Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:23, 26 мая 2015

Қатар Әмірі ҚР Президентінің арнайы өкілін қабылдады

Қатар Әмірі ҚР БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын ілгерілету бойынша ҚР Президентінің арнайы өкілін қабылдады, деп хабарлады ҚР СІМ.

ҚР БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын ілгерілету бойынша ҚР Президентінің арнайы өкілі, ҚР СІМ орынбасары Асқар Мусинов Қатар Мемлекетінде сапармен келіп, Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танидің қабылдауында болды.

Кездесу барысында қазақстан-қатар ынтымақтастығының мәселелері талқыланды. Әмір өзінің 2014 жылғы қаңтарда Астанаға өткен сапарының нәтижелерін жоғары бағалай отырып, ү.ж. жоспарланып отырған мемлекет басшысының Қатар Мемлекетіне сапары барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен қайта жүздесетіндігін атап өтті.

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын ілгерілету бойынша, шейх Тамим бен Хамад Әл Тани Қатар Мемлекеті Қазақстанның БҰҰ аясындағы және халықаралық аренадағы қызметтері нәтижелерін жоғары бағалай отырып, алдағы дауыс беру шаралары барысында Қазақстан Республикасының кандидатурасын міндетті түрде қолдайтындықтарына сендірді.

Сонымен бірге, Қатар Әмірі Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам Ұйымын құрудың маңыздылығын, ҚР Президентінің дер кезіндегі бастамасы болғандығын және Қатар жақын уақытта бұл ұйымға қосылып, Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам Ұйымының Астанада ү.ж. күзде өтетін Бас Ассамблеясына қатысатындықтарын атап өтті.

Сондай-ақ, Қатар Әмірі Астанада өтетін ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмеге қатысуға қызығушылық танытатындығын жеткізді.

Өз кезегінде, А. Мусинов шейх Тамим бен Хамад Әл Таниге Астана қаласында мектеп және Семей қаласында Республикалық сауықтыру орталықты салуға қатысты қабылдаған шешімдері үшін алғыс білдірді.

Сол күні А. Мусиновтың ҚМ Сыртқы істер министрі доктор Халед әл-Атыйямен кездесуі өтіп, екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың жолдары мен ҚМ Сыртқы істер министрінің Астанаға сапарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

 

Ақпарат көзі strategy2050.kz

 

0
374
0