Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
10:03, 02 августа 2010

ӘЛЕМ ЭКОЛОГИЯСЫ

Blog post image

Мен автобусқа ендім, әлдекімнің аяғын басып кеттім. Одан әрі аяқтармен, сөмкелермен жүріп келемін. Бұл жолаушыларда реніш дауылын шақырады, дегенмен, шындығында оларға қарсы ешқандай жаман ойым жоқ. Алайда мен алға жүріп келемін. Олар менен жайсыздық, ауырсыну мен қолайсыздық алады, сондықтан мені дөрекі жүріп келеді деп есептейді. Бұл менің сол адамдардың экологиялық жақтауларын (рамкаларын) ескермегенімді білдіреді. Олардың мәдениетін, олардың территориялық теңдігін (құқығын), олардың эмоцияларын ескермедім деген сөз.

Іс мынада, адам – бұл жеке әлем. Оның тәртіп сезімі мен бағалау критерийлері сенің елестетулеріңнен ерекшеленеді. Егер сен өзіңнің қандай да бір әрекеттеріңмен қайсыбір адамға жақсылық жасадым деп сенімді болсаң, ол бұл кезде тіптен басқаны ойлауы мүмкін. Жоғарыда келтірілген және соған ұқсас жағдайларда даулы оқиғалардың орын алмауы үшін шын мәнінде ол жаққа қаратып жасайтын сенің әрекетіңнен жаман немесе керісінше жасамасаң жақсы болады ма, соны алдын ала пысықтау, келістіру, кеңесу қажет.

Расында мұны қысқаша да жеткізуге болады: басқаға өзің турасында сынап көргің келмеген нәрсені жасама. Бұл үшін кері байланысты пайдалану қажет. Әрекетті жасамау ғана емес, сонымен қатар олардың әлдекімге зияны тигенін байқай білу. Бақылау да күнделікті өмірде маңызды фактор.

Адамның қандай бір мақсатқа бара жолында белгілі бір әрекеттер қатарын жасауы мүмкін. Егер бұл әрекеттер оны қоршаған адами әлемдерге зиянын тигізбесе, онда экологиялық сақталған. Егер бірдеңеде экологиялық жақтаулар бұзылса, адамда проблемалар туындайды.

Нақты мысал: қоғамдық көлікке мас адам енеді, бар дауысымен барқырап сөйлей бастайды, бәріне тиіседі, боғауыз және былапыт сөздер қолданады. Бәлкім оның еш жамандық істегісі келмеген болар. Бірақ сол сәтте ол өзімен бірге сол автобуста келе жатқан адамдар әлемінің экологиялық жақтауларына сиыспайды. Олар өздері үшін бұл түрінде сау, мас емес жағдайда болу және басқаларға тиіспеу дегенді ұстанымға алған.

Поручик Ржевскийден сұрайды:

- Поручик мырза, Сіз күні кеше ғана үйлендіңіз, ал бүгін енді ажырасып жатырсыз. Бұл қалай? Не болды?

- Біріншіден, ол әйел баяу қозғалып қимылдайды, екіншіден, күнде тамақ жейді.

Экологияны қадағалап, сақтау – көріпкелдік тартуының бірі. Демек, сен қоғамда өмір сүрсең, онда сен өзіңе бағытталған әрекеттер бойына өз қылығыңа басқа адамның қалай реакция беретіндігін алдын ала байқауға міндеттісің. Кейде, адал әрекет етіп, бұл қылықтың өзінің ішкі әлемінде қаншалықты көрініс табатындығын ғана ойлап, оның басқа адамға кесірі тиетініне мүлдем бас қатырып жатпайды. Міне бұл жерде сондай-ақ тұлғалық проблемаларға жетелейтін даулар өтеді.

Міне, кейбір адамдар жөнінде: «Менмен!» деп айтады. Шын мәнінде оның менмендігі қоғамның экологиялық жақтауларын қаншалықты қамтитындығын қарау керек. Егер қоғам адам қимылсыз және қоғамдық мәні бар қандай бір істер жасамайды деп есептесе, сондай-ақ сол үшін оны менмен деп атаса, онда бұл адамның шын мәнінде менмен екендігін білдірмейді. Мұндай мінез-құлықтың жасырын себептерінің болуы да мүмкін ғой: жәй ғана бұл қоғамда жұмыс істегісі келмеу, дене кеселі және солар бойынша адам сол немесе басқа әрекетті орындағысы келмейтін тағы өте және аса көп себептер. Алайда адамның сол немесе басқа әрекетті орындауы үшін, оны бұған аса қатты қызықтыру қажет. Басқа сөзбен айтқанда адамды бұл әрекетті жасауға мәжбүрлейтін бірдеңені ойлап табу керек. Егер адамға бұл тақырыптың қатысы болмаса, егер онда бұған қызығу жоқ болса, онда ол бұл әрекетті немесе өзінде таңдау болмауы себепті жасайтын болады (ол мынадай тұйыққа тірелген – оның қатынасты бұзғысы келмейді немесе басына дау қаламайды, немесе жұмысынан айрылу қауіпі бар), немесе тіпті оны жасамайды.

Әйелі күйеуіне келіп, «Менің теңізге барғым келеді» деуі мүмкін. Ал ол жауап ретінде: «Ал менің барғым келмейді» дейді. Әйелі бұған: «Міне әрқашан осылай болып шығады – сен әлдекіммен теңізге барасың, ал менімен барғың келмейді». Бұл бір адамның - әйелдің позициясы. Егер ол «теңізге қандай себеппен барғың келмейді?» немесе «саған қазір теңізге баруға не кедергі?» сияқты сұрақтар қоя бастаса немесе мұндай сапар үшін өзі жағдай жасаса, онда көбіне-көп ахуал сол жаққа қарай оңды шешілер еді. Бұл мысал әр түрлі адамдардың тілектерінің келісілмегендігін көрсетеді. Нәтижесінде: әйелі күйеуінің жәй ғана бұл әрекетті жасағысы келмейтіні туралы ақпаратты қабылдаудың орнына болған жағдайды жеке реніші ретінде қабылдайды. Егер бұл келіспеушілік созылмалы сипат иеленсе, іс басқа. Онда жұптардың бірінің басқаның әйелімен байланыс орнатуға деген тілегінің қаншалықты екендігі туралы айту қажет.

0
957
0