«Қазақ Нұхтың тікелей мұрагері ма?»

271
0
0
7

Нұх пайғамбар ғ.с. кемесі Қазығұрттан кейін Нұр(Нұр Ата) тауына тоқтағаннан соң қазіргі қазақ сахарасында адамзаттың екінші өркениеті басталды. Нұх ұрпақтары көшпелі және отырықшы тіршілік...

Нұх пайғамбар ғ.с. кемесі Қазығұрттан кейін Нұр(Нұр Ата) тауына тоқтағаннан соң қазіргі қазақ сахарасында адамзаттың екінші өркениеті басталды. Нұх ұрпақтары көшпелі және отырықшы тіршілік мәдениетін қатар алып жүрді. Нұх баласы Ойша(Юша) сансыз бапты Сайрамда жерленуі соның жарқын айғағы. Нұх кемесінен түскен санаулы хайуанаттар да топан судан кейін жер-әлемге тап осы Нұр тауы атырабынан тарқалды. Мың жастағы Нұхтың батасын алған ұрпақтары таухид жолымен жүріп, кәсіптерін жаңғыртты, тілдерін дамытты, мәдениетін өркендетті. Төрт түлік үй жануарлары Нұхтықтарға айрықша береке дарытты. Ақ молайды, қарын тоғайды. Үш тайпаға бөлінген Нұх ұрпақтары саны көбейген сайын шұрайлы жерлерге тұрақты қоныстанып, жерді еміп, егіншілік, бау-бақшалық, дәнді-дақыл өсірушілік кәсіптерін жаппай игеру басталды. Әу баста қатты дамыған көшпелі өмір салты ғасырлар өте келе аясы тарылып, қу медиен, иен дала, сайын сахараны ғана иелік етті. Отырықшылық дәстүрі, қалалық мәдениеті байтақ қазақ сахарасына жат болмағанымен, Нұх бабасының сүннет жолын ұстанған қадымдағы Нұхтықтар, бертінгі ғұндар, сақтар, көне түркілер мен оғыздар, қыпшақтар мен бөрілі байрақты қазақтар төрт түлік малға негізделген көшпелі өмір салттарын әрдайым берік ұстанды. Жүз жыл бұрын османлық түріктерден саны небары екі есе ғана аз, өзбектен үш есе. қырғыздан отыз есе көп қаймана қазақтың жартысына жуығы көшпелі өркениет өркешінде жайбырақат тіршілік етті. Кеңестік уақытта он мың жылдық көш жолдары қасақана бұзылып, төрт түлік мал жеке меншіктен зорлықпен тартып алынып, бір орталыққа шоғырландырылды. Нәтижеде ата кәсіптен айырылған, көшпелі өмір салтынан ажыратылған 5 млн қазақтар аштан қырылды. Тәуелсіздік тұсында да төрт түлік малмен байланысты көшпелі шаруашылық қайтадан жаңғыртылып, жаңа заманға сай түлетуге қаншама әрекет етілгенмен, бес-он пайыз деңгейінен әріге аспай қалды. Ұлы дала ұрпақтары өздерін ата қонысында өгей сезіну себептері мүлдем жойылмай, қазақ көшпелі ата кәсіптеріне жаңа заман жетістіктерін пайдалана отырып қайтадан оралмай, Нұх өсиеттерін жадымызға оралтып соныдан жаңғыртпай, төрт түлік малмен байланысты жүз мыңдаған архаизмге айналып бара жатқан атау сөздерді тірілтпей, қатаңданып, қасаңданып, шұбарланып, өліп-семіп бара жатқан Нұх тілі - ұлы қазақ тілін дүр сілкіндірмей, қазақтың рухы жаппай көтерілуі, қазақтың әлемді тітіреткен құдыретті ел болуы тіпті де мүмкін емес. Елбасы мықты болуы үшін Ел мықты болмағы лазым. Ел мықты болуы үшін қадыми кәсіп мықты қолданыста болмасы лазым. Ата кәсіпті тыңнан қайта жаңғыртуға белсене атсалыса жүрейік, ағайын?!

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1652557278334432&id=100007405276528



 

Оцените пост

7

Комментарии

Чтобы написать комментарий нужно войти в систему