Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:34, 01 июля 2015

ИНТЕРНЕТТЕГІЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ

Жаһандану мен жаппай ақпараттандыру заманы адамзатты белгілі біртұтас, тығыз жүйе – интернет, ақпараттық желі секілді жаңа бір құбылысты біздің өмірімізге әкелді.

«Интернет»  ғаламдық желісі үнемі жетіліп отырады. Онда әрдайым жаңадан ақпараттар мен жаңа сервистер пайда болуда.

Соңғы жүз жыл барысында ақпараттармен еркін алмасу, сонымен қатар сол ақпараттарды тарату мүмкіндігі қарқынды өсіп келеді. Егер де, радио ойлап тапқаннан кейін тек 38 жыл өткенсоң бүкіл әлемдегі радиотыңдармандар саны 50 млн. адамды құраса, телевизияда 13 жылда құрады. Ал,«Интернет»ғаламдық желісінің пайдаланушылар саны интернет пайда болған кезден бастап 4 жылдың ішінде ғана осындай көрсеткішті құрады. Сонымен, қазіргі кезде компьютерсіз өмірді елестету қиын екендігін байқап отырмыз.

Біздің кезеңде әрбір адам кез келген ақпаратпен қажетті мөлшерде таныса алады. Адамдар білімнің шыңына жеткен тәрізді – бәрі қолжетімді, тек ғаламторға кіріп, қажетті мағлұматты іздесе болғаны. Бастысы, сұрақты дұрыс жазу. Бірақ, әрбір ақпарат пайдалы емес екендігін естен шығармау қажет. Ақпараттық революция өз кезегінде проблемалар туғызып жатқаны айғақ. Бірінші мәселе – терроризм мен экстремизмніңғаламтор желісінде көп таралуы.

XXI ғасырдың ең қауіпті қатері террористтік топтар мен ұйымдардың Интернет ғаламдық желіні қолдануы болып табылады. Интернет жүйесіне теріс, арам пиғылды жүзеге асыратын топтар еркін еніп, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен тұтастығына, халыққа зиянын келтіруде.

Интернет теріс пиғылды топтарға ерекше мүмкіндік береді. Осы арқылы олар өздерінің бұрыс саясатын жүзеге асыруда. Интернеттегі бейнероликтер, сайттар адамдардың санасын жаулап, өз ұстанымдарын насихаттайды. Сонымен қатар, қару-жарақтарды, қажетті техникалыққұралдарды әзірлеп, қалай қолдану керек екендігін нұсқап, үйретеді.

Осы интернет кеңістігіндегі діни экстремизм мен терроризмнен туындайтын қауіп-қатерлерге бөгет жасау мен алдын алудың әдістері құқықтық база қалыптастырған. Қазір экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама жүзеге асуда.

Қазіргі кезде интернет ғаламдық желісінде жүзеге асырылатын ақпараттық-насихат жұмыстарын жетілдіруге баса назар аудару қажет. Туындайтын тосқауылдардан алдын алу жұмыстарына тұрғындардың арасында әсіресе жастарды тарту қажет. Сондай-ақ, халықаралық қауымдастықтармен күштерді біріктіріп, осындай жұмыстарды дамыту мақсатында тәжірибелермен алмасып отыру керек. Бұқаралық ақпараттар құралдары мен мемлекеттік институттар арасында тығыз жұмыстар жүргізілуі қажет.

ҚР МСМ ДІК Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы

Талдау жұмысы бөлімінің аға сарапшысы

М.М. Еденбаева

 
0
329
0