Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
3
08:51, 16 сентября 2015

Ана тілім — айбыным...

Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.

Әр адамның өз ұлты, өз ана тілі бар. Бірақ барлығымыздың туған жері мен ана тілі тең емес. Кейбір адамдар бір жерде туып, басқа елде өседі. Менің жағдайым да осымен сәйкес. Ұлтым -  армян. Бірақ Қазақстанда туып, өмір бойы қазақ жерінде тұрамын. Осымен шың жүрегімнен мақтанамын. Себебі Қазақстан - әлемдегі ең көп ұлтты мемлекет. Менің ойымша, ұлт өкілдерін тек қана ортақ жері емес - ортақ тарихы, дәстүрлері, өмірге көзқарасы біріктірді. Ал жоғарыда аталған белгілердің ең маңыздысы - қазақ тілі. Қазақтардың «тіл - достықтың көпірі» деген сөздері бар. Рас айтқан: еліміздің әр азаматы қазақ тілін үйренуге тырысады. Мен де қазақ тілін өз ана тілім деп есептеймін. Оны армян тілінен жақсырақ білемін, өйткені қазақ тілін түсіну - менің парызым.

Blog post image

Көп шетелден келген адамдар да қазақ тілін оқиды. Академик Радлов қазақ тілін «азиялық француз тілі» деп атады. Себебі ол қызықты, бай, жақсы дыбысталатын, өзіндік тіл. Айтпақшы, қазақ тілі өте оңай: ұзақ уақыт бойы оны пайдаланбай, әйткенмен еске түсіресің.

Менің бір сезімім бар. Оны түсіндіре алмаймын. Шың айтқанда, қазақ тілін өте жақсы көремін. Бала бақшаға барған кезінен бастап. Сол себептен мектепте осы пәннен көп олимпиадаларға қатыстым; сол себептен басқа ортада қазақ тілін сағынамын.

Өйткені қазақ тілі  - менің ана тілім.

 
3
17223
0