Ішкі істер министрлігінің Қазақстан Республикасы аумағында электрошокты қаруларды өткізу туралы жүгінуі

Полиция ВКО 2015-6-16 21:33
177
0
0
0

Интернет желісіндегі жарнамаларды талдау «Жекеленген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (әрі қарай - Заң) жеке және заңды тұлғалардың, оның...

Интернет желісіндегі жарнамаларды талдау «Жекеленген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (әрі қарай - Заң) жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының резидентті емес тұлғалардың фонарь, оттық, ұялы телефон және т. б. заттарға ұқсастығы бар электрошокты қаруларды ерікті түрде өткізуі бөлігін  бұзушылықтарды көрсетеді.

Заңға сәйкес, электрошокты қару азаматтық және қызметтік қарулар санатына жатады, сондықтан ішкі істер органдарының рұқсаты бар арнайы қару сататын дүкендер арқылы сатылуы және сатып алынғаннан кейін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында тіркелуі тиіс.

Қаруларды пошта арқылы (олардың негізгі (құрамды) бөлімдерін) және олардың патрондарын жіберу, сонымен қатар  халықаралық поштамен жіберуге тыйым салынады.

Азаматтық және қызметтік қаруды шеттен әкелу және шығару экспорт, импорт линцензиясы және қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде жүзеге асырылады. Қорытындыны алу үшін Қазақстан Республикасының салық заннамасына сәйкес мемлекеттік баж өндіріліп алынады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Қазақстан Республикасы кодексінің 482-бабының бірінші тармағына сәйкес ішкі істер органдарында тіркелмеген қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдау бойынша қару тәркіленіп, 20-дан 40-қа дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік жауаптылық көзделген.

Заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған тұлға, егер оның әрекеттерінде өзге де құқық бұзушылық құрамы болмаса, әкімшілік жауаптылықтан босатылады.

Баяндалғанға байланысты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жеке және заңды тұлғалардың Заң талаптарын сақтауын, электрошоқты қаруларды заңсыз иеленіп алу, беру, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдау фактілері туралы «102» нөміріне хабарлауды сұрайды.

Барлық сұрақтар бойынша жергілікті ішкі істер органдарына жүгінуге болады.

Оцените пост

0