Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:26, 16 октября 2015

Қазақ хандығына 550 жыл

Биыл Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толды. Мерейлі мереке жыл бойы тойланып, тарих қайта жаңғыруда. Тарихтан сыр шертетін болсақ, Қазақ хандығының құрылуына 1457-жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне  қоныс аударуы мұрындық болғандығы белгілі. Blog post image Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға қоныс аударған  қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегіндегі деректер бойынша, Керей мен Жәнібек сұлтандардың маңына жиналғандар саны 200 мың болды, оларды өзбектер - «қазақтар» деп атады.

Тәуелсіздік алғалы бері Қазақ хандығының мерейтойы алғаш рет аталып өтуде. Осы ретте Қазақ хандығы құрылғанына 550 жыл толуына орай республика бойынша 100-ге жуық іс-шара ұйымдастырылды, мәселен, Астанада Қазақстан суретшілерінің графикалық көрмесі өтті, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып отырған шара осы тақырыптағы 70 ерекше жұмысты жинады. Blog post imageАқтөбеде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы дала жауһарлары» халықаралық этнофестивалі өтті. «Ұлы дала жауһарлары» халықаралық фестиваліне жалпы саны 100-ден астам музыкант, 4 фольклорлық ансамбль қатысты. Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Еуразия барысы» III Халықыралық турнирі өткізілді.

Қазақ хандығының мерейлі мерекесіне орай іс-шаралар тек Қазақ елінде ғана емес, басқа елдерде де өтуде. Мәселен, АҚШ-тың Вашингтон қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Джереми Трединниктің «Қазақстанның иллюстрацияланған тарихы» кітабының таныстырылымы өтсе, Венгрия астанасы Будапештте «Ұлы далада мемлекеттік дәстүр сабақтастығы» халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Бұл өткізіліп жатқан іс-шаралардың негізгі мақсаты - жастардың патриоттық сезімін барынша күшейту. Ата - бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы - бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне осында. Олай болса, өткенімізді біліп, ұлықтап, болашақтың іргетасын берік қалау біздің мақсатымыз!

 
0
2919
4