«Қазақтың досты кім, дұшпаны кім?»

341
0
0
6

Жаһандағы қазақтың күнделікті тіршілігіне қарап отырып жақсы істеріне сүйсінесің, жаман қылықтарына қынжылып, жиренесің. Осы қазақтың қазіргі таңдағы өз ішінен шыққан досты кім, дұшпаны кім деген...

Жаһандағы қазақтың күнделікті тіршілігіне қарап отырып жақсы істеріне сүйсінесің, жаман қылықтарына қынжылып, жиренесің. Осы қазақтың қазіргі таңдағы өз ішінен шыққан досты кім, дұшпаны кім деген сұрақ көкейден еш кетпейді. Сөзіміз бен ойымыз өзіміздікі ғой, дұрысына жамағат мақұл дер, теріс, қиғаш кетіп жатсақ көпшілік бізді кешірім етіп түзетер деген ниетпен кейбір көкейтесті мәселелерді ортаға салғанды жөн көрдік. Сонымен, қазақтың қалың қазақ арасындағы достары кімдер?
1. Алладан қорыққан иманды қазақтар қазақтың шын достары;
2. Мұхаммед пайғамбарды с.ғ.с., әулие-әнбиелерді, дін ғұламаларын, әділ басшыларын, ата-аналарын, дін ұстаздарын, мұсылман бауырларын, көрші-көлемін қатты құрметтегендер қазақтың абзал достары;
3. Қазақтың бейбіт өмір жолында бүкіл ғұмырын, білген-жиғанын, дүние-мүлкін аянбай сарп еткен қазақ баласы қазақ халқының шын досты;
4. Қазақтың шариғатқа қайшы келмейтін ұлттық құндылықтарын жаңғыртып, ата-баба кәсіптерін жаңа заманға сәйкес қайта тірілтіп жүрген кәсіпкер қазақтар қазақтың таптырмас достары;
5. Қаймана қазақты әлемдегі өзге озық дамыған ұлттар мен мемлекеттермен тең дәрежеге қайтсем көтеремін деп ертелі-кеш тыным таппай еңбектеніп жүрген қазақ перзенті шын қазақ досты.Енді осы бес топқа өзіміз жақсы көріп жүрген қай қазақты қоссақ та етене сіңісіп кете береді.
Ал, қазақтың өз ішіндегі бес дұшпанын санамаласақ оны қалайша жіліктер едік?
1. Құдайсыз қазақ, имансыз қазақ, дінсіз шала қазақ, өзге адасқан дінге кіріп кеткен қазақ, қазақтың ең басты дұшпаны, міне, осылар;
2. Алла Расулын с.ғ.с., әулие-әнбиелерді, дін ғұламаларын, әділ ел басқарушыларын, ата-аналарын, дін ұстаздарын, мұсылман бауырларын, туған-туысы мен көршілерін еш құрметтемейтін қазақтар, қазақтың дұшпаны азғындар осылар;
3. Бүткіл өмірін, білген-тергенін, дүние-байлығын қазақты арандатуға, қазақты адастыруға, қазақты бөлшектеуге, ыдыратуға, қазақты біртұтас ел қылмауға бағыштап жүрген қазақтар қазақтың бітіспес қатерлі дұшпандары;
4. Шариғат хұкіміне де, қазақтың салт-дәстүріне де қайшы келетін діни жоралғылар мен әдет-ғұрыптарды қазақ болмысына күштеп енгізгісі келетін, қазақтың көшпелі өмірге лайықты кәсіптерін мүлдем дерлік жоққа шығарып, қазақ байлығын сыртқа тасып, қазақты бөтен ел өнімдеріне басыбайлы құл етіп қойғысы келетін жалған кәсіпкер қазақтар қазақтың аса қауіпті дұшпандары;
5. Қазақты өзге ұлттардан қор көретін, өте озық дамыған мемлекеттер мен ұлттардың шылауында жүре берсе де жарайды деп түсінетін, жаһандық жаңа технологиялар, адамзаттық деңгейдегі ғылыми-техникалық жаңалықтар қазаққа ешбір тән емес деп қабылдайтын қазақтар, қазақтың өркениетін өрге бастырмайтын басты дұшпандары, міне, осы теріс пиғылды жандар. Ибраһим данышпан(Абай) бір ғасырдан астам уақыт бұрын: "Біріңді, қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос"- деген екен. Дос тұтпақ үшін нағыз достың кім екенін білмек лазым. Дұшпан кім екенін түсінбек үшін де шын досты тап басып танымақ лазым. Әлбетте, қазақ қазаққа жат емес. Алайда, қазақты қазақтықтан шеттететін қағидаттар бар екенін де күн сайын құбылып тұрған мына шайтани заманда бек жақсы білгеніміз жөн. Аз дос көп дұшпаннан қашанда хайырлы.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1649420768648083&id=100007405276528

Оцените пост

6

Комментарии

Чтобы написать комментарий нужно войти в систему