Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:45, 22 декабря 2015

Мәжілісте «Пошта туралы» Заңның жаңа редакциясы таныстырылды

Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің вице-министрі Сәкен Сәрсенов, ҚР Парламент Мәжілісінің аграрлық мәселелер жөніндегі Комитеті отырысының барысында депутаттарға «Пошта туралы»  және «Пошта мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын ұсынды.

«Заң жобаларының негізгі мақсаты қолданыстағы заңнамалықтың кемістіктерін жою, пошта байланысы қызметтерінің қауіпсіздік шараларын күшейту және сапасын арттыру, сондай-ақ пошта бөлімшелерінде ақшалай қаржыларды және сәлемдемелерді ұрлау фактілеріне жол бермеу болып табылады» - деп атап өтті Сәкен Сәрсенов.

Вице-министр депуттарды «будандық жіберілімдерді жіберуді» қарастыратын «Пошта туралы» жаңа заң нормаларымен таныстырды, ол жеделдеткен тәртіпте және қарапайым пошталық жіберілімдердің жіберілуінің кейбір кезеңдерін өтусіз, адресатқа жіберу және тапсыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта осы схема бойынша «Қазпошта» АҚ ҚР Жоғарғы соты жұмыс істеуде, бұл елдің алыстағы өңірлеріне сот хабарламасы мен шақыруларын сол заматта жеткізеді.

Сондай-ақ Ұлыбританияның алдыңғы қатарлы тәжірибесі үлгісінде жаңа пошталық индекстер енгізу жоспарлануда, олар пошта операторларының өндірістік объектілері ғана ниемденіп қоймай, елдің барлық тұрғын және тұрғын үйге жатпайтын құрылыстары да иемденеді. Бұл алушының нақты мекенжайын анықтауға, сондай-ақ жазбаша корреспонденцияларды сорттау үдерісін тездетуге мүмкіндік береді. Жыл басынан бері сынамалы режимде жаңа пошталық индекстерді беру бойынша Астанада және Петропавловскіде жүргізілуде.

Бұдан басқа, заң жобасымен  қосымша кіріс әкеле алатын коммерциялық жобаларды жүзеге асыру үшін, пошта ұлттық операторынның құзыретін кеңейту қарастырылған. Бұл «Қазпошта» АҚ ауылдық бөлімшелерді сүйемелдеуге және жаңартуға, ауыл пошташыларынақосымша қызмет бере отырып, олардың жалақыларын көтеруге мүмкіндік береді.

Қауіпсіздік шараларын күшейтуге ерекше көңіл бөлінген. Сонымен, пошта операторлары бейнетүсіру жүйелері мен сканерлік құралдарының көмегімен пошта жіберілімдеріндегі тыйым салынған заттар мен нәрселерді анықтай алады.

Бұдан басқа, заң жобасына мынылар жатады, абоненттік пошта жәшіктерінің мазмұнын және пошташылар үшін олардың қолжетімділігін реттейтін, «пошта байланысының жылжымалы бөлімшелерін» және «постаматтар» енгізу, пошталық қауіпсіздік жүйесін және басқа да нормаларды құру.

Ілеспе заң жобасымен кедендік іс туралы кодекстің нормаларына, әкімшілік құқық бұзушылық, банк және банк қызметі туралы заңдарға, әуе кеңістігін пайдалану және пошта операторларының қызметін қозғайтын басқа да заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарлануда.

Тұтас алғанда, көрсетілген заң жобаларының барлық нормалары пошта байланысы қызметінің сапасын арттыруға және пошта қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

 
0
338
0