Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
08:30, 22 сентября 2015

Сабина Алтынбекова жапон волейбол клубына ауысты

Blog post image
Қазақстан волейболшысы Сабина Алтынбекова GSS Sunbeam жапон волейбол клубының намысын қорғайтын болды. Бұл туралы клубтың ресми сайтында жарияланды.

Спортшы аталған клубта 1 ай бойы жаттығып келген. Биыл қарашада клуб спортшылары V.Challenge Ligue чемпионатында бабын сынайтын болады.

Өзінің блогында қазақстандық спортшы жаттығу 8 сағатқа дейін жалғасатынын айтқан. Айта кетейік, Сабина Алтынбекова 2014 жылы Қытайда өткен Азия жастар чемпионатында көзге түскен. Қытай журналистерінің обьективінен түспеген бойжеткен аз күнді әлемге танымал болды.

   
Басты сөздер: Спорт
 
0
1220
0