Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:16, 25 мая 2015

Семейдің жаңа шағын ауданында 50-ге жуық көппәтерлі үйлер салынады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Қарағайлы шағын ауданы құрылысының жоспарын дайындауды тапсырды.

ШҚО Ақпарат орталығының хабарлауынша, Қарағайлы ауданы құрылысының жобасы облыс басшысына мемлекеттік және жеке әріптестік жобасы бойынша салынған үйдің құрылысын көру кезінде ұсынылды. Архитекторлардың жоспарлары бойынша, жаңа шағын ауданды 50-ге жуық көппәтерлі үйлер салынады.

«Барлық құрылыс кешендерін осы жерге жұмылдыру керек. Шағын ауданды аралуанды етіңіздер. Келесі жылы біз жаппай құрылысты бастауымыз керек. Ол үшін барлығы дайын болуы керек, ең бастысы өте қызықты архитектуралық келбет болуы қажет. Түсін өзгертіңіздер, жаттанды, біржақты болудан аулақ болған жөн. Біздің барлығымыз қуанатындай етулеріңіз керек қой. Биылғы жылдың шілдесіне дейін 10 іріпанельді, 10-15 кірпіш үйлердің жобасын дайындаңыздар»,-деді Д.Ахметов.

Облыс әкімдігі таратқан мәліметтер бойынша, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және осы уақытты үйлердің төменгі қабаттарынан кеңселер мен дүкендер орналастыру жайы талқылануда. Қарағайлы шағын ауданы Семейдің солтүстік жағында Энергетик ауылынан кейін орналасқан. Бұл жерде осы кездің өзінде «Назарбаев интелектуалдық мектептерінің» ғимараты мен медицина қызметкерлеріне арналған жатақхана салынуда. Сонымен қатар, тағы гематологиялық және бейімдеу орталықтарын салу жоспарда бар.

 

Ақпарат көзі strategy2050.kz

 

0
298
0