Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:46, 30 июня 2016

Алғашқы қадам...

Бәріне Сәлем!

Мен бұл сайтқа тіркелгеніме бір жылдың жүзі болып қалды. Осы уақыттың ішінде бұл сайтқа көп нәрселер жазып, өз ойыммен бөлісіп жүрдім. Білгеніммен бөлісіп, білмегенімді біліп жүрдім. Бірақ біршама уақыт кірмей кеттім. Қазір осы жазбаларды қайта жазғым келеді.

Blog post image

Ең алдымен өзімді таныстырып кетсем.

- Есімім (nickname) - ХанСа

-Мен 17 жастамын және мен студентпін

-Мен - тұйықпын. Мен - флегматикпін

-Таныстарым-көп, достарым - аз...

-Болашақта шет елге оқуға түскім келеді

-Қазір, ағылшын тілін және кәріс тілін үйренудемін. Қытай тілін де үйреніп қалуым мүмкін

-Маған түрлі тілдерді меңгерген, табиғатты фотоға түсірген, блог жазған, пианинода ойнаған, ән айтқан, дәмді тағамдар пісірген ұнайды

-Мен адамды жұбата алмаймын. Оның орнына оған мотивация болатындай нәрсе айтқан ұнайды

-Болашақта кім болатынымды әлі шешпедім. Бірақ шетел тілдеріне қатысты мамандыққа түскім келеді

- Жақсы жаққа қарай өзгергім келеді

-Ата-анама қиындық көрсеткім келмейді

- АЛЛА -ға Шүкір!

Blog post image

Бұл сайтқа қайта оралғандағы мақсатым - өзімнің қандай екенімді түсіну. Өз ойымды жазсам, кейін өзімнің қандай екенімді түсіну оңай болады деп ойлаймын. Менің парақшамның қандай бағытта жүретінін әлі білмеймін. Бірақ өзіме, мотивация, өмірге деген құлшынысты арттыратын посттар оқыған ұнайды. Ал сізге ше? Өз ойыңызды төменге жазып кетіңіз)

Болашақта мүмкін блогер болып кетермін, кім біледі?!

0
1427
0