место в рейтинге
  • 280838
  • 218
  • 41
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Бекарыстан би мен Ақтан батырдың тарихтағы орны

Қасиетті Сыр бойының топырағынан елін қорғаған батырларымыздың, білікті билеріміздің өмір жолдары әлі толық зерттеліп болған жоқ.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық тарихымыз бен рухани мұрамызды тереңінен зерттеп, жаңаша зерделеуге мүмкіндік туды. Әрбір азамат өз елінің өткені мен тарихын білуге, Отан тарихының тәжірибесі мен құндылықтарын келесі ұрпаққа үйретуге міндетті. Қазақстан Республикасы деп аталатын мемлекетті құрушы негізгі ұлт – қазақ ұлтының тарихын терең де жан-жақты зерттеп зерделеу қажет. «Өз жұртыңды құрметтеу – туған өлкенің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлағатты сөзі, өлкені танып-білуден екенін көрсетіп тұрғанын білеміз.  Қасиетті Сыр бойының топырағынан елін қорғаған батырларымыздың, білікті билеріміздің өмір жолдары әлі толық зерттеліп болған жоқ. Қазақ батырлары – көшпелі қоғамының әскери тәжірибесін, дәстүрін сақтаушы және оны келешекке дәріптеуші. Батырлар өздерінің әскери өңері арқылы келешек ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелейді. Қазақ батырына ел үшін, жер үшін ұрыс майданында өлу үлкен мәртебе болған.  Неміс тарихшысы Л.Н. Ренкенің айтуынша, «...Тарихи оқиға қалай болса, сол күйінде жазу керек» десе, келесі неміс ғалымы Марк Блок «Тарихтың әр қилы куәлігі шексіз. Әрбір айтқан адамның сөзі, жазғаны, қолымен жасағаны, қолы тиген жерінің бәрі ол туралы дерек беруі керек» деген. Яғни ұлттық тарихты зерттеу, зерделеу үшін нақты төл деректеріміз шежіре, фольклор, естелік, мерзімді басылым, заттай материалдарға сүйенуіміз керек.  Қазақ халқының дәстүрі мен қоғамдық өмірінде біте қайнасып келген билер институты өз ерекшелігімен маңызды орын алады. Билер елдің дәстүрлі ұстанымдары мен халық тәрбиесіне үлкен назар аударып, ұлттық дүниетанымды негіздеуге атсалысты. Қазақ елінде ханнан гөрі бидің қадір-қасиеті басым болған. Ханның арқа сүйеуі жарасымды бимен табылады. Бисіз хан оңбайды, хандықпен қатар қырағы билік те бір жерге бас қосса, ондай ханды елде суйеді, ұмытпайды, шежіресінде атын қалдырады. Л. Баллюзек өз еңбегінде билердің орнын өте жоғары дәріптеп келтіреді: «Би — өз халқының тірі шежіресі, заңын көп білетін заңгері болып қана қоймай, шешендігі, суырып салма сөз өнерін жетік білетін, халқымен біте қайнасып, тұрмысына да, әдет- ғұрпына білгір болған саясаткер».  Қазақ халқына тән билер институтының ерекшелігі, оның қоғам омірінің саяси, әлеметтік және рухани салаларына ғасырлар бойы сіңірген еңбектерінде. Осындай ел қажеттіліктерін сабақтастырып, ұштастыра білген билер институтына өз үлесін қосқан, ХVІІІ ғасырдың екінші жартысымен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүргені – Бекарыстан би болды. Оның азаматтық қайсарлығы, сөз тияр өнері,ел үшін жасаған әділ билігі ауыз-екі деректен сақталып келді. Қазақта «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген ұлағатты сөз бар. Әрі батыр, әрі би Бекарыстан Амалдықұлының жеті аталық шежіресін былай таратайық: Алшын-Әлімұлы-Жаманақ (Шекті)-Өріс-Есенәлі-Кішкене. Кішкенеден Асан дүниеге келеді. Асаннан Матығұл одан Нұрбай би дүниеге келеді. Нұрбай басқа балаларына қарағанда зерделі, алғыр, еті тірі болып өседі. Есейе келе өткір тілді шешен, білгір, қайратты болған. Нұрбайды халық «Би Нұрбай» атап кеткен. Нұрбай биден мықты болып туған Амалдық, одан дүниеге әрі би, әрі батыр Бекарыстан келеді.

