«Қазақта сыр сақтайтын адам бар ма?»

792
0
0
7

Қазақта "сыр" деген мағынасы өте терең сөз бар. "Сырластым", "сыр төктім", "сыр ақтардым", "сыр бөлістім", "сыр айттым", "сыр сақтадым", "сыр-сандық" дейді қазақ баласы. Міне, осы "сыр" сөзінің...

Қазақта "сыр" деген мағынасы өте терең сөз бар. "Сырластым", "сыр төктім", "сыр ақтардым", "сыр бөлістім", "сыр айттым", "сыр сақтадым", "сыр-сандық" дейді қазақ баласы. Міне, осы "сыр" сөзінің табиғатына үңіліп көрсеңіз әлмисақтан бергі бар кезеңді, уақыт өлшемін қамтитын ғажайып құбылыстарға тап боласыз. Жаратушы мен жаратылған мақлұқаттың арасындағы тікелей қарым-қатынасты айқындап беретін "жаратылыс сыры" қазіргі таңға дейін бүкіл адамзатты өз құпиясымен баурайды. Алла тағала мен Адам арасындағы сыр тіршіліктің барлық тылсымында өз көрінісін тапқан. Рухтың жаратылуы, тәннің жоқтан бар болуы, он сегіз мың ғаламның жаратылысы, рухтың әлмисақтан кейін ананың құрсағына түскен кездегі қараңғылық ахуалы, рухтың қабірдегі және ақыреттегі жағдаяты, рухтың нәпсі қажеттіліктерімен күресуі, рух пен тәннің толық ерік берілген алдамшы өмірде сынаққа түсуі, рух пен періште, рух пен жын, рух пен шайтан қарым-қатынастары, міне, мұның барлығы да сыр. Алла тағала нәбилері мен расулдарына кез-кезімен түсірген сухуфтары мен кітаптары да ғажайып бір сыр. Адам баласының Жаратушы Жаббар Иеге құлшылық қылуы, ораза ұстауы, жасырын садақа, зекет беріп, тәспі зікір етуі, бұның барлығы да көпшілікке жарияға шаша бермейтін сыр. Инсанның рухани кемелділікке ұмтылуы, толық адамдыққа құлаш ұрып, қоғаммен, қоршаған ортамен, табиғат және хайуанаттар әлемімен біте қайнасып жатуы, осының барлығы да тылсым сыр. Ұлыстың ұлт болып ұйысуы, ұлттар халифатқа, өркениетке ден қоюы, ұлттар мен мемлекеттер одақтасуы, осы құбылыстардың барлығы да өзіне тән жасырын сырға ие. Ерлі-зайыптылар өмірі де тұнған сыр. Ата-ана мен баланың ортасында да жасырулы сырлар жетерлік. Жаһанды биледік дейтін трансұлттық алпауыттардың да кәсіп-тіршілігі құпия сырға толы. Ақырзаман жақындағанда сыр сақтау, сыр-аманат жасыру, сыр алдырмау, сыр шашпау өте-мөте азайып кетеді деген дін ғұламаларымыз. Сыр-сандықтың берік құлыптаулы қазынасын адамдар арасында дін ұстаздардан көрдік. Жарты ғасырлық Кеңес империясының мемлекеттік сырын шашау шығармай сақтай білген Нұртас Оңдасыновтай қазақ ұстазымыз болғанын әркез мақтаныш етіп келеміз. Дербес мемлекеттің тау-тау құпия сырларын жымын білдірмей жасырып, ел аманатын көз қарашығындай сақтап келе жатқан сыр сақтау алыбы Елбасымыз ортамызда болғанын да бағымыз деп білеміз.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1650860721837421&id=100007405276528

 

Оцените пост

7

Комментарии

Чтобы написать комментарий нужно войти в систему