Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:45, 26 января 2016

Қытайдың агроөндіріс саласындағы 4 алпауыты Қазақстан нарығына келмекші

Қытайдың аса ірі аграрлық компаниялары Қазақстан нарығына қызығушылық танытып отыр. Аспанасты елінің агроөндірістік 4 корпорациясы бүгін біздің Ауылшаруашылық министрлігімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Егер жоспарлар жүзеге асса, Шығыс Қазақстанда ірі ет комбинаты, Солтүстік Қазақстанда майлы және дәнді дақылдарды өндіретін кешен, Қызылорда облысында томат пастасын жасайтын зауыт ашылмақшы.

Аспанасты елінің агроөндіріс саласындағы 4 алпауыты Қазақстан нарығына келмекші. Тараптар бірнеше жобаны бірлесіп жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында астық өңдеу зауыты, ШҚО ет комбинаты, БҚО, Қызылорда және елдің шығысында томат шығаратын зауыттар ашылады.

Чжан Ханьхуэй, ҚХР Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі

-Қытайда экологиялық таза өнімге сұраныс жоғары. Ал сіздің елде мұндай өнімді өндіріп, өндіріс ауқымын ұлғайтуға барлық мүмкіндіктер бар. Бүгін екі ел құны 1 млрд 750 млн доллар болатын 19 жобаны жүзеге асыратын болып келістік. Олардың 12-сі ШҚО-да іске қосылады.

Статистика агенттігінің мәліметіне сәйкес, қазір Қазақстанда 668 Қытай компаниясы жұмыс жасайды.

Мемлекеттік Кірістер агенттігі екі ел арасындағы тауар айналымы 2015 жылдың қаңтар-қараша айларында 38,6 пайызға, яғни 9,7 млрд долларға төмендегендігін хабарлады.

Ал экспортқа келер болсақ, өткен жылдың 11 айында аспанасты еліне 5 млрд доллардың тауары жөнелтілсе, 2014 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 9,2 млрд долларды еңсерді.

Импорт ауқымы да 29,2 пайызға кеміген. Бұл көрсеткіштер алдағы уақытта екі есеге ұлғаюы мүмкін. Себебі Қазақстан мен Қытайдың бірлескен кәсіпорындары жыл аяғына дейін екі есеге артады деп жоспарланған.

Ал бүгінде тараптар құны 24 млрд доллар болатын 52 жоба бойынша жұмыс жасауда. Тың бастамалар екі ел экономикасының өткендеуіне жаңа серпін бермек.

Авторы: Гүлмайра Қуатбайқызы

Экономикалық қарым-қатынасты алып көршімізбен ғана емес, жақында санкциялардың бұғауынан шыққан Иранмен де дамытуға мүдделіміз.

Алдағы күндері Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев бастаған қазақстандық кәсіпкерлер Тегеранға жол тартпақ.

Соңғы жарты жылда Қазақстан мен Иранның өзара тауар айналымы 360 миллион долларға жетті. Біздің ел бидай, мұнай өнімдерін және бағалы металдарды экспорттайды.

Ал Ираннан бізге жеміс-жидек, көкөніс, тұрмыстық және құрылыс тауарлары импортталады.

Айта кететін тағы бір жайт, Қазақстанда ирандық 164 компания еңбек етеді екен. Негізі елімізде 33 500-ден астам шетелдік компания тіркелген. Алайда солардың тек тең жартысына жуығы ғана нақты жұмыс істейді. Бұл Статистика комитетінің берген мәліметтері.

Олардың айтуынша, шетелдік компаниялар арасында ресейлік кәсіпорындардың үлесі басым. Екінші орында Түркия, Нидерланд пен германиялық компаниялар да аз емес.

АҚШ, Ұлыбритания, Қытай бизнесмендері де Қазақстанды сенімді серіктес деп біледі.

>

0
434
0