Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:58, 11 октября 2015

КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУ ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫ САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМДЫЛЫҒЫ РЕТІНДЕ

ҚР МСМ ДІК Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы

БАҚ-на мониторинг бөлімінің аға сарапшысы

С.Булаткызы

КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУ

ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫ САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМДЫЛЫҒЫ РЕТІНДЕ

 

Конфессияаралық келісім – бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі. Еліміз осы мәселені дер кезінде қозғап, әлем қауымдастығының назарын аударып, жаңа бастамалар көтерді. Осының барлығы халқымыздың тағылымды тарихынан түйген тәжірибесінің арқасында. Елімізде атқарылып отырған игі іс-шаралардың барлығы Қазақстанның ғана емес, әлем халықтарының өркениетті дамуына айтарлықтай үлес болары сөзсіз. Ертеңіміз үшін жасалған қадамдар бүгінгі байыпты бастамалардан танылады. Мемлекет тұтастығы мен тыныштығының кепілі болып саналатын конфессияаралық келісімді сақтап қана қоймай оны дамытып, келер ұрпаққа аманат етіп табыстау Қазақстан саясатының басты басымдықтарының бірі болып қала бермек.

Қазақстан жері түрлі мемлекеттерді сауда және мәдениет жолдары арқылы тоғыстырған Ұлы Жібек жолының негізгі бөлігін құрап, Батыс пен Шығысты жалғастырып тұрған көпірге айналғаны белгілі.

Ондаған жылдар бойғы демографиялық және көші-қон үрдістерінің тоқтаусыз дамуының нәтижесінде Қазақстан әлемдегі көпконфессиялы және көпэтникалы мемлекеттердің біріне айналды.

Қазіргі таңда Қазақстанның этносаралық және конфессияаралық диалог тәжірибесін бұрынғы кеңес аймағы мен Орта Азия өңіріндегі сындарлы тәжірибе деп бағалау мүмкін болғандықтан, біздің мемлекетімізді осы тұрғыдан әлемнің тануы орынды.

Конфессияаралық және этносаралық келісімді қолдау мақсатында республикада мемлекеттің этномәдени алуандылық пен ел бірлігін жаңғырту, дамыту, сақтап қалу, сонымен қатар дамытуға бағытталған жоғарғы саясаты сәтті іске асуда.

Қазіргі таңда конфессияаралық келісімді қолдауға Қазақстанның барлық қажетті экономикалық және саяси негіздемелері, оған қоса механизмдері мен құралдары бар. Солардың бірі ретінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тікелей бастамасымен қалыптасқан, құқықтық негіздемесі Конституциядан бастау алатын ұлтаралық және дінаралық толеранттылықтың қазақстандық моделін келтіруге болады.

Басты ден қойылып, мықты орнығып жатқан толеранттылық  қазақстандықтардың саяси нормасына, мемлекеттің арқа сүйер негізгі принципіне айналды.

Мемлекеттік саясат тиімділігінің көрсеткіші ретінде діни бірлестіктердің күрт өскенін келтіруге болады. Фактілерге назар аударсақ, республика бойынша 1990 жылдың 1 қаңтарына дейін 671 діни бірлестік жұмыс істесе, 2011 жылдың басына қарай олардың саны 4479-ға дейін өсті. Ал, 2015 жылдың көрсеткішіне сүйенсек қазіргі таңда Қазақстан жерінде 2468 мұсылман діни бірлестіктері қызмет атқаруда.

Сан жағынан Қазақстанда екінші болып тұрған Орыс Православие Шіркеуінің 323 приходы мен бірнеше монастырі бар.

Католицизм өкілдерінің 84 діни бірлестіктері тіркелген. Қазақстандағы Римдік-католиктік шіркеудің Қазақстанда 4 Апостолдық Әкімшілігі, 68 шіркеулік мекемесі бар.

