Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
13:32, 14 июня 2015

Біз бала қалай тәрбиелейміз????????

Сәлеметсіздер!!!!!!!

Бала тәрбиесіне Қазахстанда ерекше көңіл бөледі деп айта алмаймын. Көшеде жүргенде, қоғамдык мекемелерде, көлікте, балалар ойнайтын алаңда, ана мен бала арасындағы әр түрлі жағдайлар көзіме түсіп кетеді. Менін айтайын дегенім біреулері мынаны тиме, мынаны ұстама, үйтпе, бөйтпе деп сөгіп салады. Ол бала табиғаты ғой сондай, көріп, ұстап даму, ал біз ұрысып шектеу саламыз.  Әрине, жоқ деп айту керек, бірақ ол сөзди басқасымен алмастыруға әбден мүмкін. Бәрімізде совет үкімет тәрбиесін алдық, бәріміз деп айта аламын, себебі одан түбегейлі айрылуға уақыт керек. Менің мамам айтады немересіне: немерем ақылды, айтқанды тыңдайтын адам болып өседі деп (әрине арасында т.б. сөздері көп). Мен ана ретінде болашақта түсініспеушілік болмасын деп арамызда жауап қайтардым: маған робот керек емес, отыр десем отырып тұр десем тұратын, маған рухани байлығы зор, өзіне сенімді, достары көп, олардын арасында беделі бар тұлға керек дедім, сондай адам болу үшін баламды өзіме бағындырып өсірмейм, тұлға ретінде сыйлап тәрбие беру керек дедім. Күнде балама ЖОҚ ЖОҚ десем ондай боларына күмәнім бар.

Болашақта баланың табысты болуына менің зерттеулерім бойынша Эмоциялық IQ жоғары болу керек екен, ол дәлелденген факт. Табысты деп отырғаным тек материалдық жағынан емес, эмоциялық түрде жетілгені. Адам өміріне басқалармен тіл табысып, көңілінен шығуы маңызды, оған қоса білімді болуы нұр үстінен нұр. Көп адамның аузынан естимін, мектепте үшке оқып еді, ал қазір көп жетістікке жетіпті деп. Ол осынын дәлелі. Менін ойымша тек қана баланы қоғамда ұстау білуі емес, рухани байлығына көп көңіл бөлу керек. Біріншіден өзің ді емес басқаларды ойлау керек, сонда қоғамда сыйластық пайда болады. Мысалы: автобуста жастарды айтпаймын оларда күнә жоқ, үлкендердің өздерін адамды ұялтады. Не ексен соны егерсің, бізде сондаймыз (жастар). Арине бұнын бәрі оңай нәрсе емес, ата ананың өз іс әрекеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Ағылшын мақалы айтады, баланы тәрбиелеме өзіңді тәрбиеле, ол бәрібір саған ұқсап бағады дейді.

Рахмет

 
1
891
0