Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
21:30, 01 февраля 2016

Халқына қамқор болған Қоңыр қажы

Blog post image

Шілікті халқын аман сақтап қалу үшін ел-жұртқа бас болады. Шағаноба өзенінен Саршиге дейін жететін 35 шақырымдық тоғанды қолмен қаздырады

Елағасы, қайраткер. Шілікті жазығында ғұмыр кешкен Қоңыр атамыз өз уақытында сыйлы, қадірлі адам болған. Мекке барып, қажы атанған, әулие кісі екен. Заманында ел билеген Бұтабай, би Шаянбай, Сасан би, басқа да шығыстағы болыс, атқамінерлермен сыйласып өтіпті. Советтік дәуірде Шілікті совхозын 20-дай жыл басқарған, шаруашылық жайының білгір басшысы Қалым Құнафияновтың «Өткен күнде белгі бар» деген кітабында Қоңыр қажы шамамен 1873 жылы туған деп көрсетіледі. Ал Қалихан Алтынбаев өз еңбегінде 1869 жылы туған деп дерек береді. Қоңыр қажы – қожан руының халық құрметтеп, төбесіне көтерген биі. Тарихшы Ескендір Құранбаев «Найман Керей» кітабында Қоңыр қажы 1908 жылы қажыға барған, 1905 жылы «Қазақстанның шежіре жазу қоғамының мүшесі болған» деген құнды деректерді алға тартады. Бұл сөздің дәлелі ретінде этнограф зерттеуші ұстаз Е. Құранбаев Қоңыр қажының қожан руының шежіресін жазғанын және ол жазбаның әлі табылмай отырғанына өкініш білдіреді. Біреу болмаса біреуден шықса деген тарихшының үмітін ескеріп, көп болып шежірені табуға атсалысуға тиіспіз. Қоңыр қажының әкесі Мәжит Маңқиұлы – 19 ғасырда өмір сүрген, ел қадірлісі болған сыйлы адам. Атақонысы: Шілікті жерінің Қарасай өңірі. Мәжит Монкин есімі 1873 жылғы 7 қаңтарда Санкт-Петербургте II Александр патшаның қабылдауында Зайсан және Алтай қазақтарының депутациясы ішінде кездеседі. Патшаның осы қабылдауына барған депутация құрамындағы архивтік суретте Мәжит Монкин Тарбағатай елі Шілікті болысының биі деп көрсетіледі. Қажылыққа барған сапарында өмірден өткен Тарбағатай тектілерінің бірі.

Blog post image

Суретте жоғары қатарда сол жақтан төртінші отырған Мәжит Маңқиұлы

Сонымен Қоңыр қажы өз халқына қандай жақсылық жасады? Оның есімінің ұрпақтан ұрпаққа бойтұмардай ілтифатпен жетіп келе жатқан себебі неде? «Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі тоқтықта ауыздан кетпейді» деген сөз бар ғой халықта. Міне осы халықтық сөздің мағынасын Қоңыр қажының ел-жұртқа сіңірген еңбегінен ұғамыз. 1928 жыл қазақтың малын тартып алып, жанын садақа қылған жылдар. Голощекинның қолдан жасаған ашаршылығы елге жаппай күйзеліс әкелді.

Толығырақ оқу

1
1044
0