«Қазақ аруы 2016». Фоторепортаж

Jansaya 2016-2-1 06:29
1261
1
0
3

Елордада «Қазақ аруы» байқауының іріктеу кезеңі өтті. Дүбірлі додаға қатысуға ниетті бойжеткендер еліміздің түкпір-түкпірінен келіп, қазылар алқасын өнерімен тамсандырды. Үздік деп танылған 20 үміткер наурыз айында...

Елордада «Қазақ аруы» байқауының іріктеу кезеңі өтті. Дүбірлі додаға қатысуға ниетті бойжеткендер еліміздің түкпір-түкпірінен келіп, қазылар алқасын өнерімен тамсандырды. Үздік деп танылған 20 үміткер наурыз айында бас жүлде үшін бақ сынайды.

Осымен алтыншы мәрте өткелі жатқан байқау сыртқы сұлулық пен рухани дүниенің үйлесімділік табуына ерекше назар аударады. Қазақ аруы ана тілін еркін меңгерген, ұлттық дәстүр мен ел тарихын, мәдениетін жетік білетін қыздардың додасы. Сондай-ақ, бойжеткендердің шашы ұзын, бойы 170 сантиметрден, ал жасы 22 -ден кем болмауы тиіс.

Дүбірлі доданың телевизиялық нұсқасын 22 наурызда байқаудың ақпараттық демеушісі «Хабар» арнасынан тамашалай аласыздар.

Іріктеу кезеңінен 20 бойжеткен өтіп, екі ай бойы білікті мамандардан дәріс алады. Байқау жеңімпазына алтын тәжбен қатар, бағалы сый-сияпат жасалады. Дегенмен, бастысы «қазақ аруы» деген атаққа лайық болу дейді қатысушылар.

Оцените пост

3

Комментарии

Чтобы написать комментарий нужно войти в систему