---
title: "6 000"
description: "Бұл фактілердің екеуінің бірінде жай ғана әкімшілік құқық бұзушылықтарға емес, бұзақылыққа немесе қ..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-01-27T13:40:32+00:00"
modified: "2019-01-27T13:40:32+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/6-000-824778"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/6-000-824778/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 6 000

> Бұл фактілердің екеуінің бірінде жай ғана әкімшілік құқық бұзушылықтарға емес, бұзақылыққа немесе қ...

![6 000](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/536291a016cd1f3063db5611db834d.png)

Бұл фактілердің екеуінің бірінде жай ғана әкімшілік құқық бұзушылықтарға емес, бұзақылыққа немесе қайғылы оқиғаларға жол берілмеді.

Өткен жылы облыс орталығының аумағында алкогольдік мас күйде жасалған 73 қылмыс тіркелді. олардың 7-уі – адам өлтіру, ал 9-ы – денсаулыққа қасақана зиян келтіру.

Петропавл қаласы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Әлібек Ғабдуллиннің ақпаратынша, қалалық Полиция басқармасында барлығы 3097 тұлға есепте тұр екен. Олардың 1127-сі маскүнемдікке салынғандар. 60 тұлға Жамбыл ауданының Благовещенка селосындағы арнайы емдеу-профилактикалық мекемесіне жіберілді.

Жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің негізгі міндеттерінің бірі есепте тұрған азаматтар арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Бұл ретте учаскелік полиция инспекторлары қыруар жұмыс атқарады. Криминалдық әрекеттерді ескерту мақсатында облыс орталығындағы учаскелік полиция пункттерінің әкімшілік учаскелерінде күн сайын рейдтік іс-шаралар жүргізіледі. Есепте тұрған тұлғалар тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеріліп, олармен профилактикалық түрдегі әңгімелесулер жүргізіледі, алкогольге қарсы заңнама мен қылмыстар, құқық бұзушылықтар жасау үшін қарастырылатын жауапкершілік түсіндіріледі.

Сондай-ақ, алкогольді заңсыз жолмен сату фактілерін анықтау, оның ішінде контрафактілік ішімдіктер учаскелік полиция инспекторларының назарында. Қаладағы 13 учаскелік полиция пункттерінің қызметкерлерінен бөлек, бұл бағытта «Көршілер бақылауы» профилактикалық тобының учаскелік инспекторлары да белсенді жұмыс істейді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша петропавлдық полицейлермен күштілігі жоғары лицензияланбаған 400 литрге жақын алкоголь тәркіленді. Мысал үшін, қаладағы базарлардың бірінің маңында орналасқан қоймадан лицензияланбаған темекі мен алкогль өнімдерінің анықталуын атап өтуге болады. Сол күні бір тексерісте 120 литр спирт тәркіленді.

Әлібек Ғабдуллинің айтуынша, 2019 жылы осындай жұмыстар жалғасатын болады.

Петропавл қаласының Полиция басқармасында ескерткендей, жасалған қылмыстың немесе дайындалып жатқан құқық бұзушылықтың куәсі болған жағдайда бірден кезекші бөлімнің «102» телефонына хабарласу қажет. Сонымен бірге, Петропавлда «Көршілер бақылауы» профилактикалық бағдарламасының 8 (715 2) 61-20-02 сенім телефоны тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл телефон нөміріне тұрғындар жасырын түрде де қоңырау шалуларына болады.

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

---

Source: [https://yvision.kz/post/6-000-824778](https://yvision.kz/post/6-000-824778)