Иудаизм дінінің 27 діни бірлестігі және 5 ғибадатханасы бар. Буддизмнің 2 діни бірлестігі мен 1 ғибатханасы тіркелген.

Республикада дербес мемлекет қалыптастыру жылдарында Қазақстанның діни ұстанымына қарамастан барлық азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ететін қажетті нормативті-құқықтық база құрылды.

Қазақстан Республикасында діннің, елдің саяси қызметіне араласуына, сол сияқты саясаттың діни бірлестіктердің өміріне араласуына заң жүзінде тыйым салынған.

Ешбір дін республикада мемлекеттік дін мәртебесін иемденбейді. Конфессиялар мен деноминациялар қандай да бір мемлекеттік қызмет атқармайды.

Республика заңнамасына сәйкес ешбір дін, діни топ немесе бірлестік басқаларына қарағанда қандай да бір артықшылыққа ие емес, ие болуы мүмкін емес.

Сонымен қатар, мемлекетіміз әрбір адамға діни сенім бостандығы құқығына, діни талғамын қабылдау немесе өзгерту құқығына кепілдік береді.

Мемлекеттің дін саласындағы іс-шаралары бір күндік іс-қимыл емес, болашаққа бағытталған саясат екендігін айрықша атап өту қажет. Кез келген мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сол елдің жас азаматтарының ұстанымдары ереше мәнге ие. Себебі, белгілі уақыттан кейін дәл сол жастар елдің билік басына, экономика мен бизнес, мәдениет пен білім сынды салалардағы шешуші орындарға келеді. Иманның таңдаулыларға арналған табынушылық емес, қарапайым адамға арналған өмір салты екендігін жастар түсінді. Онымен қоса, көптеген діни қайраткерлер жастардың бойына діни сезім, отбасылық құндылықтарға құрметпен қарау санасын сіңіруге көп уақытын бөлуде.

Бүгінгі күні ағарту жұмыстары жүріп жатыр: видео-аудио құралғылар өңделіп, тұрғындарға тарату мақсатында діни уағыз жазылуда. Дiни қайраткерлер жұмыстарын барысын жарыққа шығару үшін барлық қажетті бұқаралық ақпарат құралдары тартылатын болады. Қазақстан Республикасы, үшiншi мыңжылдықтың жаңа шарттары бойынша дiни бiрлестiктерiмен өзара әрекеттесу тәжiрибесін жүзеге асыра отырып, конфессиялар арасындағы жiкшiлдiк және терең қайшылықтардың болмауына қол жеткiздi. Шетелдік сарапшылардың пікірі бойынша, (мысалы, әлем елдерiндегi, соның ішінде Қазақстанға үлкен көңіл бөлінетін, дiни наным бостандығы туралы АҚШ-тың мемлекеттiк департаментiнiң жылда жасалатын баяндамалары) бұл саладағы қазiргi нормативтiк - заң шығару базасы қанағаттанарлық, дiни ахуал қолайлы деп баға берілген. Жоғарыда айтылғандардың негізінде елімізді әлемдік қауымдастық жақыннан танып, еліміздің халықаралық діндер арасындағы диалогтардың алаңы мәртебесіне айналғандығын мойындады.

Елбасының сөзімен түйіндейтін болсақ «Қазақстанның діни конфессиялардың бір-біріне деген өзара сыйластығы олардың маңызды ерекшелігі болып табылады. Қазақ жерінен барлық әлемдік діндер жүріп өтті, дегенмен бұл жерде ешқашан фанатизм мен төзімсіздік болған емес. Көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстан халқына қашанда айрықша толеранттылық, өзара сыйластық пен өзара жәрдемдесудің айрықша рухы тән еді. Бұл рухани дәстүр бүгінгі күні де сақталған». Қазақстан жерінде ұрпақтарымыздың ұрпақтары дәуірінде де Бірінші Президенттің салмақты сөздері өзекті болатынына сенеміз.

 
0
1669
0