Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:03, 08 января 2016

МарГоша Реброва

Журналистика балалық шағымның арманы деп айта алмаймын. Бұл мамандықты кездейсоқ таңдадым. 11-сыныпта ҰБТ тапсыруға екі апта қалғанда миымды тынықтырайын деп ойладым, үйге келсем үстелімде диск жатыр. Ол Ресейдің «МАРГОША» телехикаясы еді, басты рөлде Маргорита Реброва, яғни Мария Берсенева мықты журналист, беделді «МЖ» журналының бас редакторы рөлін сомдайды. Оның жазған мақалаларының арқасында журналдың тиражы бірден өседі, халық күтіп жүріп оқиды, көпті толғандырады, ұтымды сөзбен биікке жетелейді. Мен шабыттандым, қалай да журналист боламын деп шештім. Қиялымдағы мамандықтың иесі де болдым. Үзік бітірдім. Қыр-сырларымен таныстым. Алдағы уақытта тек қана елім үшін емес, бүкіл адамзат үшін игі істер жасағым келеді. Жасаймын да, жоспарым көп.

Қазір блогсферада лақап атым – Реброва. Әкем кейде ренжиді, сондықтан баспа, телеарнаға өз тегіммен шығамын.

Мамандығым өзіме ұнайды. Халық журналистке үмітпен, сеніммен қарайтынын сеземін. Біз, журналистер қауымы бұқара алдындағы өз парызымызды жоғары деңгейде орындауымыз тиіс. Демократия деп, билік пен азаматтардың арасына іріткі салмай, бейбітшілікке жетелеу бірден бір борышымыз. Әлемдегі жағдайларды ескере отырып, өз арамызда жағымсыз оқиғалар туындамауына ат салыссақ та ғанибет. Ел боламыз десек, бірлігіміз зор болғаны ләзім. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев нұсқағандай, мақсатымыз: «Терең тарихтан – жарқын болашаққа». Болашағымыз жарқын боларына сенімдімін.

P.S. Әйгілі Джонни Депп айтқандай, «There is no escape from the grave only», демек пенде тірі ме, оған қаншама жолдар ашық, о дүниеге аттанғанша бір орында әрекетсіз тұрмай, барлық нәрсені көру керек. Мысалы: қызықтыратын тақырыбыңды зертте, шахмат ойнауды үйрен, автостоппен Парижге барып көр, отбасың мен айналаңдағы адамдарға көмектес, барлығына нұр мен позитив таратып жүр, сенен қуаттансын, шабыттансын... Бұл вк желісіндегі посттар емес, бұл – өмір. Бұл – мен, және маған жоғарыдан белгіленген уақыт.

   
0
735
0