Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:15, 29 мая 2015

Беларусь ЕАЭО аясындағы өзара сауда-саттықтағы кедергілерді алып тастауды ұсынды

Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Андрей Кобяков Еуразиялық үкіметаралық кеңес барысында ЕАЭО аясындағы өзара сауда саттықтағы кедергілерді алып тастауды ұсынды.

«Еуразиялық интеграция мәселесі біздің үкіметтердің назарынан тыс қалған емес және баяғыша өте маңызды. Біз өзара сауда саттықта баға беруіміз керек. Еркін сауда саласында Еуразиялық интеграцияда айтарлықтай ілгерішулік бар. Алайда, көптеген мәселелерге байланысты Одақ ішіндегі сауда мәселесі алаңдатушылық тудыруда. ЕЭК аталмыш салада жан-жақты баяндама дайнындады, онда аталмыш саланы оңтайландыру бойныша шаралар кешені көрсетілген», - деп хабарлады А.Кобяков.

Оның айтуынша, Одаққа мүше мемлекеттердің орталық банктері мен экономика министрліктерінің макроэкономикалық реттеу қарым-қатынастырының тиімділігі мен жеделділігін арттыру бойынша қосымша шаралар туралы мәселе өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ.

«Даму факторының бірі  - өзара саудадағы кедергілерді алып тастау. Рас, кейбір салада экономикамызды бейімдеу үшін біз жылдам әрекет етуге дайын емеспіз, сондықтан комиссияға ортақ бір шешім жасақтауды тапсырайық, сонда бәріміз осы бағыт бойынша әрекет ететін боламыз», - деп толықтырды А.Кобяков.

Ақпарат көзі strategy2050.kz

 

0
161
0