Өнердің құнын түсірмесе болғаны

Алия June 16, 2010
7607
0
0
0

Жасырын жарнама немесе Продакт плейсменттің қазақстандық кинодағы қадамдары жайында саясатшы, танымал блогшы Әділ Нұрмақовтың пікірі: "Продакт плейсмент екі жағдайда қолданылады - шығындардың бір...

Жасырын жарнама немесе Продакт плейсменттің қазақстандық кинодағы қадамдары жайында саясатшы, танымал блогшы Әділ Нұрмақовтың пікірі:

"Продакт плейсмент екі жағдайда қолданылады - шығындардың бір бөлігін өтеу үшін, немесе кино не бейнеклип жасап отырған топ пен танымал бренд арасындағы байланысты көрсету үшін; орындаушы/режиссердің танымал брендке жылы көзбен қарайтынын көрсету мақсатымен де жасалынуы мүмкін.

Бірақ бізде танымал брендтер жоқ болғасын, біріншіден, экономикалық жағдай негізінде қарастырайық. Мысалы, "Қайрат - чемпион" Қазақстан бойынша пайда тапқан кинокартиналар ішіндегі чемпиондығымен қатар, пленканың шаршы метріне жасалған Продакт-плейсмент саны бойынша да чемпион. Сол сияқты, Ақан Сатаев түсірген фильмдердің бірінде танымал минералды судың сауда маркасы көрсетілгені жайында да айтуға болады. Басқа да мысалдар жетерлік, мысалы, "Афалинаның қарғуы". Алайда, мұнда фильмнің авторы өзімен үлестес брендтерді көрсеткен жағдайдың мотивациясына куә болдық. Әзірге нақты сандар мен статистикалық мәліметтер болмаса да, бұл әдістің келешегі туралы өз ойымды айтайын: кинематографқа салынған инвестициялардың ұлғаюы мен туындылардың сапасы шетелдік компаниялардың Қазақстандағы өкілдіктерінің назарын өзіне аударуы мүмкін".

"Қазақстан Іскері" газеті үшін

Оцените пост

-9