Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:00, 12 февраля 2016

Жастар және рухани құндылықтар

Бүгінгі күнде еліміздің үштен бір бөлігін құрайтын жастар - келешек қоғамның жарқын болашағын қалыптастыратын стартегиялық мақсаттарды жүзеге асырушысы екені мәлім. Сондықтан жастардың білімді, дәстүрмен қатар өз заманнның озық діни құндылықтарын меңгерген, бәсекеге қабілетті болғаны абзал. Осы тұста жастардың дұрыс әлеуметтенуімен қоса ұлттық құндылықтарда тәрбиеленудегі маңызы зор.

Жастар халықтың қоғамдық белсенді бөлігі және тәуелсіз еліміздің болашақ дамуы үшін стратегиялық ресурсы болып табылады. Жастардың мемлекет мүддесі мен мемлекеттің болашақта дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндіктері бар зияттылық және рухани саналы тұлғаның қалыптасу қажеттілігі аясында айқындалады.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясатының негiзгi мақсаттарының бірі ол жастардың әлеуметтiк дербестігі, дәстүрлі діни құндылықтарды тұлғалық қалыптасуын жүзеге асырумен қоса, құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау және нығайту болып табылады. Жастар саясатын жүйелі жүргізу қажеттілігі өзінің әлеуметтендіру процесінде жас адамның кезігіп отыратын өмір қиыншылықтарымен айқындалады. Жастар өзінің біліктілігі және кәсіби даярлығы деңгейінің төмендігіне байланысты халықтың аз қорғалған бөлігі болып табылады.

ҚР Президенті Н.А.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған 2012 жылғы  «Әлеуметтік-экономикалық дамуды жаңғырту – Қазақстанның басты бағыты» атты Жолдауында қазіргі қазақ жастарының құндылықтық бағдарларындағы ұлттық құндылықтардың рөлін анықтап берді.

Әлемдегі ғаламдану үдерісі, қоғамның рухани адамгершілікті қамтитын мәдениеттердің өзара байланысы және этномәдени дәстүрлер мен жалпыадамзаттык құндылықтардың құрамды бөлігі ретіндегі ұлттық құндылықтар негізінде тұлғаны қалыптастыруды алдыңғы қатарға шығарады. Бұл тұрғыдан рухани адамгершілігі қалыптасқан ұрпақты тәрбиелеуде ғасырлар бойы жинақталған өмірдің мәні туралы халықтың мәдени мұраларын, даналық ұлағаттарды пайдалануы жоғары деңгейде маңызды болмақ.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан халкына Жолдауында, «Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында», «Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында» ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайларды туғызу туралы қажеттілігін атап көрсеткен.

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің ғылыми және шығармашылық әулетіміздің деңгейі жоғары, білім өрісі биік халқымыз бар... Біз қолымыздағы осындай баға жетпес қазынаны жан-жақты танытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз» деп, рухани байлығымыздың қорын байыта түсу шаралары жүзеге асырылуда.

Осы тұрғыдан алғанда, ұлттық құндылықтарымызды бүгінгі заман сұранысымен сабақтастыра байланыстырып, оқу-тәрбие үдерісіне өндіруіміз қажет. Ал бұл ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпақтың бойына сіңіртуге, сондай-ақ, ғылыми тұрғыда негізделген білім берудегі қоғамдық пәндердің алатын орны ерекше. Әсіресе, дінтану, тарих, мәдениеттану, қоғамтану пәндері ұлттық мұраларымыздың негізгі насихаттаушысы, жаршысы десек қателеспейтініміз анық. Халқымыздың атадан балаға ғасырлар бойы там-тұмдап жинақтаған рухани қазынасы тоқырау, тоталитарлық жүйе, кеңес өкіметі кезеңдерінде күйзеліске түсіп, тұншықтырылды. Сол қиын кезеңдерде халқымыз өзінің мәдени және діни құндылықтарынан ажырап қалды. Қиын қыстау заманында ұлттық құндылықтарымыз, салт-дәстүрлеріміз жеткілікті деңгейде бағаланбады. Сондықтан білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде, соның ішінде арнаулы орта білім беру ұйымдарында ұлттық құндылықтар тұрғысынан дінтану, мәдениет саласы жағынан білім беру, жас жеткіншектердің ұлттық сана-сезім түсініктерін кеңейту, оларды өз халқының ұлттық мұраларын қастерлеп, сақтай білуге үйретуіміз қажет.

Қорытындылай келе дәстүрлі дініміздің, әр бір ұлттың ерекшеліктерін ескеріп, салт-дәстүрімізбен құндылықтарымыздың озығын негіздей отырып, қоғамға оң көзқарасты тәлім ұсыну әр бір азаматтардың міндеті екенін ұмытпауымыз керек. Сол үшін бабалардан келе жатқан рухани мәдениетімізді әрі қарай жалғастыруымыз керек.

ҚР МСМ ДІК Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы

Конфессияаралық ынтымақтастық бөлімінің ғылыми қызметкері

Бекжан Жахин

0
2151
0