Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
02:59, 07 октября 2015

112

Archive – 2015 – yanvar’ – 29 – SNH_POEZD_Madina_Kairat Kairat Salykov5427

Титр: ЛӘЗЗАТ АЛЕНОВА – ҚР ІІМ КӨЛІКТЕГІ ІІД БАСТЫҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

01:03 Көліктегі ІІд қызметкерлері темір жол қауіпсіздігін сақтау шараларын азаматтар мен жасөспірімдерге ұдайы түсіндіріп келеді. 2014 жылы оқу орындарында 1500-ден аса кездесулер өткізіледі. Соған қарамастан, теміржолда жарақат алу әлі күнге дейін фактілер азаймай отыр. Қайғылы оқиға 2015 жылғы 27-қаңтар күні таңертеңгі сағат 7.50-де Шымкент қаласы маңындағы «Қорғасын-Черноводск» аралығында орын алды. «Астана-Сарыағаш» бағытындағы жолаушылар поезы сабаққа бара жатқан кезінде 8 жастағы 3-сынып оқушысын қағып кетті. Жасөспірім оқиға орнында көз жұмды.

01:54 Осы оқиға бойынша арнайы тексеру жүргізілді. Тексеру барысында жасөспірімнің темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпекші болғандығы, сондай-ақ оның тұрғылықты үйінің темір жолға өте жақын орналасқаны анықталды. 2014 жылдың 12-айында темір жол жарақатын алудың 139 оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 84-азамат қайтыс болды. Соның ішінде, жасөспірімдерге қатысты жарақат алудың 10 фактісі тіркеліп, 4-қайтыс болды. Еліміздің көлік полицейлерімен 2014 жылы ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 439-бабының 5-тармағы, яғни, темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өту бойынша 28 798 азамат жауапкершілікке тартылды. Ал биылғы жылдың алғашқы айында 1500 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 
0
304
0