место в рейтинге
  • 409705
  • 694
  • 52
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Бір әріптен басталатын сөздермен кім ұзақ сөйлей алады?

Түп-тұқиянын талқылауға тырысқан тартуымның «Тематикасы», «Текстовкасы», «Тақырыбы» (теңеуін тілегіңіз таңдасын) − тіл тағдыры. Тіл туралы талай-талай талпынып, талаптанып, толғаныстан, талас-тартыстан туған тұсаукесер туындым. Тіл тағдыры талай тарландарды тыным таптырмай тұрған тақырып. Тарихты терең талдасақ, тіл тағдыры толғантқан талай танымал тұлғаларымыз түрмеге тоғытылды, тамұққа түсті, төбеттерге таланды. Тоталитаризмнің төтенше төбеттері Тұрарларымызбен тапанша тілімен тілдесті. Тәуелсіздігіміздің туы тігіліп, тайпа тағдыры тұрақтағалы тіліміздің түбегейлі тірілуін, туған тұғырына тік тұруын тай-тұяғымызбен, түгеліміз тіледік.
Тілінің тілеуін тілемейтіндердің тізіміне:
−төл тілінде түсініспейтін тексіздерді;
−туған тегін танымайтын тасбауырларды;
−тікішегін тезекке толтырып, тамаққа тойғанына тоқмейілсіген тоғышарларды топтастырдым.
Тізбелесек тағысын-тағы, топтасып тоқайласқан тұжырымсыздар, тіл тарихын түрпілеп түзетуге талпынған тұрлаусыздар, тұрпайы түсініктерімен тәнімізге тағылған таңба тәрізді.
Табаны тайғанақтап тұрған тіл тағдырына толғанбайтын, тәубені түсінбейтін, тәкапппар, төресымақ, табысқой танысымнан тіл тазалығын түсіндірмекке талабымды тосқанымда тулаған тайдай тарпынып, талағы тарс түсті.
− «Трагедизируешь! Таласып-тартысуға тұрмайтын тақырып. Төбеде тұрған тағынан түспейтіндердің таңдаған, «трасттылық», «традициялық», «транспаренттік», «толеранттық» туралы тілшілердің тапқан танымал терминдерінің түпнұсқасын талқылауың — тантықтардың теориясы. Так‑то товаришь!»
− «Тогда твоя теория тоже — твердолобая тупость (тәржімесі — топастық). Таңдағандарың «тоталитарлық» тіл! Тұран тіліміздің тарихи түп-тамырын түсінбейтіндердің, тіл тағдырын тендерге тоғытып тікелей табысты тілейтіндердің тұжырымдамасы».
Тәйтік топаспен тәжікелесіп, түк таппадым. Тоқтадым.
Тартысқа толы тағдырымның тебіреністерін «Т-мен» тізбектеген туындымда тұңғыш тентегім Темірханым туралы толғандым. Темірханым туғанда төбем Тәңірдің тұрағына тәк-тәк тимей тұрды. Тілеуім түзу-тұғын. Төңірекке табалатпай тәй-тәй тұрды. Таңдайы тақылдап, тілі түзелді. Төрт түлігім түгел, теңіздер таяз тартып, тіземе тимей тұрғандай-тұғын. Титімдей тәмпішіме тәлім-тәрбие тоқытатын, туған тілін терең түсіндіретін тиісті тұрақ таңдадым. Тұрған төңірегімізден төл тілімізде тәрбиелейтін «тәлімхана» таза-тақыр табылмады.
Тағатым таусылғандықтан, 9‑ға толған томпатай тентегімді тіліміздің тереңдегі тұнығымен табыстырдым. Төл тілімізді «тоталитарлық» тілден төмендетпей, терезесін теңестіріп таразыға тартудан тайынбадым. Тілімізді талас-талқыға түсіріп, «тендершілердің» торсығын толтырғанына төзбедім. Тілімнің тау-тасын талқандап, топ-тобымен, тайлы-тұяғымен топырлатып табанына тастауға тырысқандармен тартыстым. Таласқанмен тұрмыс түзелмесін түсініп, тәңірге табындым.
Темірханым, түсінген текті тояттайтындай тиянақтылығын танытты, тіпті тестілеуді тәп-тәуір тапсырып, төсбелгі тағынып, тума-туыс, таныстарымды таңдандырды. «Тесік тамның тәңірі төбесінде», «тең-теңімен, тезек торбасымен» тәрізді теңеулерді теріске тіркеу — түсінбеушілік. Темірханым тағдырдың талай тайғақтарына төтеп, талмастан талаптанып тереңдік танытты. Тұлпарымды тотталмайтын темірмен тағалап, тұмар тақтым. Тілді терең талқылағанда теңдестерінен таяқ тастам төрде тұрды. Тағдыр тәлкегі түсініксіз тылсым табиғат тәрізді. Танауы тәмпиған титтей түлегіме тіл тиді. Тәңірім тағдыр талқысына тағы тоғытып, түбінде Тимамды (Темірханымды) тәркілеп тынды. Тәңірдің тартуы таусылмауын, төзімімнің тозбауын тіледім. Төздім. Түңілмедім.
Түнде түсімде тіл тағдырын талдайтын талай тарихи тұлғалар топтасқан торқалы тойға тосыннан тап түсіппін. Түр-түсі тұрпайылау, төртпақ, тойған торайдай топ-томпақ төрде тұрған төраға толғанып тұр. Тіл төңірегіндегі тиіпқашпа талқылауларды түкке тұрмайтын текетіреске теңейді. Тіл тағдырын Тойфл тәсілімен тестілеп-ақ тұғырына тұрғызбақ. Тілді тестілеп тәлімдейтін тұжырымдамасына түсінбедім. Тәңірім-ай, таңертең тұншығып терлеп түрегелдім.
Тіл табиғатын ТЕСТілеу — тілді тұғырына тұрғызбайды. Тіл тестілеуге төзбейді. Тулақтай тырысқан тіліме тірек табылып, табалдырықтан төрге тартатын тарихи тұлғалар табылса, тұнжырауым тарқап, түркі тектес тілімнің тойында тамадалық талантымды талайыңа танытармын.
Толғауы тоқсан тебіренісімнің тобықтай түйіні — тілімнің тағдыры.
Тіл тақырыбын талдасақ:
−тарихы табанға тапталған тақырып;
−төркінін талдасақ − тамыры терең тақырып;
−талапты түлекті түбегейлі толғандыратын тақырып;
−тынысы тарылып, тығырыққа тіреліп тұрған тақырып;
−туған төрінен тұғырын таппай тұрған тақырып;
−талқылай-талқылай төзімді тауысқан тақырып;
−түбің түскір тексіздердің тәлкегіне түскен тақырып;
−тоны тігілгенмен, түймесі тағылмай тұрған тақырып;
−«тоқалдан туған» тақырып;
−табанын тас тескен, тасмаңдай тақырып;
−тулағы тықыр, тұяғы тұқыл тақырып;
−талапайға, талан-таражға, тендерге түскен тақырып;
−тіземен таптап, тезге тартып түзетуге төзбейтін тақырып;
−тілмашқа телмірген, тәржімашыға тәуелді тақырып;
−тар телпек тақиялы төбелтаздар түсінбейтін тақырып;
−толғағы толып тұрған тақырып…
Тек тіл тақырыбының толғағы талықсып түсік тастамауын тілейік. Тілдің туын тіктейтін талабы таудай тастүлектер тууын тілейік, туысқандар. Тәмсілге татитын, тәпсір тілемейтін титықтатқан тақырыбымды түйсігім тозып таусылғанша тәмәмдамаспын.
Дүйсенхан Исхаков
Астана қаласы

