Министрмен кездесу

Асхат Еркімбай 2010 M06 4
1005
8
0
0

"Казконтент" АҚ-ы Қазақстан сайттарына қолдау көрсетудің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырмақшы. Бүгін министрмен кездесу болып өтті. (орыс.тілінде) Әзірге сайттарға 6 айға тегін VPS берумен...

"Казконтент" АҚ-ы Қазақстан сайттарына қолдау көрсетудің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырмақшы. Бүгін министрмен кездесу болып өтті. (орыс.тілінде)

Әзірге сайттарға 6 айға тегін VPS берумен шектелуде. Арасында біздің www.minber.kz сайты да бар. Менің ойымша, қазақша сайттарға қолдау көрсетемін десе, бірінші кезекте осы тектес қолдаулар қазақша болғаны орынды болар еді. Әйтпесе, сол VPS-ке тіркелу үшін ағылшынша мен орысшаң жетік болуы керек. Егер Қазақ интернетін дамытамын деген ниеті шын болса, қазақ тіліне немқұрайлы қарамағандары орынды. Сол кезде, қазақша сайт жасап жүрген шетелдегі қандастарымыздың әлеуетін Қазнет дұрыс бағамдар еді.

Бірақ бұл қолдаудың басы ғана болар деп сенейін. Әліптің артын бағайық. Алты айлық тегін VPS-ке ешкім де алданып қалмас ;)

Оцените пост

0

Комментарии

0
"Әліптің артын бағайық" дегеніңіз жөн. Әзірге нақты бірдеңе айту қиындау.
0
Дегенмен негізгі кемшіліктерін (қазақ тіліне қатыстысын айтамын. Бағдарламаның мәтінін қазақшалап дегендей) жөндесе болар еді. Әйтпесе, "мемлекеттік қолдау" деген аттарына заттары сай болмай тұрғаны :)
0
Еее, "Айта, айта Алтайды, Жамал апай қартайды" деген сөз бар емес пе халық арасында. Дегенмен, тоқтамау керек.
0
Хех. Geldora засветилась :)
Показать комментарии