Кезінде бүкіл түркі әлемінің данышпаны Қорқыт баба: «Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі» деген екен. Сол сияқты Бекарыстан батырда жауды садағының бір оғымен қайтарған екен. Бұл оқиға ХІХ ғасырдың 50-і жылдары болғанға ұқсайды. Бір жылы елді жау шауып, «жау келе жатыр» деген хабармен Бекарыстан би ауылы мұз үстімен Көкаралға қарай көшеді. Бекарыстан би: «Қашаңғы көше береміз, қайрат қылмаймыз ба?» десе балаларының ешқайсысы үндемейді. Сонда батыр әрі би Бекарыстан садағын алдырып ат үстінде тұрып бір жебені тартыпты, жебенің тек бір ғана сүйемі жерге кірмей қалыпты. Қош жүре береді де, артынан ізін қуып келген жаудың батырлары қадалған жебеге кезігеді. Содан олар мұзға жебе тартыпты да, ешқайсысы Бекарыстан батырдай жебенің жобасына жеткізе алмапты. Қазақтың батырының мықтылығына көзі жетіп түрікмендер: «Қой мынадай батыры бар ел бізге алдырмас», – деп кері қайтады.

Толығырақ оқу

29 января 2016, 9:18
661

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

Министерство труда и соцзащиты провело через парламент очередной крайне неоднозначный закон, который может вызвать всплеск недовольства в стране.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 11:17
  • 22303
  • 19
«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

Заранее отпишусь, данный пост не является попыткой оскорбить собственную нацию) Как говорится о вкусах не спорят, каждому свое.
Bonittta
16 нояб. 2017 / 14:28
  • 11359
  • 337
Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Подтверждаются худшие предположения, циркулирующие в соцсетях. Периодические исчезновения детей в разных регионах Казахстана объясняются не только семейными проблемами и «синими китами».
openqazaqstan
16 нояб. 2017 / 15:46
  • 5490
  • 54
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
вчера / 11:00
  • 4867
  • 38
«Думай как британец»: 8 вещей, которым я научилась в Великобритании

«Думай как британец»: 8 вещей, которым я научилась в Великобритании

Как два года в Великобритании изменили мою жизнь. Несколько простых вещей, которые могли бы сделать нашу жизнь лучше.
goribaldi
13 нояб. 2017 / 16:51
  • 3950
  • 28
Мой личный рейтинг женщин: от пуританки до содержанки

Мой личный рейтинг женщин: от пуританки до содержанки

Сегодня предлагаю вашему вниманию мой личный рейтинг женщин. А вот я хочу быть домохозяйкой, правда, не пахать дома, а хозяйничать.
Mysli_v_Sluh
13 нояб. 2017 / 15:00
Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Отдельные инициативы некоторых российских чиновников вызывают в Казнете приступы просто-таки гомерического ржача. Женщин в регионе – пруд пруди, а вот мужчин, с которыми они могли бы создать семьи, не хватает.
openqazaqstan
14 нояб. 2017 / 15:55
  • 2485
  • 18
Поездка на заработки в Южную Корею: пройти таможню и не стать персоной нон грата

Поездка на заработки в Южную Корею: пройти таможню и не стать персоной нон грата

Между нашими странами действует безвизовый туристический режим до 30 дней. Но на таможне не "туристов" разворачивают назад с пожизненным запретом во въезд в их страну. Однако пройти паспортный контроль вполне возможно.
Krykbayeva
12 нояб. 2017 / 14:38
  • 2722
  • 46
Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Сегодня в прессу просочились детали скандальной сделки ЕНПФ с «мусорными» облигациями ТОО «Бузгул Аурум», о которой уже подробно рассказывалось в начале года.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 16:13
  • 2985
  • 21