Дүниенің ең үлкен ауызашары

Асхат Еркімбай 2010 M08 25
770
0
0
0

21 тамыз күні Стамбулдың Эсенлер ауданында құрылған 10 километрлік ауызашар дастарханына 41 120 адам жиналды. Эсенлердегі ауызашарға тұрғындар өз үйлерінен тамақ әкелді және жергілікті әкімдік те...

21 тамыз күні Стамбулдың Эсенлер ауданында құрылған 10 километрлік ауызашар дастарханына 41 120 адам жиналды.

Эсенлердегі ауызашарға тұрғындар өз үйлерінен тамақ әкелді және жергілікті әкімдік те ауызашар үшін азық-түлік бөлген.

Ресми мәліметтер бойынша Эсенлер әкімдігі 10 мың тонна палау, 8 тонна ет, 1500 табақ баклава, 100 мың бөтелке су, 45 мың стакан айран және 45 мың стакан жеміс сусынан таратқан.

Ораза тұтқан мұсылмандарға ауызашар дастарханында 2900 адам қызмет көрсетті.

Бұған дейін АҚШ-тың Вашингтон қаласында бір уақытта 16 250 адам жиналып ауыз ашқан еді. Гиннестер рекордтар кітабының сарапшылары арнайы тексерген соң, Түркиядағы бұл ауызашар "Дүниедегі ең үлкен ауызашар" деп танылмақ.

www.kezdesu.com және Түркияның ақпарат көздері бойынша әзірленді

Оцените пост

0
Дальше