Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:35, 25 августа 2010

Аршат Оразов: Айналамның бәрі - Ораза!

Аршат Оразов - қазақ интернетіндегі бірнеше ілкімді жобалардың авторы. Соңғы жобаларының бірі www.kezdesu.com деп аталады. Қазақ жастарының өз ара пікір алмасатын виртуалды алаңын әзірлеген Аршта Түркияда білім алған. Қасиетті Рамазан айында ол www.oraza.info-ның "Бес сауалына" жауап берген еді.

Blog post image1.      Өміріңдегі ең алғашқы Оразаны ойлағанда есіңе бірінші кезекте не
түседі? Неге?

Негізі еске түсетін нәрсе көп. Бірақ ең алдымен еске түсетіні Ораза
сияқты. Иә, Ораза. Айналаның бәрі ораза еді, ТВ ораза, адамдар ораза,
көше ораза, қоғамдық көлік ораза, яғни барлық жерден оразаның иісі
шығады. Қазақстанда өкінішке орай әлі ештеңе сезілмейді.

2.      Егер ертең Оразаның алғашқы (немесе соңғы) күні болатын болса,
бүгін не істер едің?

Христиан мерекесі десек те негізі Жаңа жылды отбасымызбен өткізуге
тырысамыз ғой. Сол сияқты оразаның алғашқы және соңғы күнін ешқайда
қонаққа бармай өз үйімде өткізуге тырысамын.

3.      Оразаны ұстау барысында басыңнан өткен қандай да бір қызықты
оқиғамен бөліссең?

Футбол фанаты екенімді көп адам біледі. Оразаның бір күнінде ойынның
ортасында ауыз аштым. "Ақтөбе" ойнап жатты, мен трибунада қалтама
салып әкелген су және Сникерспен ауыз аштым :)

4.      Ең жақын досың Ораза ұстағысы келмей сылтау айтып жүрген болса, яки
теріс жолға түсіп бара жатса, қандай шара қолданасың?

Дұрысын айту, түсіндіру кімге болса да міндет. Ал шешім қабылдайтын
бәрібір ол болып қала бермек.

5.      Оразаға орай Сені ауызашарға шақырып, соңынан бата тілесе, қандай
бата берер едің?

www.akikat.kz сайтында Жеңіс баурымыздың бір мақаласын оқығам.
Тамақтан кейінгі ең жақсы дұға былай екен:

«Уа, Алла! Бізге тамақ берген, сусын берген кісіні Сен де тамақ беріп,
сусындандыр әрі оған құт-береке бер!»

Осы дұға-батаны ұнатамын.

0
1206
0