место в рейтинге
  • 280838
  • 218
  • 41
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Ерлер есімі – ел есінде

Ар жағынан патша әскері қаптап келе жатты. Солдаттардың алдында үш атты оқшау көзге түсті. Соның бірін Амангелді көздеп атты да оққа ұшырды

Бірінші әңгіме
«Қазақтың Ленинграды» атанған Торғай даласында халық батыры Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығы алдында туған дала көне тарих сырын шерткендей. Кең байтақ өңір сырлы сазға бөленгендей. Батырды көзі көрген көнекөз қариялар сарбаздар айтар еді: «Бұл жұмыр жерде Париж барикадасында көтерілген қызыл ту, Аврора крейсерінде көтерілген Қызыл ту, одан кейін Торғай даласында Аманкелді Имановтың сарбаздары көтерген Қызыл туды адамзат тарихы ешуақытта ұмытпас» деп. Бүгінгі бақытты өмір мен нұрлы болашақ жолында толарсақтан саз кешіп қу толағай жастанған ерлер есімі Торғай аспанында мәңгілік шырағдандай маздайды. Ол есімдердің мәртебесі биік. Адам – жаратқанның перзенті емес, жаратылыс перзенті екенін, зұлымдықты жеңбесе қуаныш та көрмейтінін танытты. Адамның өмірге жәбір-жапа көруге емес, таудай қасіретке де қарсы тұрып оны жеңуге келгенін дәнелдеді. Сол құдыреттілердің бірі – Амангелді Иманов. Ол – халық батыры, ол – ел деп туған халық перзенті. Амангелді 1916 жылы патша үкіметіне қарсы шығып халық көтерілісін бастағаны мәлім. Бірдің мыңға татитыны бар емес пе, Амангелді – әділетті аңсаған қара халықты күреске жұмылдырған ердің ері. Көтерілісшілер армиясы азаттық үшін ата жауымен арпалысқа түсті. Олар қандайда берік қамал ішінен қирайтынын ұқты. Сосын қынына қарай қылыш суырды. Дәл бұл шақта патшаның «Июнь жарлығы» бойынша қазақтан әскер құрастыру басталған кез еді. «Халықты патша қырды не, табиғат дүлейі қырды не, өлімнің аты – өлім», – деген Құрманғазы. «Дүниеге еркелей келіп босқа кетпеу үшін, келер ұрпақ өсер төл бақытты болашақ жолында салиқалы өмірін сарп етпеген адам адам ба?» дескен сарбаздар 1916 жылдың қыркүйегінен бастап иығына қару іліп атқа қонды. Халық батыры Амангелдінің туы астына жиналып Қаратоғай, Сарытоғай, Көртоғай, Қайдауыл болыстарында мыңбастылар, жүзбастылар сайланып, патша әскерімен соғысуға әзірлік өте-мөте қызу жүргізілді. Ажалдан да тайынбауға бекінді. Сарбаздардың болашаққа деген шынайы сезімі шытынаған жоқ. Соғысқа лағнет айтылды. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарды. Жақсылық пен ар-намыс – ердің көркі, ерлік өлмейді деп ұран салды. «Ереуіл атқа ер салмай, егеулі найза қолға алмай, ерлердің ісі бітер ме?» деп ерлік туын жоғары көтерушілердің қатарын да Сарытоғай болысында мыңбасы Оспан Құтыбаев, жүзбасы Батырбас Садырбайұлы бар еді. Ал Қайдауыл болысында мыңбасы Әлжан Қорабаев, Көртоғай болысында Дәуіт Ержанов деген жігіттер еңіреген ерлерін соңына ертіп сапқа тұрды. Әулие-әмбиелер мен қырықшілтен ғайып еренге сыйынып тірі тұрғанда ешбір азаға көнбейтінін білдірді. Көргені жақсы көш бастап, әр болыста атты әскермен соғысқа әзірлік ұйымшылдықпен өтіп жатты.

