Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
02:56, 07 октября 2015

112

Бес жасар қыз үстіне теледидар түсіп, ауыр жарақат алды. Оқиға Мұнайлы ауданындағы Атамекен ауылында тіркелді. Теледидарды байқамай жылжытып құлатты деп хабарлайды «Лада» порталы, құқық қорғау органдарына сілтеме беріп. Еске салайық, 2014-жылдың желтоқасанында алты жасар бала төбесінен теледидар түсіп, нәтижесінде жарылып кеткен еді оқиға орнында болған «жедел жәрдем» қызметкерлерінің айтуынша, бала  желке сүйегінің сынығынан мерт болды. Сондай-ақ Қабырғада ілініп тұрған теледидар кішкентай баланың басына түсіп, нәтижесінде қайтыс болды. Оқыс оқиға 2014 жылы 24-желтоқсанында Қарағанды қаласында орын алған. Өткен жылдың тамыз айында Ақтау қаласында терезден тасталған теледидар 3 жасар баланың үстіне түскен. Бірден комаға түсіп, кейінрек есін жинағанымен, көру қабілеті нашарлаған. Терезеден теледидарды лақтырған тұрғыннан жарақат алған баланың туыстары 11 миллион теңге көлемінде шығын төлеуді талап етуде.

Мадина Абдукадирова

0
404
0