Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:04, 16 сентября 2015

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Blog post image
Ханты-Мансийск қаласында шахматтан 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында қыздар арасында Жансая Әбдімәлік үшінші орын иеленді.

Бұл жарыста 10 ұпай жинаған Украина шахматшысы Наталья Букса жеңімпаз атанды. Екінші орында — 13 ұпайдың 9,5 ұпайын жинаған ресейлік Алина Бивол. Үшінші орынды 9,5 ұпаймен Жансая Әбдімәлік жеңіп алды, деп жазады Sports.kz.

Чемпион атағынан басқа, шахматшылар сондай-ақ ұйымдастыру комитетінің жүлде қорын таласқа салды. Оны алған орындарына байланысты әлем чемпионатының ер адамдар мен әйелдер арасындағы жарыстардың жүлдегерлері бөліп алады.

   
Басты сөздер: Спорт
 
0
1182
0