Абай-Фурманов пен Абай-Алтынсаринның арасы...

bombom 2010 M08 26
913
13
0
0

Сағат кешкі 6.10-6.15. Аялдамаға жұмыстан шыққан халық жиналып-ақ қалған. Ұзыны, аласасы, қарасы, сарысы, наушнигі бары, наушнигі жоғы, сумкалысы, сумкасызы бар түрлі кейіптегі, нәсілдегі...

Сағат кешкі 6.10-6.15. Аялдамаға жұмыстан шыққан халық жиналып-ақ қалған. Ұзыны, аласасы, қарасы, сарысы, наушнигі бары, наушнигі жоғы, сумкалысы, сумкасызы бар түрлі кейіптегі, нәсілдегі, әлеуметтік, діни топтағы адамдар күбірлесіп, дабырласып тұр. Азан-қазан болып, қара түтінін будақтатқан неміс, жапон, орыс көліктері лек-легімен келіп көше бойына тығылып жатыр.  Абажадай автобустар "Алматы - портты қала" деген қалжыңды еске түсіріп, пароходтың гудогына ұқсас жоғары деңгейдегі децибелді сигналдарын басып өңкитіп келіп-ақ қалғанда еріксіз артқа шегінесің. Еті үйреніп кеткен кебіреулер айналадығы мегаполистік "хаосқа" мәу дер емес. Алматы-Астана тас жолында келе жатқандай Абайдың бойымен жүретін қоғамдық көлік аңыратып келді де, ар жақтағы қатардан жолдағы жүргізушілердің боқтық сөздерін жинап, бұрылып аялдамағы келіп тоқтады. Көлік терезесінен әлдебіреудің басы мен сол бастың жанындағы түрегеп тұрған біреудің көтені көрінеді. Яғни автобустың іші лық толған адам деген сөз. Ғылыми-фантастикалық түрде автобустың темір бүйірін созғылап тағы оншақты адам отырдық. Орын тауып отырамын деп иегіңіз қышымай-ақ қойсын, сіз тұрмақ елуді алқымдаған егде жастағылардың өзі өзінен үлкендерге тұрып орын беруде...Арт жақтағы бесорындық орындықта ғана жзастар отыр, бірақ оған жете алмайсыз, себебі:

  1. Екі ортада тұрған адамдарды бір орам динамитпен немесе улы газбен құлатып өтпесе, өте алмайсыз;
  2. Отырған адамдардың бәрі қалың ұйқыда, оған себеп 8-сағаттық жұмыс күні мен әлемдік экономикалық дағдарыс салдары;

Сіріңке қара, шашын өсіріп жіберген жасөсіпірім жігіт есіктің аузында "кинг-конгтік" тәсілмен, яғни бір жартысы сыртта, бір жартысы іште, автобустың баратын жерін айтып аялдама сайын айқайлап келеді...

Толассыз кіріп жатқан адам...

Шаршаған кейіп, үңірейген көз, қатыңқы қабақ, суалған ұрт...

Ұрсысқан халық...

Бағдаршам... аялдама...пробка...тағы бағдаршам...тағы аялдама...тағы пробка...

Осылай кете береді...

Тек сығылысқан жұрттың арасында, мүңкіген иістен ауыз-мұрныңды жауып, біреудің қолтығының астынан басыңды шығарып тұрғанда терезеден ақ шаңқан, әдемі, салқын да таза көлікте кетіп бара жатқан қымбат киімді бозбала мен сұлу бойжеткенді көргенде барып ойың бір сәтке бөлінгендей болады....

Оцените пост

0

Комментарии

0
Мда. Дал осылай гой бари...Шамалы кателер кетипти.
0
Асығып отырып жаздым.
0
Бұның барлығы қарапайым халықтың күйбең тіршілігі ғой. Қымбат киімді бозбала мен қыздардың түсіне кіріп те шықпас...))))
0
Әрине...бірақ кейде күйбең тіршілік көлемі нервыңды қоздырып жіберетіні жаман-да,көтек...
0
Ол да бар. Онсыз қалай? Бұл болмаса, оның орнына жүйкені тоздыратын басқа нәрсе тез табыла қояды ғой)))
Показать комментарии