Yvision.kzYvision.kz
kk
Qaz
Qaz
492 постов4 подписчика
7
22:32, 13 декабря 2015

Әлемдегі ең үлкен ұшақ

Blog post image

Кеше Алматы Халықаралық Әуежайына Әлемдегі ең үлкен ұшақ келіп қонды. Бұл «Мрия»ның Алматыға келуі бірінші рет емес. Кешегі рейс Германиядан Қытайға бағытталған. Алматы қаласының Әкімдігі және Алматы Халықаралық Әуежай қолдауымен, Almaty Spotting Club мүшелері, бұл ұшақты сүретке түсіруге мүмкіндік алды
Blog post image

Айтакетерлік жайт, Алматы қаласының әуежайы географиялық тұрғыда, халықаралық жүк және жолаушылар торабын жасауға өте қолайлы, Еуропа мен Азияның қақ ортасы деуге болады.
Blog post image

АН-225 «Мрия» (Ukr Mrіya «Мечта», ішкі белгілеуі: «402» өнім. НАТО кодификациясы бойынша: Cossack - «Козак») – Салмағы өте ауыр және ірі жүктерді тасымалдауға арналған, О.К. Антонов Конструктолық бюросының реактивті жүктасымалдайтын ұшақ.

Blog post image

Бұл ұшақ, 1984-1988 жылдары Кеңес Одағында, Киев механикалық зауытында (Жоба басшысы - В.И.Толмачев) жобаланып жасалған. Бірінші рейс 1988 жылы 21 желтоқсанда жасалған болатын. Бастапқыда, екі ұшақ шығару жоспарланған, Қазіргі уақытта бір данасы ұщуға қабілетті түрде сақталған және Украиналық Antonov Airlines компаниясының қолдануында.

7
1491
2