Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
-4
15:06, 13 августа 2010

Слово четырнадцатое Абая

Қазақ ағартушыларының ішінде Абай әркімді толғандыратын терең сырлы сауалдарға жауап іздеуге талпынған. Абайдың көптеген өлеңдері мен прозада жазылған шығармаларында “… адам мен адамгершілік, ар, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір көлемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз. Абай шығармашылығын зерттеудің алғашқы кезеңінде, 1920-30 жылдарда ақынның идеялық мұрасы қызу айтыстар тақырыбына айналды, «Абай философиясын» діншілдігі басым әдеттегі буржуазиялық идеалистік философияның жамап-жасқаған біртүрі деп дәлелдемек болушылар да табылды (Қабдолов З. Қазақ ақыны Абайдың философиясы және оған сын. «Советская степь», 1928, 2 тамыз). Әйтсе де ұлы данамыздың философиясының ортаңғы мәселелерінің ең өзектісі «адам бол» принципіне сүйенеді. Өзінде 45 «сөзді» қамтитын қара сөзбен жазылған «Ғақлиялары» - Абайдың философиялық көзқарасының жүрегі. Өзінің он төртінші қара сөзінде де ұлы бабамыз осыған қайта жүгініп, мәселені жаңа қырларынан аша түседі.

«Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма?» - деп өзіне сұрақ қояды Абай. Әрине, бұл сұрақты таза философиялық сұрақ деуге келмейді, дегенмен Абай үшін бұның гуманистік мән-мағынасы соңғы кезекте емес. Қазақ санасында жүректі дегеннің мәні батырлықпен байланыс, алайда бұл сөздің астарында шындығымен не жатыр? «Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап білмейді», - деп жауап береді дана. Абайдың пайымдауынша, жүректің, «жүректі» дегеннің белгісі бола алатын адамның қасиеттері – рақымдылық, мейірбандылық, әрбір адам баласын өз бауырындай көру, махаббат. Жүректің тіліне құлақ асқан жалғанға бармайды, ал амалдың тіліне сүйенсе, жүрек ұмыт болуы ғажайып іс емес. «...қазақтың «жүректісі» мақтауға сыймайды». Неліктен ұлы Абай осындай қорытынды жасайды? Абайдың ойынша, қазақтың батырын нағыз жүректі батыр деуге келмейді, қасқыр жүректі ғана. Оның осылай айтатыны, батырлық – айтқанға көнгіштік, сөзінде тұра білу, бойын жаманшылықтан тез жиып алу, итше ере бермей, керісінше көшті өзінің соңынан ерте білу, әділ іс үшін қиын да болса соңына дейін тұру, қанша оңай болса да шындықтан таймау.

Қазақ ақылсыздықтан азбайды, қазақ ақылдының сөзін ұғып аларлық жүрегінде қайрат, жігердің болмауынан азады. Абай білмей қалып іс қылдым дегенге сенбеймін дейді. Білімі бар, алайда ұятқа жығатын еріксіздік пен еріншектіктің кесірінен олар білімін елемейді. Бұндай білімнің керегі шамалы-ақ. Жолдан бір тайғанның барлығы бұрынғы жолына қайта түсуге тұла-бойында күш-жігер таба бермейді.

Елдің мықты жігіт, ер жігіт, пысық жігіт дейтіндері бірін-бірі зұлымдықтарға итермелейді. Бір-біріне соқырша еліктеу, орынсыз пысықтық қайғы мен бақытсыздыққа әкеліп отырады. Абай осы ойларын қорыта келіп, бізге қара сөзінің квитэссенциясын береді: «құдайға терістіктен, не ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі бір тексермей кеткен кісі, тәуір жігіт түгіл, әуелі адам ба өзі?»

-4
573
1