей, которым я научилась в Великобритании

Как два года в Великобритании изменили мою жизнь. Несколько простых вещей, которые могли бы сделать нашу жизнь лучше.
goribaldi
13 нояб. 2017 / 16:51
  • 3950
  • 28
Мой личный рейтинг женщин: от пуританки до содержанки

Мой личный рейтинг женщин: от пуританки до содержанки

Сегодня предлагаю вашему вниманию мой личный рейтинг женщин. А вот я хочу быть домохозяйкой, правда, не пахать дома, а хозяйничать.
Mysli_v_Sluh
13 нояб. 2017 / 15:00
Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Отдельные инициативы некоторых российских чиновников вызывают в Казнете приступы просто-таки гомерического ржача. Женщин в регионе – пруд пруди, а вот мужчин, с которыми они могли бы создать семьи, не хватает.
openqazaqstan
14 нояб. 2017 / 15:55
  • 2485
  • 18
Поездка на заработки в Южную Корею: пройти таможню и не стать персоной нон грата

Поездка на заработки в Южную Корею: пройти таможню и не стать персоной нон грата

Между нашими странами действует безвизовый туристический режим до 30 дней. Но на таможне не "туристов" разворачивают назад с пожизненным запретом во въезд в их страну. Однако пройти паспортный контроль вполне возможно.
Krykbayeva
12 нояб. 2017 / 14:38
  • 2722
  • 46
Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Сегодня в прессу просочились детали скандальной сделки ЕНПФ с «мусорными» облигациями ТОО «Бузгул Аурум», о которой уже подробно рассказывалось в начале года.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 16:13
  • 2985
  • 21