Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
09:33, 02 августа 2010

Тілдерді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын дайындау жөніндегі топтың отырысындағы сөз

 

Blog post imageБүгінгі қазақ қоғамы өмір сүріп жатқан заман - орасан зор тарихи өзгерістер заманы. Бір ғасырдың ішінде біздің қоғам бір емес, бірнеше саяси-экономикалық формациялардың ауысуының куәгері және құрбаны болды. Ал осы өзгерістердің барлығы тіліміз бен тілтануымызға қалай әсер етті? Сол өзгерістермен бірге келген жаңа қоғамдық қатынастар мен ұғымдар тілімізге яғни өмірімізге енді ме? Егер Кеңес заманының тілтанушылары қоғам тілін кешегі тоталитарлық жүйенің кезіндегі қатынастарға лайықты ете алды десек, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның мамандары ұлтымыздың тілін, халқының ойлау деңгейін ХХІ ғасырдағы постиндустриалдық қоғам талаптары мен заманауи сынақтарға сай, бәсекеге қабылетті қоғамның қалыптасуына тиісті қызмет ете алды ма? Әрине бұл оңай сұрақтар емес. Десек те оларға дұрыс жауап іздеп, жанталасып жұмыс істемесек, ұлтымыздың болашағы жарқын бола қоймайды. Жиырмасыншы ғасырдың ғұлама ойшылы, физик Вернер Гейзенберг «біздердің көріп, аңғарып отырғанымыз табиғаттың өзі емес, алайда сұрақ қою тәсілімізге байланысты танылып отырған табиғат» деген екен. Яғни біздер белгілі бір мәселелердің шешімін іздемес бұрын өзімізге және қоғамға қояр сұрақтарымыздың дұрыстығына, заңдылығына, қисындылығына көз жеткізуіміз керек.

Мақаланың жалғасы

0
387
0