Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
02:55, 07 октября 2015

ПЕДОФИЛҒА ТӨТЕП БЕРГЕН ЕКІ ЖАС БАТЫР

Зейінов Шанбон және Саятов Әлішер 4-сынып оқушысын әлімжеттік жасамақшы болған жерінен құтқарып қалды. Оқиға орнына бірден құқылы орган сақшылары келіп, педофилды тұтқындады.

ЗКТ: Таңертең мектепке келе жатқан екі оқушы бүлдіршін қызды бейтаныс кісі сүйрелеп жатқанын көреді. Бірден көмекке аттанып, оқушыны құтқаруға тырысты. Алкоголді сусынға қаныққан кісіні бірден жерге құлатқан тұста өзге ата-аналар да көріп көмекке келді.

СНХ: ((ӘЛІШЕР САЯТОВ, ШАНБОН ЗЕЙІНОВ – 52-МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ //00-03 Осы оқиға болған кезде біз үйден шығып келе жатқанда бір мас осы жерден кішкентай қызды сүйреп алып кетіп баратты. Біз әкесі ма деп ойладық. Ол кісі менің қызым, жұмыстарың болмасын деді. Қыз бұл менің әкем емес құтқарыңдар деді. Ол қызды тартып алдым да масты арқаға қарай итердім. Ол маған қолын көтермекші болғанда Алишер қолын ұстап қалды. Аяғынан шалғанда осы жерге құлады.00:45))

ЗКТ: №-52 мектеп-гимназиясы 2006-жылдан бастап оқушы тәрбиелеп келеді. Мектеп әлеуметтік, классикалық және креативтік функцияларды атқарады. Оқушының сабақ үлгеріміне қарап, шығармашылық қасиеттерін дамытып, әлеуметтік жағдайын зерттейді. Дәстүрге айналған сынып-сағаттары да көп өтеді. Баланың елін сүюге, халыққа адал қызмет етуге, жақсы оқуға және жан-жақты дамуына зор ықпал етеді. Бүгін де 1700 оқушы тәрбиеленуде.

СНХ:  (( ҰЛБОСЫН БЕКМЫРЗАЕВНА - №-52 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ // 02:28 Бұл қыз-балаға әлімжеттік жасап, зорлық көрсетіп жатқан тұсты, яғни бұл әлі қараңғы 7-30 – 8 уақыт арасында балалар мектепке келе жатқанда, үлкен адам тарапынан болып жатқан зорлықты көрген Баянсұлу есімді қызды құтқарып көмектескен. Осы балаларды мектеп арасында марапаттап, басқаларға үлгі етіп қойдық. 03:13))

ЗКТ: Батыр атанған балалардың анасы Гүлнар Төлегенқызы ханым осы жәйітке құлақтанған кезде Әлишер сынды азаматты тәрбиелеп жатқанына қатты қуынды.

((СНХ: ГҮЛНАР ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ – ӘЛИШЕРДІҢ АНАСЫ // 01:17 Есімді жиғанда қатты қуандым, менің баламның сондай батылдығы бар екеніне. Әр балаға олйа тән болмайды ғой. Сондықтан, ішімнен қуанғаныммен балама айтқан жоқпын. Ер баланың істеген ісі ғой, мінезіне қарай солай болған шығар деп ойладым. Мақтамадым, жарайд балам, байқап жүр дедім. 01:44))

ЗКТ: Бойында ерлігі бар, жұртшылықты дүр сілкіндірген оқиға қарашада дүлей дауыл күнінде орын алды.

 

Болат Шайхинов(оператор), Мадина Абдукадирова

 
0
571
0