Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:32, 24 ноября 2015

«Таблиғи Жамағат» ұйымы пайда болуының объективтік факторлары

«Таблиғи Жамағат» ұйымның атауы араб тілінен алынған, қазақша мағынасында «жеткізу, хабарлау, ақпараттандыру» дегенді білдіреді.Нақтырақ айтқанда, ұйымның негізгі мақсаты «ислам дінін өзге адамдарға немесе дінге сенбейтіндерге жеткізу, оларды хабардар ету» дейтін ұғымға саяды.

«Таблиғи жамағат» діни қозғалысының тарихына келетін болсақ, 1926 жылы үндістандық хадисші Мауләна Мұхаммад Ілияс әл-Қандаһлауи (1885-1944 жж.) құрған. Ол қайтыс болғаннан кейін қозғалысты оның балалары Мұхаммад Юсуф, одан кейін Инғам әл-Хасан қолға алады. Үндістаннан бастау алған «Таблиғи жамағаттың» идеологиясы Пәкістан, Бангладеш, кейіннен Сирия, Иордания, Палестина, Ливан, Мысыр, Судан, Ирак секілді елдерге тарала бастайды. Бұдан ары Еуропаға және ТМД елдеріне де таралып, біздің елге де келген.

Бұл ұйымның негізгі мақсаты – ел аралап, апталап-айлап халық арасында үгіт-насихат жүргізу. Ал үй-үйді аралап насихат жасауды Құран аяттарынан мысал келтіру арқылы негізсіз дәлелдер келтіреді.

«Таблиғи жамағат» ұйымының басты идеологиялық құралы «Фазаиль Амали» кітабы болып табылады. Осы кітапта көрсетілген қағидаларды ұстанады.

Қазіргі әлемдік кеңістікте, оның ішінде тәуелсіздікке енді қол жеткізген Қазақстанда ислам атын жамылып, экстремистік әрі деструктивті бағыттағы діни ағымдардың көбеюі көңіл алаңдатады. Мұндай әр түрлі ағымдардың ұстанымдары мұсылман қауымына бейтаныс болғандықтан, күмәнді іс-әрекеттердің орын алуы– заңды құбылыс.

Мұндай діни ағымдардың идеологиясы қандай, әрекеттері экстремистік немесе террористік емес пе? Олардың әлемдік және ұлттық діндерден айырмашылығы қандай? – деген сауалдарға жауап іздеу, сондай-ақ олардың мұндай қарқынмен қоғам арасында астыртын таралуының себептерін айқындау – елдегі діни ахуалды тұрақтандыруда аса маңызды.

«Таблиғи жамағат» діни ұйымының негізгі ұстанымы мен мақсаты христиан дінінің протестанттық миссионерлердің жұмыс стиліне сәйкес келеді. Мәселен, олар адамдарды дінге кіргізу үшін әр адаммен жеке жұмыс істеп, түзеу арқылы қоғамды өзгерту» идеясында әрекет етеді.Ал «таблиғшылардың» басқа діни ағымдардан өзгешелігі – олар атқарған миссиясынан түскен ақшаны қанағат тұтып, жұпыны киім-кешек, аз тамақпен күн кешіп, белгілі бір елде халықты ислам дініне шақыру ісін өздеріне міндет деп санайды.

«Таблиғи жамағат» ұйымының Қазақстанда пайда болуының негізгі факторларының бірі –жастардың діни сауаттының кемшін болуы.Себебі «Таблиғи жамағат» ұйымымен мақсат-міндеттері сәйкес келетін басқа да ұйымдар діни танымы, діни санасы, өзіндік «мені» қалыптаспаған жастарды арбаумен айналысады. Оның басты себебі еліміздің болашағы жастарға байланысты болғандықтан, жастардың мүмкіндігін өзінің теріс пиғылдарына пайдаланғысы келеді. Олардың мақсаты – қазақ халқының діни тәжірибесін яғни тарихымызды, өткенімізді ұмыттырып, басқа сананы қазаққа телу.

Қазірмұндай жағдайлардың орын алуы – бір кездегі Батыс өркениетінің модернизмнің, постмодернизмнің, позитивизмнің нәтижесі. Қоғам қайраткері М. Шахановтың «Батыстың қансығы бізге таңсық болмасын» деген сөзі бар, әрине Батыстан алатын дүние көп, қоғамды дамытуға, өмірді өзгертуге қажетті озық тәжірибесін ғана алуға болады.Ал таблиғшылар бұл құбылысты мойындамайды.

Қазақстанның аумағында өткен ғасырдың соңғы он жылдығынан бастап тарала бастаған«Таблиғи Жамағат» ұйымына 2013 жылы соттың шешімімен тыйым салынған болатын. Бірақ... бірақ дейтін себебіміз,«Казинформ» ақпараттық агентігінің 2015 жылғы 23 қыркүйегіндегі мәліметі бойынша Астанада «Таблиғи Жамағат» экстремистік ұйымының 4 мүшесі, сондай-ақ,30 қыркүйек күні Астанада аталған ұйымның тағы бір өкілі ұсталғаны туралы ақпарат таратылды. Бұл – тыйым салынғанымен астыртын жұмысын жүргізіп жатқанының дәлелі. Енді мұндай мәселелерді шешудің бірден-бір жолы – жастар арасындағы діни идеологияны күшейтіп, діни сауаттылықты арттыру.

Қорыта айтқанда, «Таблиғи жамағат» діни ұйымыныңпайда болу факторлары, олардың ұстанымдарындағытеріс әрекеттері менеліміздің аумағында таралуы мұсылман үмметінің бірлігіне, ынтымағына, қоғамның әлеуметтік тұрақтылығына зиянын тигізеді. Еліміздің тарихи және мәдени өмірінде қалыптасқан, дәстүрлі ханафи мазхабына қайшы келетін тұстары жиікездеседі. Мұндай факторлар Қазақстан Республикасының тұтастығы мен оның қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін.

ҚР МСМ ДІК Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы

БАҚ-қа мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкері

А.Т. Утемисов

 
0
1840
0