Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
10:44, 02 августа 2010

ШЫДАМ МЕН ЕҢБЕК, БӘРІН ДЕ ЖЕҢБЕК

Blog post image

Мен адамның жалқау тіршілік иесі екендігін білемін, дегенмен саған бір парақ қағаз алып және менімен бірге жұмыс істеу еш қиындық келтірмейді.

Мен алынған ақпараттарды ешқандай жүйелеуді ұсынбаймын. Өйткені сенде өзіңдікі бар екендігін білемін. Қандай да бір өзгерістерді жасау үшін олардың мақсатын пысықтау қажет. Сондықтан өзіңе бұл мақсаттарға қатысы бар сауалдарды қойған жөн. Айталық:

Мақсат – бай болу.

Мақсатты анықтау мен жүзеге асыру үшін болжамды, жорамал сауалдар:

- Өзіңді бай деп санау үшін қанша ақша керек: 1000 теңге, 1000 доллар, 1 миллион доллар, 10 миллион?

- Керек соманы (қаржы көлемін) жұмыс істеп табуға саған қанша уақыт қажет: 1 тәулік, апта, жыл, ондаған жылдар?

- Ойлағаныңды жүзеге асыру үшін саған қандай білім керек: компьютерлік технологиялар, автокөлік жүргізу, ядролық физика, аспаздық (кулинария), педагогика және т.т.?

- Сенің мақсатың қоғамның экологиялық жақтауларына қаншалықты «сиысады»?

- Бұл мақсаттың жүзеге аса бастауы үшін бұл сәтте қандай анық (реалды) мүмкіндіктер бар: қаржылық құралдардың, идеялардың, білімдердің және с.с. болуы?

- Мен өз мақсатымды барынша кіші мақсаттарға қалай бөле аламын: оқып-үйрену, старттық капиталды қалыптастыру, іскерлік байланыстарды реттеу?..

Тізімді әрі қарай жалғастыруға болады.

Өзіңе көбірек позитивті сауалдарды қаншалықты қойған сайын, саған соншалықты бұл уақыт теліміндегі мақсаттар АНЫҚТЫЛЫҒЫ түсінікті болады.

Өзіңнің жеке тілектеріңе байланысты мақсаттар мен сауалдарды ойластыр және өзгерт.

Тізімді құрастырып, жаса:

1. Менің қолымнан не келеді?

2. Не істей алмаймын, бірақ істегенді қалаймын?

3. Маған мәселені шешуге кімнің жанымда болғаны көмектесе алады?

4. Мен ертең нені иеленгенді қалаймын?

5. Менде қандай оңды қасиеттер бар және оларды ахуалдың дамуында қалай қолдануға болады?

6. Өз мақсатыңды қалай дұрыс ойластыру керек?

Менің тағы да есіңе салғым келеді, Сен бұл мақаланы өзің үшін оқып отырсың, және тек қана өзгерістер сол қалпында қалады. Олар секунд сайын өтеді. Дәл қазір өзгер. Ұзақ дайындықты талап етпейтін кішкентай мақсатты дәл ойластыр. Мысалы, мақсат – лас ыдысты жуу. Жуумен айналысудан бұрын, бұл мақсатты жүзеге асыру үшін қадамдарды мұқият жаз. Орныңнан тұру, жуғышқа жақындау, суды қосу, шүберекті алу... Бірақ сен, шарт бойынша мұндай заттар туралы ойламайсың, не қажеті бар? Өйткені сен оларды білесің.

Қиын емес. Осылайша бәрінде де, егер сен өзіңе не қажет, не қажет еместігін білсең, бақыт құсы саған мәңгілікке қонды деп есептей бер. Тек ұмытпа: саған ТЕК ӘНШЕЙІН ешкім ешқашан ештеңе істемейді. Егер бірдеңеге қол жеткізгің келген тілегің болса, сен оқиғаның дамуында өзің белсенді қатысуың керек.

0
3697
1