  • Құрметті «Тіл» журналының оқырмандары!
    Журналымыздың өт­кен санынан бастап оқыр­мандар арасында бәйге жариялаған болатынбыз. Шұрайлы тілмен шұ­бырта сөйлейтін, орақ ауыз, шешен болсаңыз, қы­зықты бәйгеден қалыс қалмаңыз! Бәйгенің басты мақсаты — қазақ тіліміздің құ­нарлылығын, тілдік қорымыздың молдығын, байлығын паш ету.
    Бәйге жеңімпаздары «Алтынсофт» сауда белгісі шығарған екі тілді (қазақша-орысша, орысша-қазақша) электронды қалта сөздігіне ие болады. Үміткерлер жолдаған хаттарды журналымызда жариялап отырамыз.
  • тіл журналы
  • Мекен-жайымыз: Астана қаласы, Ш. Иманбаева көшесі, 5, «б» үй. 73‑кеңсе.
    e-mail: karagoishina@mail.ru тел/факс: 411‑558

---------------------------------------------------------------

Друзья

16 июля 2010, 22:43
12892

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
24 мая 2017 / 12:12
  • 10051
  • 98
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
23 мая 2017 / 11:08
  • 9355
  • 32
Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Покупаешь в супермаркете продукты на 5000 тенге и банк забирает себе еще 30-50 тенге. То есть, продукты обошлись уже не в 5000, а в 5050 тенге.
ValentinaVladimirska
25 мая 2017 / 22:56
  • 7196
  • 21
Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Как ранее уже сообщалось из-за строительства БРТ в Алматы пострадают значительное количество деревьев. На прошлой неделе вырублены первые вязы и клён, - под расширение проезжей части на улице...
SKYFALL
24 мая 2017 / 17:20
  • 6307
  • 12
Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Коррупционные отношения вышли на такой уровень, что они уже начинают дискредитировать всю систему управления.
openqazaqstan
вчера / 13:45
  • 4730
  • 26
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 4876
  • 32
Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Судья Алмалинского районного суда Куаныш Арипов ломает стереотипы отношения граждан к представителям Фемиды. Напавшему на полицейского экс-сотруднику алматинского акимата он назначил наказание выше...
Mirogloff
24 мая 2017 / 16:41
  • 3389
  • 9
Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Итак давайте сразу начистоту. Мне 29. Не замужем, никогда не была, детей нет. В душе я совсем не чувствую этот возраст. Каждый раз когда задумываюсь об этом больше чем на 3 минуты, меня накрывает...
user2017
23 мая 2017 / 10:57
Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Последний монолог Аблязова о «продолжении борьбы с режимом» и «ДВК-2», при всём желании, не выглядел как какой-то политический манифест.
openqazaqstan
25 мая 2017 / 13:53
  • 2759
  • 60