Амангелді сарбаздары екі бірдей жаумен алысуға тура келді. Екі бірдей жаумен бетпе-бет кездесті. Ел ішінде патша үкіметімен ауыз жаласқан бай шонжарлар қияңқысын, жасырын түрде қатерін аяған жоқ. Олардың арасында жік тудыруға сарбаздардың бағытынан барлық әрекетін істеп бақты. Бірақ оның бәрі ұлы жігерді ұлы күресті тудыратынын ұққан сарбаздардың сағын тындырып, жігерін мұқата алмады, қайта жауға кек қайнады. Ашу-ызаға булыққан халық толқынын ешқандай күш бөгей алмайтынын көрсетті. Өйткені ер егесте шынығып, сесті батырлар болаттай суырылып жатты. Торғай өңірін сілкіндіріп ел қорғаудың дауылы басталды. Жарлы-жақыбайлар өзінің қолбасшысы Амангелді Имановтың соңынан осылай ерді. 1916 жылдың қарашасы Торғай даласы осы күнді әлі ұмыта қойған жоқ. Қазақ даласында бірінші рет еркіндікті аңсаған әділетті оқ атылды. Бірінші рет атылған оқ. Сарбаздар патша әскерімен бірінші рет соғыста айқасты. Қара халықтың сондағы тау жыққандай екпіні-ай шіркін. Осынау тасқын күшті дүниеде ешнәрсе тоқтата алмайтынын дәнелдеді. Азаттық соғысы Күйік қопасында Құмкешуде, Сарықопа, кейін Амангелді бастаған қалың қол Доғал жерінде патша әскерлерімен кескілесе күресті. Ерлер белдескен жауды белден басты. Осынау ұрыстың қай-қайсында да екі жақтан да шығын аз болған жоқ. Әсіресе, Күйік соғысында сарбаздар жаудың басым күшін тас-талқан етіп өздерінің ерлігін таныта білді. Сол алғашқы уақыттарда-ақ Амангелді жауды жеңуге айласы алтау, ақылы жетеудей алғыр қолбасшылығын танытты. Қандай да соғыс қиындығын айлалы ғана жеңетінін сол қиындықты отты жүректі қайратты ғана жеңетініне сендірді. Әйтпесе сарбаздар саны көп болғаны мен олардың алғашқы айқастарында қолындағы қару-жарағы әлсіз еді. Әсіресе алыстан көздеп ататын зеңбірек сияқты қарулары болған жоқ. Дәл сол Доғал соғысында екі жақтан да адам шығыны көп еді. Бірақ бұл сарбаздар өмірдегі ең күшті ең елеулі оқиға.

Толығырақ оқу

15 февраля 2016, 15:48
553

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

Министерство труда и соцзащиты провело через парламент очередной крайне неоднозначный закон, который может вызвать всплеск недовольства в стране.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 11:17
  • 22303
  • 19
«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

Заранее отпишусь, данный пост не является попыткой оскорбить собственную нацию) Как говорится о вкусах не спорят, каждому свое.
Bonittta
16 нояб. 2017 / 14:28
  • 11359
  • 337
Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Подтверждаются худшие предположения, циркулирующие в соцсетях. Периодические исчезновения детей в разных регионах Казахстана объясняются не только семейными проблемами и «синими китами».
openqazaqstan
16 нояб. 2017 / 15:46
  • 5490
  • 54
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
вчера / 11:00
  • 4867
  • 38
«Думай как британец»: 8 вещей, которым я научилась в Великобритании

«Думай как британец»: 8 вещей, которым я научилась в Великобритании

Как два года в Великобритании изменили мою жизнь. Несколько простых вещей, которые могли бы сделать нашу жизнь лучше.
goribaldi
13 нояб. 2017 / 16:51
  • 3950
  • 28
Мой личный рейтинг женщин: от пуританки до содержанки

Мой личный рейтинг женщин: от пуританки до содержанки

Сегодня предлагаю вашему вниманию мой личный рейтинг женщин. А вот я хочу быть домохозяйкой, правда, не пахать дома, а хозяйничать.
Mysli_v_Sluh
13 нояб. 2017 / 15:00
Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Отдельные инициативы некоторых российских чиновников вызывают в Казнете приступы просто-таки гомерического ржача. Женщин в регионе – пруд пруди, а вот мужчин, с которыми они могли бы создать семьи, не хватает.
openqazaqstan
14 нояб. 2017 / 15:55
  • 2485
  • 18
Поездка на заработки в Южную Корею: пройти таможню и не стать персоной нон грата

Поездка на заработки в Южную Корею: пройти таможню и не стать персоной нон грата

Между нашими странами действует безвизовый туристический режим до 30 дней. Но на таможне не "туристов" разворачивают назад с пожизненным запретом во въезд в их страну. Однако пройти паспортный контроль вполне возможно.
Krykbayeva
12 нояб. 2017 / 14:38
  • 2722
  • 46
Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Сегодня в прессу просочились детали скандальной сделки ЕНПФ с «мусорными» облигациями ТОО «Бузгул Аурум», о которой уже подробно рассказывалось в начале года.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 16:13
  • 2985
  • 21